Параграф 5.6 (Қазақ әдебиеті. 7-сынып)

ҚОНАҚТАР

Қонақтар

Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды.
​Ерекең сыртқа шықты. Күншығыс аппақ. Ауа сәл-пәл дымқыл екен. Қолын көлегейлеп, маңайына қарады. Көкжиек шыңылтыр ашық болатын. Бірақ шалға тұманытып көрінді.
​Бір қолымен белін ұстап, шық басқан көк шөптерді таяғымен анда-санда қағып қойып, шабылған бидайдықтың жиегімен келе жатты. Лезде белі ұйып, шаршап қалды. Таяғына сүйеніп аз тұрды да, буындары сытырлап, сүрлеу жиегіндегі төмпешікке келіп отырды...
Ерекең есік алдындағы бөгетке шықты. Әлдебір мұңды әнді ыңылдай айтып, таяғына сүйеніп, біраз тұрды. Өзен жиегіндегі қыстауын көріп, бағанағы кемпірінің сөзін есіне алды...
​Ертеректе, осыдан алпыс жылдай бұрын сонау қыстау маңы тізілген үйлер болатын. Бектемір әулеті тегіс осы араны қыстайтын. Өмір бақи жан-жаққа пышырап көрген емес, ағайыншыл еді ғой бәрі де. Көктемде ел қыстаудан көп ұзамай, өзен жиегіне қаз-қатар киіз үй тігеді. Жиен Қазыбайлар да малы жоқтығын сылтауратып, осында келетін. Ерекеңнің бала кезі. Ауыл жігіттеріне қосылып жылқы бағады.
​Таяғына қаттырақ сүйенген Ерекеңнің жақ еттері жыбырлап, көздері қызарып, жасаурап кетті. Тым әріде, көз нұры, көңіл құрығы жетпейтін тым әріде қалған бейшара бір сағыныш жүрегінің түбін әлсіз түртіп, онсыз да қаусағалы тұрған әдіре қалғыр ит жанын күйзелткендей болды.
​Ол күндердің куәсі боларлық бір пендені тірі күйінде кездестірем бе деген үмітінің шындыққа үйлеспейтінін сезген шал өзін-өзі сөгіп, қай-қайдағы ойдың қайдан келетініне кейіп, шошынып, «алжыппын» деп мойындап, бөгеттен түсті.
​Ерекең шай үстінде көп сөйлемейтін. Сол әдетімен үнсіз тұқиып, қолдарының білеуленген тамырларын ұстап, ақ селеу сақалын сипап, ойланып отыр. Бас жағында сүйеулі тұрған ескі домбыраға шұқшиып қарады, қолына алған жоқ.
​– Бір құй, – деді тершіген ақшыл білегімен кесесін нұсқап, – шөл қанатын емес. Ішім кеуіп кетті.
​– Сапашжандар неге кешікті екен? Кеше емес пе келем дегені.
​– Келетін шығар бүгін.
​– Сен, шал, осы жөніңді айтшы дұрыстап. Осы келгенде Жеңістайды алып қаламын деп тұрсың ба? Жоқ, әлде бірге еріп өзіміз кетеміз бе?
​– «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар», – деп мақалдап, көзін жұмды. Ерекең ұйықтамаса да, көзін жұмып отыруды ұнататын. «Уақыт шіркін зымырап өтті де шықты. Тәңірінің құдіреті күшті-ау. Енді, міне, тірліктегі ырыздық несібенің таусылуы да тақады. Әйтеуір, артымызда бір жаман бар. Тұяқсыз пенде емеспіз... Жылда қолдарына шақырады. – Ерекеңнің ойына кемпірінің сөзі түсті.
​– Уай, ақымақ кемпір. Өлер шақта тұрмыс қуып, тентіреп жүре алмаспын. Ағайын жұрт, өз еліңдей елді табамын деп отырсың ба басқа жақтан... Айдаладағы бір қаладан».
​...Мәшиненің гүрілінен оянды. Шаңқай түс. Іргеге созылған сол қолына күн сәулесі түсіп, қыздырып тұр.
​– Ойбай, бала келіп қалды, – деп кемпір үйге жүгіріп кірді. – Әй, біліп ем ғой бүгін келерін.
​Заматта гүріл үй сыртына келді. Бір-екі рет үстемелете арылдап, өшіп қалды. Мәшинеден улап-шулап түсіп жатыр. Бала дауысы, әйел дауысы... Ерекең қапелімде тұра алмай қалды.
​Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп, ат жақты, қапсағай сары жігітті құшағына қысты. Одан соң омырау, жеңдері ашық, шұбар көйлек киген, шашын қидырған топ-толық, ақ сары, ажарлы келіншекті шіміркеніңкіреп, маңдайынан сүйген болды.
​– Әлгі жаман қайда? Әкеліп пе едіңдер?
​– Әкелдік қой. Әй, Жеңіс қайда? Жеңіс!
​– Жеңіс!
​Жаюлы сөреден құрт алып үлгерген аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды.
​– Бар, бар, атаңа бар.
​Шал өзіне зорға келген немересін бауырына басып, бетінен сүйді. «Ой, тентек, атаны сағынбайсың-ау» деп жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.
​– Кел, келе ғой, әй, – деді есік жақтан көрші кемпірлердің бірі қолын созып. – ІІІалдың баласысың ғой, кел.
​Қитар ұл енді ешкімге бармады. Тіпті шақырған Ерекеңнің өзіне де жолаған жоқ.
​– Келсеңші, ей, жаман неме. Өзі қазақша білетін бе еді, Сапабекжан? – деп әлгі кемпір қапсағай сары жігітке қарады.
​Сапабек алдына келген баланың қысқа кекіліне қолын тигізіп:
​– Ептеп түсінеді, – деді.
​– Қой, қазақша үйретіңдер.
​– Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған кінә жоқ, – деп Сапабек қазақша білмейтініне риза болғандай күлімсіреп, ақ сары келіншегіне қарады. – Тома, мынаның бет-аузы кір, жуындыршы, – деді орысшалап.
​Көп ұзамай ауыл қонақтары да жиналып қалды. Сөйлеп отырған Сапабек.
​Бұдан соң Сапабек дүйім жұртты аузына қаратып, өзінің Лондонға, Будапештке, Мароккоға, Италияға барған сапарларын әңгімеледі. Бөтен, жат халықтың дәстүрін, мәдениетін, адамдарын мақтады. Италиядағы кедейлердің ауыр тұрмысына аяныш білдірді. Шалдарға бұл әңгімені түсіну тым қиын еді. Сондықтан олар жастарға араласпай, өздеріне түсінікті басқа әңгімеге ауысты. Босағада отырған Тома мүлде жалғыз қалды. Қала қыздарына тән епсіздікпен кішкентай қиықша көрпенің үстінде қалай отырарын білмей, біресе қолымен жер тіреп, бір жамбастап, жұрттың сөздеріне толық түсіне қоймай, әркімге бір қарап, үнсіз отырды. Кенет енесінің самауыр көтеріп келе жатқанын көріп, жүгіріп барып:
​– Аже, бер, дайте мне, дайте, – деді елпектеп.
​ Бұрқырап самауыр келді. Қызыл жолақ дастарқан жайылып, майы шылқыған күрең бауырсақтар төгілді. Шайды Тома құйды. Кемпір онша сеніңкіремей, қарсы отырып, қосарланып сүт құйып: «былай, былай, иә солай, сүт құй, ақ су, шай» деп бір-біріне байланыспайтын бір сөздерді айтып отыр. Сөйтсе жақсырақ түсінеді деп ойлайтын секілді.
​Даладан жүгіріп келген қитар ұл Томаның жанына тізерлеп отыра қалды:
​– Мама, мама, ребята идут к озеру...
​– Ты что сума сошел! – деді Тома әрі сөйлетпей. Дауысы шаңқ ете қалғандай болды, өйткені осы кезде шалдар оқыс жалт қараған еді. Тома ұялғандай болып, баласының құлағына зәрін төгіп сыбырлады.
​– Біздің мынау да геолог боламын деп жүр, – деді Сапабек иегімен ұлын көрсетіп.
​– Әке жолын қуайын деген ғой.
​– Бос сөз сөйлемеңдер! – Ерекең жастар жағына зекіп қалды. – Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қу шаңыраққа!
​Жұрттың бәрі тым-тырыс.
​– Жастардың бәрі сол, Ереке, – деді Абыл күрсініп. – Менің әлгі кішкентайым, Құдай-ау, немене дейді... бірдеңе боламын дейді. Мені бақпайсың ба десем, хе-хе-хе... бақпаймын дейді. Хе-хе-хе.
​– Еһ-еһ-еһ... сол-сол.
​Ерекең күлген жоқ.
​– Сонда бұлар кім үшін туған? – деді кейіп. – Кімге керек сонда бұлар?
​Сапабек осы сөздердің тура өзіне айтылып отырғанын мойындағандай, маңайындағыларға көзін қысып, жымиып қойды.
​Ерекең еттен соң ұзын, сүйір аршасымен тісін шұқып отырғанда, Сапабек қайдағы бір қар адамы жайында, Америкадағы ұлттардың теңсіздігі жайында, қазіргі жетілген техника жайында қызық бір әңгімелерді соғып отыр еді.
​– Әй, доғаршы енді, – деді Ерекең шыдай алмай. – Анау өзіміздің Аспандиярға домбыра берші, ән салсын.
​– Ал ән тыңдайық, – деп, қисайып жатқан жұрт бастарын көтеріп алды.
​Иегі шығыңқы, ірі, қапсағай жігіт кішкене ескі домбыраның ішектерін арбиған саусақтарымен еріне шертіп, құлағын бұрады. Біраз дыңылдатып отырып, сен үшін айтып отырмын дегендей Сапабекке қарап, жуан қоңыр дауыспен жеңіл бір әнді былқылдатып бастап кетті. Әнді толық айтпай, ортасынан үзіп тастап, домбырасын қайта бұрады.
​Ерекең ашық түндіктен жұлдыздарға қарап жатқан. Әлдеқалай көңілі онша көтерілмей, немересінің шақырғанға келмегеніне, келінінің аяқ-қолының жалаңаш отырғанына, Сапабектің таусылып бітпейтін мылжың әңгімесіне қырыстанып отырған.
​– Әй, айтатын болсаң, айтсаңшы, – деді ақырып. – Кешегі әкең Дүйсенбі домбыра саусағына тиер-тиместе айғайлайтын. Неден мұнша жаман болып тудыңдар.
​Аспандияр бағанадан осы сөзді күтіп отырғандай, домбыраны тырнаңқырап қағып-қағып жіберіп, тамағын кенеп алды. Кенет соншалықты зор, биік дауыспен шырқай көтеріп, тынып қалып, домбыраны қайта сөйлетті. Одан соң алғашқы ащы айқайға түк қатысы жоқ жоғарғы ішектен күмпілдеген бір әнге ілесіп кетті.
​Аспандияр термені аяқтап, домбырасын қайта тыңқылдатып, аз-кем отырды. Сырттан ән тыңдауға келген қыз-келіншектерге есік жақтан орын болмай, қайсыбіреулері үйге кірмей, даладан сығалап тұр...
​Біраздан соң қонақтардың бәрі тарқап, үй іші өздерімен өздері қалды. Өз төсегінде малдасын құрып отырған Ерекең:
​– Тағы бір қонып кетесіңдер ме? Жоқ, боласыңдар ма біраз? – деді баласына тура қарап.
​– Ертең жүруіміз керек. Отпускамыз бітті, көке-ау. Онсыз да кешігетін болдық. Курорттан қайтарда сіздерге соға алмай кетеміз бе деп әбден састым өзім. Жол бойында ұшаққа отырудың өзі Құдайдың бір азабы, халық көп...
​– Баланы ше? Жеңісті тастап кетпейсіңдер ме? Екеуден-екеу қашанғы отырамыз сойдиып.
​– Оны өздерің білесіңдер, мазаларыңды алады демесеңдер...
​Ерекең үндеген жоқ. Төсегін салдырып, жатып қалды. Бірақ ұйықтамады. 
​Ертеңіне тұрысымен Сапабек қайтуға жиналды. Әке-шешесіне алған базарлықтарын, біраз жинаған ақшаларын қалдырды... 
​Ерекең төмен қарап, үн-түнсіз ұзақ отырды.
​– Алып кет өзіңмен бірге, – деді бір кезде дауысы қарлығып. – Оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп шығар.
​Сапабек тағы да қынжыла күлді.
​– Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе...
​– Бар, бар, алып кет, – деді Ерекең. – Жолдарың болсын!
​Түстен кейін жалдап алған мәшинелерінің кабинасына Жеңіс пен Томаны отырғызып, сыртқа Сапабектің өзі отырып, әке-шешелерімен тура өткен жылғыдай сүйісіп қоштасып, «ренжімеңдер» деп ақыл айтып, ауылдан шығып кетті. Мәшине қарасы үзілген кезде ғана кемпір үн-түнсіз жаулығының шетімен көзінің жасын сүртті.

* * *

Келесі күні Ерекең кетпенін1 алып, «қысқа отын жоқ, бар кезінде қи ойып алайын» деп қыстау жанындағы қораға кетті. Уайымын басу үшін тағы да жігіттік дәуренін, бұрынғының адамдарын еске түсірмек болды. Бірақ құлазыған көңіліне ештеңе алданыш болмады. Тек төбесі шұрқ- шұрқ ескі қораның ішіне еніп, қоңырсық иісі мүңкіген қарақошқыл, дымқыл қиға өткір жалпақ кетпенін құлаштай сермеп, жұмысқа кірісіп кеткенде ғана кәрі сіңірлері жазылып, құрыстары тарқап, көңіліндегі ащы уайымы да бірте-бірте жоғала бастағандай болды.

1кетпен – егіншілікке қолданылатын құрал

1-тапсырма. Әңгіменің композициялық құрылымын талдаңдар. Шығармадағы негізгі тартысты анықтап, оның қандай оқиғадан басталғанын айтып беріңдер.

 2-тапсырма

  • Ерекең шай үстінде көп сөйлемейтін. Сол әдетімен үнсіз тұқиып, қолдарының білеуленген тамырларын ұстап, ақ селеу сақалын сипап, ойланып отыр. Бас жағында сүйеулі тұрған ескі домбыраға шұқшиып қарады, қолына алған жоқ.
  • Бұдан соң Сапабек дүйім жұртты аузына қаратып, өзінің Лондонға, Будапештке, Мароккоға, Италияға барған сапарларын әңгімеледі.
  • Түстен кейін жалдап алған мәшинелерінің кабинасына Жеңіс пен Томаны отырғызып, сыртқа Сапабектің өзі отырып, әке-шешелерімен тура өткен жылғыдай сүйісіп қоштасып, «ренжімеңдер» деп ақыл айтып, ауылдан шығып кетті.
  • Заматта гүріл үй сыртына келді. Бір-екі рет үстемелете арылдап, өшіп қалды. Мәшинеден улап-шулап түсіп жатыр. Бала дауысы, әйел дауысы... Ерекең қапелімде тұра алмай қалды.
  • Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды.

 3-тапсырма

4-тапсырма. Сапабек, Тома және оның баласы өзара неге орысша сөйлеседі? Автор оларды орыс тілінде сөйлету арқылы нені көрсеткен? Ой-пікірлеріңмен бөлісіңдер. Өздерің үйде қай тілде сөйлесесіңдер?

5-тапсырма

6-тапсырма

Өз төсегінде малдасын құрып отырған Ерекең:
– Тағы бір қонып кетесіңдер ме? Жоқ, боласыңдар ма біраз? – деді баласына тура қарап.
– Ертең жүруіміз керек. Отпускамыз бітті, көке-ау. Онсыз да кешігетін болдық. Курорттан қайтарда сіздерге соға алмай кетеміз бе деп әбден састым өзім. Жол бойында ұшаққа отырудың өзі Құдайдың бір азабы, халық көп...
– Баланы ше? Жеңісті тастап кетпейсіңдер ме? Екеуден-екеу қашанғы отырамыз сойдиып.
– Оны өздерің білесіңдер, мазаларыңды алады демесеңдер... Ерекең үндеген жоқ. Төсегін салдырып, жатып қалды. Бірақ ұйықтамады.

7-тапсырма

1. Әңгімеде қандай ұлттық құндылықтар туралы айтылады?
2. Ерғабыл не үшін баласының ауылда болуын қалайды? Ол неге бұрынғы ауыл көрінісін елестетті? 
3. Сапабек ауыл адамдарына қандай елдер туралы әңгіме айтып берді? Оның әңгімесіне Ерғабыл неге онша риза болмады? 

4. Аспандиярдың домбырамен ән салғанына қонақтардың риза болғанын автор қандай сөздермен берген?
5. Сапабек өзінің ұлын неге ауылда қалдырмады?

8-тапсырма. Әңгіме оқиғасын өз ойларыңмен қорытындылай отырып, «Ауылым – алтын бесігім» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.

1-мәтін

9-тапсырма

2-мәтін

10-тапсырма. Әңгімені ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, «Әке мен бала» тақырыбында эссе жазыңдар.

11-тапсырма.

Баласыз арқар зарлайды.

Атасы жаман қандай-ды,

Бас білмейтін нардай-ды», – деген Аспандияр әнінің шығарманың идеясы мен эстетикалық құндылығын ашудағы орны қандай? Шағын сыни шолу жазыңдар.

3-мәтін

Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.

1-мәтін. Мәтінді тыңдап, Ерғабылдың ойын баяндап беріңдер. Уақыт мөлшері: 20 минут.

2-мәтін. Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнын ауызша айтып беріңдер. Уақыт мөлшері: 20 минут.

3-мәтін. Мәтінді тыңдаңдар. Сапабек ұлын ауылда қалдыра алмауы туралы қандай сылтау айтты? Қысқаша жазып алыңдар. Уақыт мөлшері: 20 минут.

Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ

Сенің меңгеретінің:

– әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың;

– әңгімедегі автор бейнесін анықтайсың.

  • қаланың тұрмыс-тіршілігі
  • халқымыздың озық салт-дәстүрлері
  • ауыл тұрмысы, әке мен бала қарым-қатынасы
  • Сапабек, Тома, Жеңіс
  • Абыл, Аспандияр
  • ауыл адамдары

Мәтіннен үзінді 

Дұрыс ретін санмен белгілеңдер

Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды.

  

Ерекең шай үстінде көп сөйлемейтін. Сол әдетімен үнсіз тұқиып, қолдарының білеуленген тамырларын ұстап, ақ селеу сақалын сипап, ойланып отыр. Бас жағында сүйеулі тұрған ескі домбыраға шұқшиып қарады, қолына алған жоқ.

  

Түстен кейін жалдап алған мәшинелерінің кабинасына Жеңіс пен Томаны отырғызып, сыртқа Сапабектің өзі отырып, әке-шешелерімен тура өткен жылғыдай сүйісіп қоштасып, «ренжімеңдер» деп ақыл айтып, ауылдан шығып кетті.

  

Заматта гүріл үй сыртына келді. Бір-екі рет үстемелете арылдап, өшіп қалды. Мәшинеден улап-шулап түсіп жатыр. Бала дауысы, әйел дауысы... Ерекең қапелімде тұра алмай қалды.

  

Бұдан соң Сапабек дүйім жұртты аузына қаратып, өзінің Лондонға, Будапештке, Мароккоға, Италияға барған сапарларын әңгімеледі.

  

  • Германия, Италия, Париж, Испания
  • Лондон, Будапешт, Марокко, Италия
  • Марокко, Франция, Украина, Америка
  • курортқа жолдама
  • киімдер, тәттілер
  • базарлықтар, ақша

2-сабақ 

Сенің меңгеретінің:

– көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайсың;

– шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырасың.

  • Ерғабыл қария, Сапабек
  • Тома, Жеңіс
  • Ықылас, Баймағамбет
  • Сапабек
  • Тома
  • Жеңіс
  • Аспандияр
  • ... ат жақты, қапсағай сары жігіт
  • ...омырау, жеңдері ашық, шұбар көйлек киген, шашын қидырған топ-толық, ақ сары, ажарлы
  • ...аяқ-қолы шидей, көзі қитар
  • Иегі шығыңқы, ірі, қапсағай жігіт

...кішкентай қиықша көрпенің үстінде қалай отырарын білмей, біресе қолымен жер тіреп, бір жамбастап, жұрттың сөздеріне толық түсіне қоймай, әркімге бір қарап, үнсіз отырды.

  • Жеңіс
  • Тома
  • Сапабек

– Сен, шал, осы жөніңді айтшы дұрыстап. Осы келгенде Жеңістайды алып қаламын деп тұрсың ба? Жоқ, әлде бірге еріп өзіміз кетеміз бе?..
– «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар...»

  • Сапабектің ата-анасына деген құрметі
  • Қарттардың арманы, соңғы үміттері
  • Ата-ананың қадірі

– Сен, шал, осы жөніңді айтшы дұрыстап. Осы келгенде Жеңістайды алып қаламын деп тұрсың ба? Жоқ, әлде бірге еріп өзіміз кетеміз бе?..


– Уай, ақымақ кемпір. Өлер шақта тұрмыс қуып, тентіреп жүре алмаспын. Ағайын жұрт, өз еліңдей елді табамын деп отырсың ба басқа жақтан... Айдаладағы бір қаладан...


3-сабақ 

Сенің меңгеретінің:

– шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсың.

  • Әйтеуір артымызда бір жаман бар. Тұяқсыз пенде емеспіз...
  • – «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар», – деп мақалдап, көзін жұмды.
  • – Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қу шаңыраққа!

Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды...

  • шөптесін өсімдік
  • егіншілікке қолданылатын құрал
  • мезгіл атауы

«Ой, тентек, атаны сағынбайсың-ау» деп жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.

  

Сапабекке қарап, жуан қоңыр дауыспен жеңіл бір әнді былқылдатып бастап кетті.

  

Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп, ат жақты, қапсағай сары жігітті құшағына қысты.

  

«Жаюлы сөреден құрт алып үлгерген аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды», – деген үзіндідегі теңеуді анықта.

  • сөреден
  • шидей
  • қитар

Тым әріде, көз нұры, көңіл құрығы жетпейтін тым әріде қалған бейшара бір сағыныш жүрегінің түбін әлсіз түртіп, онсыз да қаусағалы тұрған әдіре қалғыр ит жанын күйзелткендей болды...

  • метафора
  • кейіптеу
  • метонимия

– Біздің мынау да геолог боламын деп жүр, – деді Сапабек иегімен ұлын көрсетіп.

Әке жолын қуайын деген ғой.

– Бос сөз сөйлемеңдер! – Ерекең жастар жағына зекіп қалды. – Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қу шаңыраққа!

Өзіңді-өзің бағала