Бүгінгі сабақта:
- Scratch (скретч) программалау ортасында өз ойынын құрастырады.
Тірек сөздер:
- өз ойыным – своя игра – my game
Сабақтың барысы
- Scratch программалау ортасында өз ойыныңды құру қаншалықты қиын деп ойлайсың?
Сендер өткен сабақта логикалық және салыстыру операторларымен таныстыңдар. Бүгінгі сабақта Scratch программалау ортасында басқару блоктары мен операторларды қолдана отырып ойын құрастырып көрейік. Ойын құру үшін алдыңғы сабақтағы сценарийді қолданамыз. Сценарий негізінде төмендегі қадамдар арқылы «Мақал-мәтелдің жалғасын тап» ойынын жасап көреміз.
Сценарийді сілтемені басу арқылы жүктеп алуға болады.

Ойынның шарты:
Эбби өзінің досы Дэвинге мақал-мәтелдерді аяқтау бойынша сұрақтар қояды. Дэвин мақал-мәтелдің жалғасын дұрыс тауып, ұпай жинауы қажет. Әрбір дұрыс жауап үшін Дэвинге 1 ұпай беріледі.
«Мақал-мәтелдің жалғасын тап» ойынын жасау үшін төмендегі қадамдарды орында:
Қазіргі таңда ең танымал онлайн ойындардың бірі – Brawl Stars. Бұл ойынның танымалдығы соншалықты, оның туған күні де бар. Оның туған күні – 12 желтоқсан 2018 жыл.
операторын екі мәннің өзара тең немесе бірі екіншісінен артық не кем екендіктерін анықтау үшін қолданады.
операторының көмегімен нысандардың өзгеруіне жағдай жасалады.
- Костюм ауыстыру
- Салыстыру операторы
- Логикалық оператор
- Кірістірілген цикл

Жауабы: .
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Бағалау
Бүгінгі сабақтан алған әсерің...
![]() | ![]() | ![]() |