Ескерткіш
Ескерткiш орнаттым
мен қолдан келмес,
Ел iзi оған салған суи бiлмес,
Асқақтап
Александр мұнарасынан
Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес.
Жоқ, өлмен, жаным
жасар өлеңiмде,
Шiрiмей, жасаңғырар денем мүлде.
Бар болса
жалғыз ақын ай астында,
Ардақтап қасиеттер менi әр күнде.
Дабысым ұлы
Россияға кетер жалпақ,
Тiл бiткен жүрер менiң атымды
атап,
Славян елдерiнiң әр ұрпағы,
Қазiргi тағы тұңғыс, қырда
қалмақ.
Халқыма сүйiктi
ұзақ болар жерiм –
Туғыздым өлеңiммен мейiрлерiн,
Жыр етiп
тар заманда еркiндiктi,
Мархабат пақырларға тiлегемiн.
Уа, муза, құлағың
сал, сөзiме бақ,
Жабықпа жәбiрлеуден, тiлеме атақ,
Мақтауды
жаламенен тыңда салқын,
Тiреспе тiл үйiрiп, не десе ақымақ.
(Аударған Ғали Орманов)
3-тапсырма. Берілген шығарманың құрылысы мен идеясына әдеби талдау жасап жазыңдар.
4-тапсырма. Өлеңді аударған Ғали Орманов туралы не білесіңдер? Интернет материалдарын пайдалана отырып, журналистік зерттеу үлгісі негізінде зерттеулеріңді дайындап, жазыңдар.
5-тапсырма. Өлеңдегі «муза» сөзіне анықтама беріп, осы сөз кездесетін өзге қазақ ақындары жырларынан мысал келтіріп, оны мәнерлеп жатқа оқыңдар.
6-тапсырма. Өлеңдегі лирикалық кейіпкер ойын өз сөздеріңмен қара өлеңге айналдырып жазыңдар.
7-тапсырма. Өлеңнің эпилогтік сипатын анықтайтын шумағын тауып, сол шумақты құрылысына қарай талдап жазыңдар.
8-тапсырма. Өлеңдегі көріктеу құралдарын табыңдар.
9-тапсырма. А.С. Пушкин шығармашылығын зерттеген қазақстандық ғалымдар туралы шағын библиографиялық тізім дайындаңдар.
10-тапсырма. Шығарма тақырыбы мен түйінін негізге алып, «Менің туған елімнің дамуына қосатын үлесім» тақырыбына шығарма жазыңдар.
11-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер..
1. Өлеңде орыс халқынан басқа қандай халық аталады?
2. А. С. Пушкин өзінің шығармасын көп халық оқитынын қандай сөздер арқылы береді?
Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.
1-мәтін. «Ескерткіш» өлеңінде не жайында айтылады? Өлеңді лирикалық кейіпкердің монологі түрінде жазыңдар. Уақыт мөлшері: 15 минут.
2-мәтін. Уақыт мөлшері: 16 минут.
1. «Қысқы кеш» өлеңінің негізгі идеясын анықтап, жазыңдар.
2. Өлеңдегі теңеу сөздерді теріп жазыңдар.
3-мәтін. Шығарма үзіндісін қара сөзбен жазыңдар.
Қосымша тапсырмалар
Сенің меңгеретінің:
– шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың.
– поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайсың.
-
Абай Құнанбайұлы
-
Ғали Орманов
-
Мұхтар Әуезов
-
Ескерткiш орнаттым мен қолдан келмес,
-
Асқақтап Александр мұнарасынан
-
Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес
-
Ел iзi оған салған суый бiлмес,
-
славян, тұңғыс, қалмақ
-
қазақ, орыс, қалмақ
-
орыс, қалмақ, қазақ
Ақынның болашаққа деген сенімі берілген жыр жолдарын анықта.
-
Жыр етiп тар заманда ер кiндiктi, Мархабат пақырларға тiлегемiн.
-
Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ, Тiл бiткен жүрер менiң атымды атап.
-
Уа, муза, құлағың сал, сөзiме бақ, Жабықпа жәбiрлеуден, тiлеме атақ.
1. Асқақтап мұнарасынан
Жоғары оқшау шығып, тұрар дербес.
2. Дабысым ұлы кетер жалпақ,
Тiл бiткен жүрер менiң атымды атап
3. Уа, , құлағың сал, сөзiме бақ,
Жабықпа жәбiрлеуден, тiлеме атақ
-
Ғали Орманов
-
Муза
-
Ақынның өзі
Өзіңді-өзің бағала
