Параграф 3.7 (Қазақ әдебиеті. 7-сынып)

«КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕРЛЕР» БӨЛІМІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Базарбай сексенге келгенде дүниеге Төлеген келеді ме?
2. Базарбайдың Қаршыға деген ақын уәзірі бар ма?
3. Төлеген әке батасын алмай, алыс жолға жалғыз шыға ма?
4. Бекежан Ақжайық өзенінің бойында Төлегеннің жолын тосып жүре ме?
5. Сансызбай он жеті жасқа келгенде Төлегенді іздемекші бола ма?

  • А) 1 – иә, 2 – иә, 3 – жоқ, 4 – жоқ, 5 – иә
  • В) 1 – жоқ, 2 – иә, 3 – жоқ, 4 – иә, 5 – жоқ
  • С) 1 – иә, 2 – жоқ, 3 – иә, 4 – жоқ, 5 – иә
  • Д) 1 – иә, 2 – жоқ, 3 – жоқ, 4 – иә, 5 – иә
Жоқ, кедей халықты көп көтердім,
Кедей халықты бай қылдым,
Кедей халықты бай қылдым.
Осы сөзімде өтірік бар ма?
Түркі бектері, халқы, бұны тыңдаңдар!..
Ат құйрығын кесу - ....................
Ат сауырын беру - ....................
Еділді қоныс етпеңіз
Жайықты қоныс етпеңіз
Аштарханды қоныс етпеңіз