Параграф 2.6 (цифрлық сауаттылық 4 сынып)

§6. Өз ойынының сценарийі

Бүгінгі сабақта: 

  • Microsoft Word мәтіндік процессорында кесте құруды үйренесің; 
  • кестеде ойын сценарийін жасай аласың. 

Тірек сөздер:

  • кесте – таблица – table 
  • сценарий – сценарий – scenario

Сабақтың барысы

  • Өз ойыныңды жасау үшін алдымен не істеу керек деп ойлайсың? 
  • Ойын сценарийін жасау есіңде ме? Оны қалай жасауға болады?

Бүгінгі сабақта біз болашақ ойынымыздың сценарийін жасап көреміз. Сценарийді MS Word-та жасау ұсынылады. Ойын сценарийін 1-тапсырмадағы қадамдар арқылы кесте түрінде жасап көреміз. Сценарийдің кестесі мен құрылымына зейін аудар.

Ойын сценарийі – ойын құрастыру үшін алдын ала құрастырылған жоспар.

Ойынды жасамас бұрын ойынның сценарийін Microsoft Word мәтіндік процессорында жасауға болады. Сценарийді кесте түрінде MS Word-та жасай аласың. MS Word-та кестені жасаудың бірнеше негізгі жолдары бар ​(1-сурет).

          1-сурет. MS Word-та кестені жасаудың негізгі жолдары               

1-тапсырма

Болашақ ойын сценарийін жасап көр. Ол үшін мына қадамдарды орында:

1-қадам. MS Word мәтіндік процессорын аш.

2-қадам. Жаңа бетке кестені кірістір. Ол үшін: Кірістіру (Вставка) – Кесте (Таблица) – Кестені кірістіру (Вставить таблицу) командасын орында. Ашылған терезеден бағандар мен жолдар санын енгіз (2-сурет).

        2-сурет. Кірістірілетін кестеге бағандар мен жолдар санын енгізу

3-қадам. Төмендегі сценарий үлгісін кестеге жаз. Кестеге қажетті мәліметтерді сценарий үлгісінен қара немесе көшіріп алып кірістір.

4-қадам. Нәтижені файл түрінде сақта.

1. Кестені қандай программада құруға болады?

  • MS Word
  • Scratch 2.0
  • Lego Mindstorms EV3

2. MS Word  мәтіндік процессорындағы сценарий  кестесін салу үшін қолданылатын құрал:

3. Өз ойыныңды жасауда ойын сценарийі не үшін қажет?

  • ойынды жасаудың алдында іс-әрекетті жоспарлау үшін
  • ойынды жасап болған соң тексеру үшін
  • сыныптасыңа нұсқаулық ретінде

3-тапсырма

Өз ойыңдағы ойын сценарийін жасап көр. Ол үшін төмендегі кестені дәптеріңе сал.

Қосымша: файл түріндегі құжатты сілтемені басу арқылы жүктеп алып, дайын үлгіге жазуға болады.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

         Бағалау

Бүгінгі сабақтан алған әсерің...

       Рефлексия

Мен сабақта ... түсіндім.

Менің үйренгім ... келеді.

Менің ... сұрақтарым бар.