Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы

Еділді қоныс
етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс
етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек,
Кәпірлер қала
салады.
Аштарханды1 қоныс етпеңіз,
Шәһәрін оның
алады.
Еділді алса –
елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса – жанды
алар,
Жанды алған соң, не қалар?
Ойылды алса – ойды
алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Жаз кіреге
жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы
деп,
Шудасы қалың айырды алар,
Сусынына шай
алар,
Шайнауына май алар.
Ойыл да Қиыл, Жем,
Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы
пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп
қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған
салдары-ай!
Кәпірден теңдік алуға
Қайта келер
деймісің,
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған
хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ
етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі
еді,
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!
Адыра қалғыр
көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған
соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі
едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ
балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек
тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті
кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!..
Бұл қоныстан
кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің
кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен
пайдасын!
Буыршынның1
жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің2 желіп өтер төрт саны,
Бұғының
ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын
құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы,
Айдаса – қойдың
көсемі,
Сөйлесе – тілдің шешені,
Арғымағын жаз жіберіп, күз
мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Екі жылда бір
мінген,
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген
дұшпаны
Қарт бурадай тіздеген
Мен – Қарға бойлы
Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!
1Аштархан – қазіргі Астрахан
1буыршын – төрт жасар түйе
2бөкен – аша тұяқты дала аңы
3-тапсырма.
Жұппен Қазтуған жыраудың монологін диалогке айналдырып, сұрақ-жауап түрінде айтыңдар.
4-тапсырма. Жырда көрсетілген жер-су атауларын картадан тауып, сол кезеңдегі қазақ жерінің ахуалына тарихи сипаттама беріңдер.
5-тапсырма. Жыр жолдарын пайдалана отырып, метафоралар қатарын құрастырыңдар.
6-тапсырма. Қазтуған бейнесіне портреттік сипаттама жазыңдар.
Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер төрт саны,.
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы,
Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – тілдің шешені...
8-тапсырма. Шығарманың жанры мен өлең құрылысына талдау жасаңдар.
1. Менің ойымша, ...
2. Ойымды былай дәлелдеймін: ...
1-аргумент – ...
2-аргумент – ...
3-аргумент – ...
3. Ойымды дәлелдей отырып, мынадай қорытынды шешімге келдім: ...
1-мәтін. Уақыт мөлшері: 13 минут.
... жалғыз қырқар азуы,
... желіп өтер төрт саны,
... ауыр қара мүйізі,
... жалғыз соғары,
... ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу
сырығы,
Айдаса – ... ,
Сөйлесе – ... ,
Арғымағын жаз жіберіп, күз
мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Екі жылда бір мінген,
Жолдасын
жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын
... тіздеген –
Мен – Қарға бойлы
Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!
Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың;
– автор бейнесін анықтайсың.
-
Жорық жыршысы
-
Қарға бойлы Қазтуған
-
Халық эпосын жасаушы
Монолог дегеніміз не?
-
Кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы.
-
Екі адамның кезектесіп сөйлесуі.
-
Бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі.
«Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» қандай үлгіде жазылған?
-
арнау
-
диалог
-
монолог
Таудағы едім,
Тарылған сынды тынысым.
Тақырыбы |
|
Идеясы |
|
Көтерілген мәселе |
|
Буыршынның жалғыз қырқар азуы, Бөкеннің желіп өтер төрт саны, Бұғының ауыр қара мүйізі, Бидайықтың жалғыз соғары... |
|
Адыра қалғыр көк Жайық, Аңырап қалған қонысым! |
|
2-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсың.
Ойылды алса – ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
-
эпифора
-
анафора
-
риторикалық сұрау
Қай үзіндіде Қазтуғанның портреттік сипаттамасы берілген?
-
1. Ақ балтырын түрініп, Басарына ерініп, Көкірегі күйініп, Тек тірлікке сүйініп, Ықтиярсыз жүгіріп...
-
2. Адыра қалғыр көк Жайық, Аңырап қалған қонысым! Қонысымнан ауған соң, Кетпегей еді ырысым.
-
3. Буыршынның жалғыз қырқар азуы, Бөкеннің желіп өтер төрт саны, Бұғының ауыр қара мүйізі, Бидайықтың жалғыз соғары, Қашағанның ұзын құрығы, Ақ орданың тіреу сырығы, Айдаса – қойдың көсемі, Сөйлесе – тілдің шешені...
Үзіндіде қайталаудың қандай түрі кездеседі?
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
-
анафора
-
эпифора
-
риторикалық сұрау
Үзіндідегі теңеуді анықта.
Өзіне тиген дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген –
Мен – Қарға бойлы Қазтуған
-
дұшпанын
-
қарт бурадай
-
қарға бойлы
Метафора кездесетін тармақты анықта.
-
Таудағы тарлан бөрі едім...
-
Адыра қалғыр көк Жайық
-
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген
Қазіргі кезде қолданылмайтын сөздер |
Мағынасы |
|
|
Өзіңді-өзің бағала
