Бүгінгі сабақта:
- Scratch программалау ойын ортасында салыстыру операторларын қолдануды үйренесің.
Тірек сөздер:
- салыстыру операторлары – операторы сравнения – comparison operators
Сабақтың барысы
- Операторлардың қандай түрлері бар?
- Операторлар блогын не үшін пайдаланады?
- Математикалық амалдар операторларының қызметі қандай?
Біз өмірімізде көп нәрселерге үлкен немесе кіші, ұзын немесе қысқа деген сияқты салыстырулар жасаймыз. Мысалы, сыныптағы ең бойы ұзын оқушыны анықтау үшін салыстыру жасаймыз. Сол сияқты Scratch программалау ортасында операторлардың салыстыру блоктарын пайдалана аламыз.
Оператор блоктары ақиқат немесе жалған атты логикалық мәндерді қайтарады. Оларды шарт ретінде пайдалануға болады. Блоктардың әрқайсысында сандарды, мәтіндерді жазуға болатын екі ұяшық бар. Онда айнымалыларды, логикалық және өлшеу датчиктерін немесе күрделі өрнектерді жаза аласың.


Айнымалыны санмен де, айнымалымен де салыстыруға болатындығына назар аудар. Сондай-ақ шарт орындалмайынша сценарийдің орындалуын шектейтін жаңа команданың жұмыс ұстанымын талда.

1-тапсырма
Төменде программа коды берілген (1-сурет). Олардың арасындағы айырмашылық айнымалы мәндерінде: нөл немесе бірлік. Ал біз бос орын басылған кезде немесе тінтуірді басқанда оның мәні өзгеретінін білеміз. Нәтижесінде, программа іске қосылған кезде біз тінтуір арқылы мысықтың бағытын өзгерте аламыз. Программаны аяқта және оның қалай жұмыс істейтінін көр.
2-тапсырма
Тапсырманы мұғалімнің көмегімен орында.
1. Шағын сахна жаса. Оқушы кинотеатрға келеді. Жаңа фильм көру үшін кинотеатр кассасында оқушының неше жаста екенін сұрайды. Егер оқушы 16 жасқа толмаған болса, фильм көруге рұқсат етілмейді; егер 16 жасқа толған болса, фильмге кіре алады.
2. Шағын ойын жаса. Мұнда кейіпкер математикалық есепті қояды (мысалы: 3+5=?, 1+1=? және т.б.). Біз кейіпкердің математикалық есебін шығаруымыз керек. Содан кейін кейіпкер біздің жауабымызға «дұрыс» немесе «жоқ» деп айтуы керек.
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
|
3-тапсырма
Мысық пен марғау сөздеріндегі әріп санын салыстыр (2-сурет). Қалай ойлайсың, не себепті осындай нәтиже шықты?


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Бағалау
Бүгінгі сабақтан алған әсерің...
![]() |
![]() |
![]() |