Александр Сергеевич Пушкин (1799–1837)
Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Орыс ақыны дворян отбасында туып, балалық шағын Мәскеуде өткізген. «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» т.б. өлеңдері, «Руслан мен Людмила» поэмасы, өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы, «Борис Годунов», «Полтава», «Мыс салт атты» және тағы басқа да туындысы арқылы ақын ретінде танылды.
А.С. Пушкин Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш–Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлаған.
Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әрқилы лирикалық өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма – міне, осылардың қайсысын
қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты.

1-тапсырма. А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығына арналған шағын зерттеу жұмысын жүргізіңдер.
2-тапсырма. «Ескерткіш» өлеңін жатқа оқыңдар. Өлеңді орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырып, көркем аударма ерекшелігі туралы айтып беріңдер.
Өзіңді-өзің бағала
