Параграф 2.2 (цифрлық сауаттылық 4 сынып)

§2. Кейіпкердің костюмін өзгерту

Бүгінгі сабақта:

  • Scratch программалау ойын ортасында кірістірілген циклды іске асыруды үйренесің.

Тірек сөздер:

  • костюм – костюм – costume
  • кейіпкер – персонаж – character

Сабақтың барысы

  • Цикл дегеніміз не? 
  • Ойын ортасында костюм ауыстыру қаншалықты маңызды? 
  • Анимация құру үшін қандай блоктарды қолданамыз?

Scratch-тегі анимация

Компьютерлік жобаны анимация элементтерінсіз елестету қиын. Анимация (латын тілінен аударғанда "anima" – жан) – қозғалмайтын суреттерді жылдам өзгерту арқылы кескіндерді жандандыру. Бұл қозғалысқа немесе нысанның пішіні мен жеке қасиеттерінің өзгеруін бейнелеу түрі. Анимация алгоритмінің негізі көбінесе бірнеше әрекеттерді қайталау (цикл) болып табылады. Автордың тапсырмасына байланысты анимация алгоритмінің әртүрлі нұсқаларын жасауға болады.

Костюм – бұл спрайттың көзге көрінетін сыртқы көрінісі және ол арқылы әрекеттерді бейнелеуге болады. Барлық спрайттар бір костюммен немесе кейбір спрайттар бірнеше костюммен болуы мүмкін. Жаңа костюмді:

  • Scratch-тегі графикалық редактордың көмегімен жасай аласың;
  • кітапханадан дайын костюмді таңдауға болады;
  • сырттан импорт арқылы жүктеп алуға болады.
1-сурет. Scratch-тегі спрайт кірістіру мәзірі​
2-сурет. Спрайт костюмдері
3-сурет. Scratch-тегі графикалық редактор көмегімен салу

Фон – бұл Scratch-тегі жобалардың артқы көрінісі. Оны өшіруге немесе мүлдем алып тастауға болмайды.

4-сурет. Фонды кірістіру мәзірі​

Scratch-тегі цикл

Циклдер программадағы әрекеттердің белгілі бір бөлігін қайталау үшін қолданылады. Циклдер Басқару блогында орналасқан. Олардың үш түрі бар:

1. Бір немесе бірнеше рет қайталау.

2. Әрқашан қайталау.

3. Шарт орындалған жағдайда қайталау.

Біз мұнда өз спрайтымызды, сондай-ақ оның бірнеше костюмдерін жасаймыз.

1-қадам. Жаңа кейіпкер жасау. Ол үшін сахнаның астындағы спрайт тақтасында галереядан өзімізге керекті кейіпкерді таңда. Бізде мысық кейіпкері қала береді.

2-қадам. Ендігі кезекте программа кодын құрастыр. Бұл программада мысық костюмін ауыстырып, бірнеше қадам жасайды және «Сәлем!» деп айтады.

Бейнематериал. Мысықтың костюм ауыстыруы

Костюм мен фонды ауыстыру блоктары Код бағанындағы Келбет бөлімінде орналасқан. Олар:

Блоктар

Қызметі

Костюм ауыстыру

Келесі костюмге ауыстыру

Сахнаның фонын көрсетілген фонға ауыстыру

Келесі фонға ауыстыру

  • Костюм ауыстыру
  • Келесі костюмге ауыстыру
  • Сахнаның фонын көрсетілген фонға ауыстыру
  • Келесі фонға ауыстыру

Төмендегі циклдер қандай қызмет атқарады?

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

         Бағалау

Бүгінгі сабақтан алған әсерің...

       Рефлексия

Бүгінгі тақырыпты түсінгені, түсінбегені туралы хат қалдырады.

Ұстазға хат

Қосымша: хаттың дайын парақшасын сілтемені басу арқылы жүктеп алуға болады.