Жиембет жырау
Жиембет жырау Бартоғашұлы 1570–1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден өткен.
Қазақтың аса дарынды жырауы, биі әрі батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан1 шыққан.Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырлардың жанында жүріп, ел билігіне араласады.
Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дәрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға қатысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын басқарып, жеңімпаз қолбасшы болады.
Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін қайтарады. Жиембет жырау өте әділ, алғыр адам болған.

1ру – арғы атасы бір туыстардың тобы