Параграф 2.6 (Қазақ әдебиеті. 7-сынып)

ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ

Қазтуған жырау

Қазтуған Сүйінішұлы – батыр, жырау. Халық арасында «Қарға бойлы Қазтуған» атанып кеткен айтулы жорық жырауы.

Қазтуған жырау – Ноғай ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Қазтуған жырау – жорық жыршысы және халық эпосын жасаушы.

Қазтуған жырау туған жері мен халқы туралы көптеген шығармалар қалдырса да, оның біршама туындылары бізге дейін сақталмаған.

Қазтуған бабамыздың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды шығармаларының дидактикалық ойы, поэзиялық, көркемдік сипаты өте терең.

Монолог – кейіпкердің өзімен өзі сырласа айтқан сөзі, толғанысы.