Бүгінгі сабақта:
- Scratch программалау ойын ортасында логикалық операторлармен танысып, оларды жүзеге асыруды үйренесің.
Тірек сөздер:
- логикалық оператор – логический оператор – logical operator
- және – и – and
- емес – не – not
Сабақтың барысы
- Scratch программалау ортасында блоктар қандай қызмет атқарады?
- Неліктен әр блокқа түстер тағайындалған?
- Операторлар блоктары жайлы қандай ақпараттар білесің?
Операторлар – бос ұяшыққа енгізілген деректерге математикалық, салыстыру, кездейсоқ таңдау амалдарын қолданатын команда блоктары.
Scratch программалау ортасындағы Код бөлімінде операторлар блоктары орналасқан (1-сурет). Операторлар бірнеше түрге бөлінеді: арифметикалық, салыстыру және логикалық.

Логикалық операторлар
Бүгінгі сабақта Scratch программалау ортасындағы логикалық операторлармен танысамыз. Олар программалау ортасында жасыл түспен боялған. Логикалық операторлардың қарапайым командалары: және, немесе, емес. Саған айтылған ақпараттар ақиқат немесе жалған деп сипатталуы мүмкін. Әңгіме қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Дәл осы қағида сияқты Scratch-те логикалық операторларды пайдаланып, логикалық пікірді анықтауға болады.
Логикалық операторларды пайдалана отырып, біз ақиқат (true) немесе жалған (false) деген пікірлердің нәтижесін алу үшін, қатынастардың, екі немесе одан да көп өрнектердің мәндерін салыстыра аламыз.

Мысалдарға назар аудар!

Шамамен 2000 жыл бұрын өмір сүрген ежелгі грек философы Аристотель «логиканың атасы» саналады. Ол алғаш философия ғылымында дұрыс ойлап, шешім шығару кезінде логикаға сүйену керектігін айтты. Аристотель «логиканың атасы» |
![]() Аристотель (б.з.б. 384–322 жж.)
|
2-тапсырма
«Сұрақ-жауап» жобасы
Төменде программа скриптісі бойынша «сұрақ-жауап» жобасын жасап көр.
![]() | |
![]() | |
![]() | |
![]() | |
![]() | |
![]() |


Жасыл:
Қызыл:
Қызғылт сары:
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Бағалау
Бүгінгі сабақтан алған әсерің...
![]() |
![]() |
![]() |
Рефлексия
«Пойыз» әдісі

Қосымша: суреттің дайын парақшасын сілтемені басу арқылы жүктеп алуға болады.