Параграф 2.2 (Қазақ әдебиеті. 7-сынып)

«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫ

Кіріспе

Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дария бар еді, осы дария һәммасы1 Қара теңізге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз Жағалбайлы деген ел бар екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарынан еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды. Оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың2 бермеді, тірі болса, өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да, мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір саудагер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады:

– Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз. Шектіден бір қыз тауып қайтасыз, – деді. Төлеген айтты:

– Қанша күнде барамын? – деп. Саудагер айтты:

– Жүз күнде барасың, – деді, – және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар, онымен жүре алмайсың, – деді.

Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тастар орнаттырып, қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғыз түйеге ділда, жамбы артып, наурыз айы туғанда жүрді дейді.

1 һәммасы – барлығы
2қалың – қалыңдықтың әкесіне жігіттің әкесіне беретін малы

Төлегеннің жар іздеуге аттануы

Базарбайдың Төлеген –
​Ерте туған көбеген.
​Сексен жігіт қосшы алып,
​​Он бес жігіт басшы алып,
​​Ақжайыққа жөнеген...
​Айдың өткен нешесі,
​​Ай қараңғы кешесі,
​Падишадан1 кем емес,
​Ер Төлеген келбеті...
​Әулиеге2 ат айтып,
​Қорасанға қой айтып,
​Артынан қуып келіпті,
​Өлгенде көрген шешесі.
​Шешесі келіп сөйлейді,
​Сөйлегенде не дейді:
​ «Мінгенде атың аласын,
​Менен туған баласың.
​Қал дегенде қаласың,
​Айтқан тілді аласың!
​Қал дегенде қалмасаң,
​Айтқан тілді алмасаң,
​Құрттың анаң шарасын!
​Өлгенде көрген қарағым,
​Ата-анаңды зарлатып,
​Қай жаққа кетіп барасың?
​Анаң келді зарланып,
​Әкең отыр сандалып.
​Көре алмаған көп дұшпан
​Сыртыңнан келер қамданып,
​​Сен кеткен соң, қарағым,
​Кім ойлайды кемпір-шалыңды?
​Сансызбай болса жас еді,​
Жүреміз кімге алданып?»
​​Төлеген сонда сөйлейді:
​ «Мінген атым ала-ды,
​Сенен туған баламын.
​Көңіліме түсіп бір қиял,
​Сапар шегіп барамын
​Алла нәсіп айдаса –
​​Бір сұлу қызды аламын.
​Алла нәсіп етпесе,
Е​ндігі сөздің қысқасы,
​Мекке таман барамын».

Әлқисса, сонда анасы бұл балам қайтпайын деп талап қылған екен, енді бұған ризалық батамды беріп жіберейін деп ойлайды:

Анасы ғаріпжылайды,
​Жылайды да толғайды,
​​Қой десе де баласы,
​Оған да сірә болмайды.

1падиша – патша, билеуші
2әулие – аса діндар, қасиетті тұлға
3һәммасы – барлығы
4қалың – қалыңдықтың әкесіне жігіттің әкесі беретін малы

Төлегеннің Шекті еліне келіп, Қаршығамен кездесуі

Әлқисса, бұл сөзді айтып, шешесі қайтып кетті. Енді Төлеген жігіттерге айтты:

– Маған шешем жылқыдан жорға ал деп айтты. Мен я кірекеш2, я жортуылшы емеспін, маған байлық, ырзалықты елге көрсетіп жүру керек, – деді. Жылқыдан жорға аламын деп қайтып келіп, екі жүз елу жорға таңдап алып айдап, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келді. Осы Шекті деген ел алты тайпа болады екен, һәммасының ханы Сырлыбай деген болады екен, ол Сырлыбайдың алты ұлы бар екен, ең кенжесі жалғыз қызы Жібек сұлу деген екен және Сырлыбайдың Қаршыға деген ақын уәзірі бар екен.

Әлқисса, сонда Төлеген шатырда жатыр екен.

Осы келген Қаршыға,
​​Топтан асқан ер еді.
​Төлегенге келеді –
​Келіп сөйлей береді:
​ «Ауыл алды бел, – дейді, –
​Белден көшкен ел деді.
​Сексен жігіт ішінде
​Базарбайдың баласы
​Төлеген мырза – сен, – дейді.
​Алты Шекті елінде,
​Сырлыбай датқа1 уәзірі –
​Қаршыға жыршы мен, – дейді...
​Мен бір сұлу табайын,
​Патшамыздың жалғызы,
​Аты Жібек сұрасаң,
​ Кереметім көр, – дейді».
Базарбайдың Төлеген,
​Қаршығадай ақынның
​ Бұл сөзін мақұл көреді...
​Қаршығамен ілесіп,
​Ақжайыққа жөнеді.

1ғаріп – амалы таусылған, бақытсыз жан.
2кірекеш – керуенші.

Төлегеннің Шекті  елінің қыздарын көруі

Әлқисса, енді Қаршыға айтты: – Біздің ел жайлауға қарай бұзыла көшкен екен, мен енді Жібекті Төлегенге көш-жөнекей көрсетейін, – деп, қасындағы бес жолдасын сол жерге тастап, жай келерсіздер деп, екеуі қалың көшті аралап жүрді.

Базарбайдың Төлеген
​ Талай көштен өтеді...
К​өш алдына қараса,
​Бір қыз кетіп барады;
​Шытырма2 көйлек етінде,
Н​ұр сәулесі бетінде,
​Бұралып кетіп барады,
​Перінің қызы секілді.
​ «Осы екен, – деп, – Қыз Жібек»,
​Жетіп келді қасына
​Базарбайдың Төлеген.
​ Артынан келіп Қаршыға:
​ «Жібек емес» – деген соң,
​Онан бір өтіп жөнеген.
​...Тұлпардан туған көк жорға ат,
К​өзі оттай жанады.
Сымға тартқан күмістей,​
​Сүмбідей болып жарады.
​Тағы айқасты бір көшке,
​Көш алдына қараса,
​Бір бәйбіше нұр жүзді
​Көшті тартып барады.
​Көш алдында бәйбіше
​...Асылдай болып есіліп,
​Нұрдай болып шешіліп,
​Ақ маңдайы жарқылдап,
​Танадай көзі жалтырап,
​Алтынды кебіс сартылдап,
​Көшті тартып барады,
​Жібекті тапқан шешесі.
​Мұны көріп Қаршыға,
​Атының басын бұрады,
​Әңгіме-дүкен құрады.
​Шешесінен сол жерде,
​Сылтауратып сұрады.
​«Жібекжан ерте кеткен деп,
​Болжалды жерге жеткен деп,
​Көшпен бірге жүргенде,
​Бетіме тозаң тиер деп,
​Көк пәуеске3 күймесін
​Азаннан тұрып жеккен деп».
​Шешесінің сол жерде
​Бұларға берген жауабы.

1датқа – билік жүргізуші
2шытырма – әшекейлі көйлек
3пәуеске – күймелі арба

Қыз Жібек пен Төлегеннің алғашқы кездесуі

Әлқисса, Төлеген қасына келіп, алдына бір шықты, соңына бір шықты, Жібекті көре алмады, қараса, Қаршыға алыста қалыпты. Төлеген:

– Әй, дүние-ай, мынаның мені кемсінгені бөтен жұрттығы ғой. Өз жұртымда маған да еш кісі тең келе алмаушы еді, – деп тұрғанда Қаршыға да жетіп келді. Сонда Қыз Жібек айтты:

– Ендеше, лебізің бекерге қалмасын, бір көрінейін, әбден көрініп тұрсам келіспес, бұған былай қылайын, – деп ойлады: қасында үш қызы бар екен, пәуескенің түймелерін ағыттырды да, жарқ еткізіп бір көрінді дағы қайта жауып, жатып қалды. Сол бір көрінгендегі Қыз Жібектің сипаты мынадай:

– Өзі он төрт жасында-ай.
​Кебісінің өкшесі
​Бұхардың гауһар тасындай.
А​қ маңдайы жалтылдап,
​Танадай көзі жарқылдап,
​Алтын шашбау шашында.
​Қыз Жібектің шаштары –
​Қоғалы көлдің құрағы.
​Көз сипатын қарасаң,
​Сегіз бейіш1 ішінде
​Хорлардың2 жаққан шырағы.
​Дүрі – гауһар3 сырғасын –
​Көтере алмай тұр құлағы.
​Қыз Жібектің ақтығы –
​Наурыздың ақша қарындай.
​Ақ бетінің қызылы –
​Ақ тауықтың қанындай.
​Екі беттің ажары –
​Жазғы түскен сағымдай.
​Білегінің шырайы –
​Айбалтаның сабындай.
​Оймақ ауыз, құмар көз,
​Іздеген ерге табылды-ай.
​Өткірлігін байқасаң,
​Ұсталар соққан кетпендей,
​Нұр тұқымын еккендей.
​Бір ауыз сөз сөйлескен,
​Мұратына жеткендей.
​Тірісі түгіл, Жібектің,
​Өлігіне адам қайырылып,
​Бетінен келіп өпкендей
Қыз Жібекті Төлеген​
​Ақылымен танып тұр,
​Көз мейірі қанып тұр,
​Бейіштен жанған шамшырақ,
​Көзі ойнап жанып тұр.
​Белі нәзік талып тұр,
​Тартқан сымнан жіңішке,
​Үзіліп кетпей, нағып тұр.

Әлқисса, Төлеген ойлады, жиһанда бұл сипатты пенде көргенім жоқ еді, енді мұны алайын. Оған жай бір ауыз жауап айтып кетейін, бекер кеткенім жарамас деп ойлайды. Жамандауға бой сипатынан, байлығынан еш мін таба алмай, енді кесірлі екенсің деп, Төлеген мырза бір сөз айтады:

«Басыр, басыр, басыр-ау,
​Аққа құлпы жасыл-ау.
​Басыңды көтер, ей, Жібек,
​Төлеген келді қасыңа-ау!
​Қыз басыңмен алшаңдап,
​Бүйте берме, ей, Жібек,
​Жұртқа тиер кесірі-ау!
​Қыз Жібек мінген күймесін,
​Күймеге тағып түймесін,
​Бүйте берме, ей, Жібек,
​Кесірің жұртқа тимесін!»
​Қыз Жібек сонда сөйлейді,
​Сөйлегенде бүй дейді:
​ «Олай болса, Төлеген,
​Мен жайымды айтайын...
​Менің қылған кесірім
​Саған кесір болса да,
​Өзіме майдай жағады.
​Жалғыз атты жолаушы,
​Жақындамай арман жүр,
​Үстімдегі кесірлер –
​Саған таман барады!
​Ат байлаған ақыр тас,
​Арқама біткен қолаң шаш.
​Қайдан келіп кез болдың,
​Қаңғырып өскен бір қу бас!
​Жалғыз атты жолаушы,
​Кесірім ұрып кетпесін,
​Қасыма келмей, аулақ қаш!»

1сегіз бейіш – діни түсінік бойынша сегіз жұмақ бар, бейіш (пейіш) – жұмақ мағынасындағы сөз
2хорлар – діни наным бойынша жұмақтың сұлу қыздары
3дүрігауһар – аса бағалы, қымбат асыл тас

Қыз Жібектің түс көруі

…Әлқисса, Төлеген үш ай қалыңдық ойнап, бір күні еліне қайтпақ болып, аттарын байлап қойып, таңнан жүреміз деп отырған күні Жібек түс көреді. Түсінен шошып оянып, кіші жеңгесін шақырып алып, былай деді:

«Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау,
​Төлегенге барып кел,
​Тілімді алса жүрмесін.
​Ата-анасы бар ма екен,
​Жал-құйрығы сай ма екен,
​Я болмаса, құдай-ай,
​Қаңғырып өскен қу ма екен?
​Атасының аты кім болар,
​Анасының аты кім болар,
​Сұрап келгін, жеңеше-ау,
​Қандай заман күн болар.
​Мен бүгін бір түс көрдім,
​Түсімде жаман іс көрдім.
​Төлеген мінген көк жорға ат
​Ер тоқымсыз бос көрдім.
​Ел жайлаған Ақжайық,
​Жағалай біткен бидайық1.
​Алдында жанған шырағым,
​Біреу үрлеп өшіріп,
​Көзімнен болды сол ғайып.
​Қолымдағы тұйғынның2
​Çулап келіп аспаннан,
​Желкесінен қиды бидайық3.
​Пендем десең, құдай-ай,
​Бұл түс емес еді ғой –
​Көруге маған ылайық.
​Айналайын жеңеше-ау,
​Төлегеннің мен білдім,
​Бір кеткен соң келмесін.
​Жарық дүние опасыз,
​Білдім көзге ілмесін».

Қыз Жібектің түс көруі (бейнежазба ЖИ арқылы жасалған)

1бидайық – бидай тектес жабайы өсімдік
2тұйғын – сұңқар тектес жыртқыш құс
3бидайық – жыртқыш құс

Базарбайдың теріс батасы

Әлқисса, Төлеген неше милләт1 жол жүріп, еліне келеді. Сау - сәлеметтікпен ата-анасымен қосылып, той жасады, тойдың үстінде Базарбай баласынан жауап сұрады:

– Қандай адамға құда болдың? – деді. Төлеген барлығын баян етеді. Сонда Базарбай айтты:

– Шырағым, қайныңа енді қашан барасың? – деді. Төлеген айтты:

– Жазғытұрым барамын, – деді.

Атасы айтты:

– Шырағым, мен бір тілек тілейін, бересің бе, бермейсің бе? Ендігі жылы осы уақытқа шейін бармағын, онан кейін өзім қасыңа көп әскер қосып жіберейін, тілегімді бердің бе? – деді. Онда Төлеген айтты:

– Ата, ел елден артық болмайды екен, ешкімнің қызын көргенім жоқ, жақтырғаным да жоқ, немді берейін, – деп шығып кетті. Сонда Базарбай кеп жұртына айтты:

– Бұл балам тілімді алмады, тілегімді бермеді, Төлеген қайнына барамын десе, маған көргенің ұстап, байлап алып келіп беріңдер, егер қошемет етіп, біреуің жолдас болсаң, қолымды жайып теріс бата беремін, – деді. Қарияның бұл сөзінен қорқып, жұрт ұстап бермекші болды.


Асып туған Төлеген
​Жағалбайлы халқынан
​Жабдықтап атын мінеді,
​Гауһар, лағыл, алтыннан.
​Жолдас ермей елінен
​Жалғыз өзі жөнеді,
​Бір ғашықтың зарпынан.
​Қаздың дауысын есітіп,
​Сабыр етіп тұрмады,
​Дүниеге мойын бұрмады.
​Кетіп бара жатқанда –
​Сансызбай жылап жүгірді,
​Төлегеннің артынан.
​Рақымы түсті басына,
​Көзден аққан жасына,
​Қу бауыры қия алмай,
​Қайырылып келді қасына.
​Сансызбайдың Төлеген
​Пәруана2 болды басына.
​Бала келді жүгіріп,
​Аш күзендей бүгіліп.
​Төлеген тұрды кете алмай,
​Көзінен ағып қанды жас,
​Қандай қиын бауырлас,
​​​Бордай болып үгіліп,
​Қабырғасы сөгіліп.
​Сөйлегенде бүй деді:
​ «Айналайын қарағым,
​Жауға барсам, жарағым,
​Қабырғамда қанатым,
​Артымдағы жалғызым,
​Жетегімде жан атым!
​Айналайын, жылама,
​Жібек сынды жеңгеңді,
​Алып келуге барамын…»

1милләт – араб тілінен аударғанда «халық» деген сөз

2пәруанабұл жерде: уайым болды деген мағынада

Төлеген мен Бекежан


Атаңа лағынет Бекежан,
​Қыз Жібектің сыртынан,
​Көп ғашықтың бірі екен.
​Баяғы алпыс жігіт қасында
​Төлеген енді келер деп,
​Қособаның көлінде –
​​Жолын тосып жүр екен…
​Алдынан шығып алпыс жау,
​Төлегенді қамады.
​Базарбайдың Төлеген,
​Алды-артына қарады.
​Бесінде жаумен атысып,
​Намаздыгер болғанша,
​Алдырмай кетіп барады.
​Еркімен аты жеткен соң,
​Жау ортаға алады...
​Атаңа лағынет Бекежан,
​Арғыннан шыққан қу екен,
​Әккі болған сұм екен.
​Төлегеннің артында –
​Алпыс қадам жақындап,
​Бір қурайды паналап,
​Жеткен екен жағалап.
​Төлегенді атқалы –
​Жақындап келіп тұр екен.
​Мылтыққа білте1 басады,
​Аруағы2 асады.
​Төлеген сынды мырзаның
​Қанын судай шашады…
​Бекежан атқан жалғыз оқ,
​Маңдайдан келіп ұрады.
​Алтын сүйек Төлеген,
​Алланың салған қорлығы-ай,
​Иттердің қылған зорлығы-ай,
​Толықсып аттан құлады!

1білте – мылтықты тұтататын оттығы
2аруақ – бұл жерде: күші тасу

Бекежан мен Қыз Жібек

Әлқисса, бұлар Төлегенді өлтіріп, атын-тонын алып, еліне келіп, еш адамға сездірмей жата берді. Сегізінші жыл болғанда, бір күні Бекежан ойлады: «Жібекті өзім алайын», – деп. «Әуелі Жібекке Төлегенді өлтіргенімді естіртейін, онан соң Жібек маған тимей кімге тиеді?» – деп ойлады.

Әлқисса, Бекежанның Қыз Жібекке айтқан өлеңі:

– Айтамын айт дегеннен арма, Жібек,
​Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек.
​Кеткелі жаман жарың көп жыл болды.
​Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?

Жібек:

  – Алаштың несін алып, не бермеймін?
​Дүниеде тірі жүрсем, не көрмеймін?
​Арғында алты Шекті, алпыс мырза,
​Ізіне басып кеткен теңгермеймін.

Бекежан:

– Айтамын айт дегеннен әуелім жар,
​Қыз Жібек, әлі-ақ болар пиғылың тар,
​Өліп қалған немеңді сонша мақтап,
​Көк жорға ат астымдағы көзіңді сал.

Жібек:

– Жоқ екен-ай, Бекежан, ақыл-айлаң,
​Қанеки, құрбы болып тиген пайдаң?
​Атаңа алты лағынет, ит қарақшы,
​Көк жорға астыңдағы алдың қайдан?

Бекежан:

– Жол тосып, Қособада жатып алдым,
​Біреуді мергендікпен атып алдым.
​Өзім батыр болған соң, кімді аяйын?
​Өлтіріп Төлегенді, атын алдым.

Сансызбайдың Төлегенді іздеп шығуы

Әлқисса, бұлар мұнда тұрсын, сөзді Сансызбайдан естіңіз. Сол халде Сансызбай он жеті жасқа келді, Төлегенді сағынып, бір күндері қару-жарағын асынып, Төлегенді іздемекші болып ойлайды: «Атамнан бата алып кетейін», – деп, атасына келіп, арыз қылып айтқаны:

– Айналайын жан ата,
​Ботаңның айтқан сөзіне
​Құлағыңды сал, ата,
​Арызға келді балаңыз,
​Рұқсат, бата бер, ата?!
​Төлегенді іздейін,
​Жеткізді құдай жасымды,
​Төлегенді іздейін,
​Жер шаршысын кезейін,
​Жоқтаусыз кеткен лайық па?
​Туған соң іні біздейін,
Р​азылық берсең, жан ата,
​Ешкімге көзім сүзбейін,
​Батаңды бергін, жан ата,
​Тірі-өлісін білгенше,
​Күдерімді үзбейін, –

деп атасынан рұқсат сұрады.

Сол күнде атасының көзі көр болып, көңілі жер болып, Төлегеннің қасіретінен санамен сарғайып, қайғыменен қарайып жатады екен.

Сонда атасы басын көтеріп, Сансызбайға:

– Балам, ағаңды іздейін деп пе едің? Қолыңды жай, батамды берейін, – дейді. – Әуелі Алла Тағала, екінші әулие-әнбиелерге аманат, – деп тапсырып, зар-зар жылап, бата береді…

Сансызбай мен Жібектің кездесуі

Әлқисса, бұлар бірнеше күн жол жүріп, Жайыққа келеді. Ханның ауылын сұрап келе жатып, бір белге шықса, ханның ауылында жүрген атты адамның көптігіне есеп етіп бола алмастай.

– Енді мұны көріп, мәнісін білейік, – деп бір қойшыға келіп:

– Бұл жиылған аттылар кімдер? – деп сұрады. Қойшы айтты:

– Ханымыз Сырлыбайдың Жібек деген қызы бар еді, өзі жиһаннан асқан сұлу еді, соның атағын естіп қалмақтан Хорен деген хан шығып, іздеп келді, тоғыз мың әскерменен келіп, Жібекті маған беріңдер, бермесең, еліңді шабамын деп, соған ханымыздың халі келместей болған соң, қызын бермек болды.

– Ол Жібекті күйеуге берген бе еді? – дейді. Қойшы айтты:

– Төлеген деген жиһаннан асқан күйеуі бар еді, Қособаның көлі деген жерде Бекежан қарақшы деген атып өлтіріпті, – дейді. Мұны есітіп, Сансызбай көз жасы атының жалына төгіліп, жылап жүріп кетті.

Қайтадан жүгіріп, Шегеге келіп, Жібектен бір жауап алып келгін деп, айтқан сөзі:

– Айналайын Шеге аға ...
​Жалғыз-ақ арыз сөзім бар,
​Қыз Жібектей жеңгемнен
​Бір жауап әкеп бер, аға!

Әлқисса, бұл Шегенің келген уақытында Жібектің айтып отырған сөзі екен. Шеге тыңдап тұра қалды.

– Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,
​Жылқысын көптігінен баға алмайды,
​Өлгені Төлегеннің рас болса,
​Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?..

Әлқисса, сонда Шеге Жібектің тұсына келіп, өлең айтқан жігіттердей болып өлең айтады. Бұрын Жібекке ешкім өлең айтпайды екен, айтайын десе де батпайды екен, өзі қайғылы болып отырған соң:

Әлқисса, бұлар сонда амандасты,
​Көңілі ғаріптердің судай тасты,
​Сансызбайды Шегемен құрмет етіп,
​Алдырып бір табақпен қойды асты.
​Ас ішкен соң аттарыңа мінгін дейді.
​Ізіңмен кейін қайта жүргін дейді.
​Мені алғалы кеп жатқан жау қалмақтың
​Екі тұлпар аты бар білгін дейді.
​Сол жолда мені тосып тұрғын дейді.
​Құдай оңдап тұлпардың мінсем бірін,
​Ертең түсте сол жерде көргін дейді…

Қыз Жібек қалмақты алдап, атын алып, Сансызбай мен Шегеге еріп, кетіп қалады. Мұны біліп қойған Хорен арттарынан қуады...

Сансызбай мен Хореннің айқасы

…Кәпір1 қалмақ жөнеді,
​Қаһарланып келеді,
​Дәл он бір күн болғанда
​Сансызбайдың қарасын
​Хорен қалмақ көреді...
​Алладан дәрмен сұрады,
​Жібек пенен Шегені
​Ілгері қарай жөнелтіп,
​Келетін кәпір қалмақтың
​Жолын тосып Сансызбай,
​Көлденең тартып тұрады.
​...Сансызбайдың қасына
Хорен жетіп келеді.
​Келіп сөйлей береді:
​ «Қарсы алдыңнан қарасам,
​Жасың кіші баласың,
​Оттай қаулап жанасың,
​Менің атым – хан Хорен,
Неден үміт қыласың?
​Мен жайымды сөйлесем…»
​Сансызбай сонда сөйлейді:
​ «Хорен қалмақ сен болсаң,
​Сансызбай бала мен едім,
​Мен де өзіңдей кең едім.
​Жібек сынды жеңгемді
​Елімнен іздеп кеп едім,
​Жеңгемді тауып алған соң,
​Мәдет тілеп1 Алладан,
​Еліме алып жөнедім…»
​Сонда қалмақ сөйлейді:
​ «Қарсы алдыңнан қарасам,
​Жасың кіші жас ұлсың,
​Кезегімді бер», – дейді.
​Сансызбай атты жас берен
​​Толғана мойнын бұрады,
​Алладан пәрмен сұрады…
Кезегін беріп қалмақтың,
​Қасқайып қарап тұрады.
​Атаңа лағынет қу қалмақ,
​Қорамсаққа қол салды,
​Бір салғанда мол салды.
​Садақты қолға алады,
​Толықсып тұрған баланы
​Толғап тартып қалады.
​Кірестен оғы кетеді,
​Сансызбайға жетеді.​
​​Тоғыз қабат сауыттың
​Сегізінен өтеді.
​Өтер еді мұнан да,
​Жібермеді бұл оқты,
​Ғауас-Ғаяс, қырық шілтен2
​Болған екен панасы…
​– Қор қылма, – деп, – кәпірге,
​Алладан пәрмен сұрайды.
​​Бұлайша толғап Сансызбай
​Қорамсаққа қол салды,
​Бір салғанда мол салды,
​Садақты қолға алады,
​Толықсып тұрған кәпірді
​Толғап тартып қалады.
​Зырқырап оғы кетеді,
​Қалмаққа таман жетеді,
​Көкірек қысқан көбеден,
​Қармаулы қабыл жебеден,
​Зырлауменен өтеді…
​Оқ тоқтаған кезінде
Хорен аттан құлады,
​Туы қолдан сұлады…
​Шүкір қылып Аллаға,
​Кәпір жаудан құтылып,
​Бірнеше күн жол жүріп,
​Еліне аман келеді.
​Ата-анасын қуантып,
​Қырық күн ұдай той қылып,
​Сансызбай Жібекті алады.
​Сипатын көріп Жібектің
​Ел-жұрты қайран қалады.

1кәпір – дінсіз деген мағынада.

1мәдет тілеп – көмек, жәрдем тілеп деген мағынада.

2Ғауас-Ғаяс, қырық шілтен – халық түсінігі бойынша қорғап, жебеп жүретін пірлер

Көріктеу (троп) сөздері – шығарманың оқырманға әсерлігін арттыратын негізгі құралдар. Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев тропты 6 түрге бөледі: 1) метафора; 2) кейіптеу; 3) метонимия; 4) синекдоха; 5) символ; 6) аллегория. Әдебиет теориясына қатысты тағы басқа да көптеген ұғымдар бар. Біз олардың барлығымен алдағы уақытта танысамыз.

Анықтамасы

Мысал

Түсінік

МЕТАФОРА, ауыстыру (грекше metaphora– ауыстырып
​қою) – екі нәрсені немесе екі құбылысты
​салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз не сөз тіркесі.

«Ақын – жел, есер, гулер ​жүйрік желдей,

​Ақын – от, лаулап жанар ​аспанға өрлей.

Қиялы, жан, жүрегі – ойнаған от,

Ақынды аласұртар, тыныштық бермей».

(М. Жұмабаев)

Ақынды желмен, отпен жай ғана салыстыру емес, соларға балап айту. Ақынды жел дегенде, ол гулейді деп, от дегенде, ол лаулап жанады деп, басқа нәрселердің сипатымен ауыстырады.

МЕТОНИМИЯ (грекше ‘metonymіa’ – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету.

1) бір табақ ет жеді (тамақ);
​2) шыныға құйды – стақанға құйды, шөлмекке құйды;
​3) бүкіл ауыл жиналды – бүкіл ауыл тұрғындары жиналды т.б.

1) тамақтың орнына ыдыс атауының: табақ (бір табақ жеді);
​2) заттың жасалатын материалының атауы: шыны;
​3) тұрғындардың орнына қоныс атауы: ауыл.

СИНЕКДОХА – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып немесе бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекеше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру тәсілі.

«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек»,

 «Толғауы тоқсан қызыл тіл».

(Абай)

Көп деген ұғымды «қырық», «тоқсан» деп нақтылы санмен көрсету.

КЕЙІПТЕУ – әртүрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.

«Мөлдіреген Жетімкөл

көкке қарап,

Мөлдіреген көз жасын тыя

алмай тұр».

(М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»)

«Көкке қарап, көз жасын тыя алмай тұр» деген сөздер көлді жандандырып тұр.

АЛЛЕГОРИЯ (көне грекше allёgorіa – пернелеп айту), пернелеу – оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл.

Аллегория – көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі – қулық, арыстан – зорлық, қасқыр – қастық, қоян – сужүректік, есек – ақымақтық, аққу – адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленеді.

Адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типологиялық ортақ бейнелер.

СИМВОЛ – әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.

«Жартасқа бардым,
​Күнде айғай салдым,
​Онан да шықты жаңғырық,
​Естісем үнін,
​Білсем деп жөнін,
​Көп іздедім қаңғырып.
​Баяғы жартас – бір жартас,
​Қаңқ етер, түкті байқамас».

(Абай)

Жартас бейнесін жалаң табиғат көрінісі емес, адам мен табиғатқа ортақ қоғамдалған шындықтың деректі бейнесі ретінде суреттеген.

Жырдан үзінді

Көріктеу құралы

Мағынасы

Бұралып кетіп барады,
Перінің қызы секілді.

«Секілді» сөзі арқылы жасалған теңеу

Қыздың сұлулығын перінің қызына теңеп тұр

Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай бұлықсып...

Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында.

Екі көздің шарасы
Бейіште жанған шамшырақ,
Көзінің гауһар қарасы.

Сөйлеген сөзі сыңғырлап,
Әп–зәмзәмнің суындай.
Аузынан шыққан сөздері
Сары алтынның буындай.

Мәтіндерді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларды орындаңдар.

Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар ... .
Ақ маңдайы жалтылдап,
... көзі жарқылдап ...
Қыз Жібектің ақтығы –
Наурыздың ақша ... .
Ақ бетінің қызылы –
Ақ тауықтың... .
Екі беттің ажары –
Жазғы түскен ... .
Білегінің шырайы –
Айбалтаның ....

Төлеген

Қыз Жібек

1-мәтін
2-мәтін

Төлегеннің ажалы

Алдынан шығып ... жау,
Төлегенді қамады.
Базарбайдың Төлеген,
Алды-артына қарады.
 ... жаумен атысып,
Намаздыгер болғанша,
Алдырмай кетіп барады.
Еркімен аты жеткен соң,
Жау ортаға алады.
Сол уақыттар болғанда,
Жамандатқыр  ... ат,
Шөлдеуменен зорығып,
Басын жерге салады!
Жау қамалап жеткен соң,
Атынан ... соң,
Базарбайдың Төлеген,
Тәңірге қылды наланы.
«Құдіреті күшті Құдая,
Батар күнмен батайын,
Өзінен бұрын атайын.
Тым болмаса Құдая,
... өлтіріп,
Жастығымды ала жатайын!
Мұсылман болса, бұл жаулар,
Жақындап жауап қатайын».
Бұл сөзді айтып Төлеген,
... қол салды,
Бір салғанда мол салды.
... қолға алады,
... тартып қалады.
... оғы кетеді,
Топ арғынға жетеді.
Селдірлеген шетінен
Жетеуінен өтеді.
Енді оғын алғанша,
... қолын салғанша,
Атаңа лағынет, ... ,
Арғыннан шыққан қу екен,
Әккі болған сұм екен.
Төлегеннің артындаАлпыс қадам жақындап,
Бір ... паналап,
Жеткен екен жағалап.
Төлегенді атқалы –
Жақындап келіп тұр екен.
... білте басады, ... білте басады,
Аруағы асады.
Төлеген сынды мырзаның
Қанын судай шашады.
Қой ... қорғасын,
Ажал болып жабысты.
Атаңа лағынет Бекежан,
Жібермеді намысты.
Базарбайдың Төлеген
Толықсып аттан тұрғанда,
Қолтығынан сүйейтін –
Таба алмады танысты.
... атқан жалғыз оқ,
... келіп ұрады.
Алтын сүйек Төлеген,
Алланың салған қорлығы-ай,
Иттердің қылған зорлығы-ай,
Толықсып ...!

3-мәтін

1. Жырдың бөлімдерін жұпқа бөлініп оқыңдар. Сыныптастарыңа түсіндіріп беріңдер.

2. Өз жұптарыңмен бірлесіп, берілген теориялық ұғымдарға (метафора, эпитет, теңеу) мысалдар теріп, PowerPoint бағдарламасында 3 беттік таныстырылым жасаңдар.

1 және 3-топ Қыз Жібектің мінезінің ерекшелігін және ұлттық салт-дәстүрге беріктігін ашатын жыр жолдарынан сызба жасап қорғаңдар. 2 және 4-топ Төлегеннің бойындағы ерекше қабілеттер мен қасиеттерін, мінезіндегі ерекшелікті көрсететін жыр жолдарынан сызба жасап қорғаңдар.

Бөлім атауы

Бөлімдегі кейіпкерлер

Кейіпкер сөзі

Кейіпкер кімге айтқан?

Не себепті айтты?

...Менің қылған кесірім
Саған кесір болса да,
Өзіме майдай жағады.

Айналайын қарағым,
Жауға барсам, жарағым
...

Қабырғамда қанатым,
Артымдағы жалғызым,
Жетегімде жан атым!
Айналайын, жылама,
Жібек сынды жеңгеңді,
Алып келуге барамын…

– Асуда асу, бел, – дейді,
Аса бір соққан жел, – дейді,
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Бұл сөзімді біл, – дейді.

Атасының аты кім болар,
Анасының аты кім болар,
Сұрап келгін, жеңеше-ау,
Қандай заман күн болар.
Мен бүгін бір түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

Жырдың хрестоматиядағы нұсқасын оқыңдар. Жырдың сюжеті туралы пікірлеріңді нақтылап, дәптерлеріңе толтырыңдар.

Жыр бөлімінің атауы

Осы бөлімдегі оқиғаның қысқаша мазмұны

Жыр оқиғасына байланысты менің пікірім

Төлегеннің жар іздеуге аттануы

Базарбайдың теріс батасы

Төлеген мен Бекежан

Сансызбай мен Хореннің айқасы

Жырдан үзінді

Кейіпкер мақсаты

Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау

Жол көрмеген жас бала,
Тәуекел, Алла, құдай деп,
Әркімге тәңірі пана деп,
Жайыққа кетіп барады.

Жол тосып, Қособада жатып алдым,
Біреуді мергендікпен атып алдым.
Өзім батыр болған соң, кімді аяйын?
Өлтіріп Төлегенді, атын алдым.

Базарбайдың Төлеген,
Жайыққа қарап жол тартып,
Алладан пәрмен тілеген,
Жайық пен Теңіз арасы
Үш айлық жол екен.

Жібек пенен Шегені
Ілгері қарай жөнелтіп,
Келетін кәпір қалмақтың
Жолын тосып Сансызбай,
Көлденең тартып тұрады.

А. Сұлулығын білдіретін сөздер – ...

Ә. Бет-бейнесін сипаттайтын сөздер – ...

Б. Киімін және қимыл-әрекетін білдіретін сөздер – ...

В. Ақылдылығы мен тапқырлығын білдіретін сөздер – ...

Г. Махаббатына адалдығын білдіретін сөздер – ...

          • батыр
          • аңғал
          • мерген
          • басқыншы, жау

          Нұрасылдың тапсырмасындағы сөздерді пайдаланып, Сансызбай мен Төлегеннің мінезіндегі ерекшеліктерді айтыңдар.

          Жырда қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері айтылады?

          Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, әмеңгерлік т.б. жырда қалай суреттеледі?Жырда қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері айтылады?

          Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ 

          Сенің меңгеретінің:

          – жыр сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың.

          «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры 
          • Қазақ халқының төл туындылары: «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман–Шолпан» т.б.
          • Шығыс халқы әдебиеті үлгісіндегі жырлар: «Мұңлық–Зарлық», «Бозжігіт», «Жүсіп–Зылиха», «Таһир–Зухра» т.б.
          • Эпостық жырлар: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» , «Қамбар батыр», «Ер Тарғын»

          «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырына  515 жыл толуына орай түсірілген бейнематериалдан берілген үзіндіні  көріп, төмендегі сұраққа жауап бер. «Қыз Жібек» жырын 1894 жылы Қазанда бастырған кім?

          • Е.А. Александров
          • Жүсіпбек Шайхысыламұлы
          • Фалиолла Тухватуллин
          • Е. А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған.
          • 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты.
          • 1971 жылы Ғабит Мүсіреповтің сценарийі бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді.

          – Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс  деген ел бар.  деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз.

          • Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарынан еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды.
          • …Әлқисса, Төлеген үш ай қалыңдық ойнап, бір күні еліне қайтпақ болып, аттарын байлап қойып, таңнан жүреміз деп отырған күні Жібек түс көреді.
          • Жылқыдан жорға аламын деп қайтып келіп, екі жүз елу жорға таңдап алып айдап, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келді.
          • – Ендеше, лебізің бекерге қалмасын бір көрінейін, әбден көрініп тұрсам келіспес, бұған былай қылайын, – деп ойлады: қасында үш қызы бар екен, пәуескенің түймелерін ағыттырды да, жарқ еткізіп бір көрінді-дағы қайта жауып, жатып қалды.
          • Төлеген мінген көк жорға атты ер тоқымсыз бос көреді.
          • Төлеген көк жорға атымен жорыққа аттанғанын көреді.
          • Көк жорға ат бәйгеден келгенін көреді.

          2-сабақ 

          Сенің меңгеретінің:

          – жырдағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайсың;

          – кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайсың.

          1. Падишадан кем емес,
          Ер  келбеті...

          2.  атты жас берен
          Толғана мойнын бұрады,
          Алладан пәрмен сұрады…
          Кезегін беріп қалмақтың,
          Қасқайып қарап тұрады.

          3. Атаңа лағынет
          Арғыннан шыққан қу екен,
          Әккі болған сұм екен.

          ...Асылдай болып есіліп,
          Нұрдай болып шешіліп,
          Ақ маңдайы жарқылдап,
          Танадай көзі жалтырап,
          Алтынды кебіс сартылдап,
          Көшті тартып барады...

            

          Ақ бетінің қызылы –
          Ақ тауықтың қанындай.
          Екі беттің ажары –
          Жазғы түскен сағымдай.
          Білегінің шырайы –
          Айбалтаның сабындай.

            

           Айгүл Елшібаеваның орындауындағы «Қыз Жібек» жырынан үзінді  тыңдап, бос орынға тиісті тіркестерді қой.

          Тау басында қарағай,
          Төлегеннің мінезі
            
            шықты тізбектеп,
          Бәрі де қалды жарамай.

          «Қыз Жібек» жырынан үзінді

          3-сабақ 

          Сенің меңгеретінің:

          – жырдағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырасың.

          «Қыз Жібек» фильмінен үзінді (реж. С. Қожықов, 1970 ж.)

          1

          Бекежан сегізінші жыл болғанда, Жібекке Төлегенді өлтіргенін естіртеді.

            

          2

          Жылқыдан жорға аламын деп қайтып келіп, төрт жүз елу жорға таңдап алып айдап, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келді...

            

          3

          – Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,
          Жылқысын көптігінен баға алмайды,
          Өлгені Төлегеннің рас болса,
          Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды? – деп Жібек Төлегенді жоқтайды.

            

          Сол халде  он жеті жасқа келді, Төлегенді сағынып, бір күндері қару-жарағын асынып, Төлегенді іздемекші болып ойлайды...

          • Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады...
          • Мылтыққа білте басады, Аруағы асады. Төлеген сынды мырзаның Қанын судай шашады…
          • ...Разылық берсең, жан ата, Ешкімге көзім сүзбейін, Батаңды бергін, жан ата, Тірі-өлісін білгенше, Күдерімді үзбейін...
          • Төлегеннің Шекті елінің қыздарын көруі
          • Бекежанның Төлегенді өлтіруі
          • Сансызбайдың Төлегенді іздеу үшін әкесінен рұқсат сұрауы

          Эпизод

          Бейне

          • – Төлеген қайнына барамын десе, маған – көргенің ұстап, байлап алып келіп беріңдер, егер қошамет етіп, біреуің жолдас болсаң, қолымды жайып теріс бата беремін...
          • – Балам, ағаңды іздейін деп пе едің? Қолыңды жай, батамды берейін, – дейді. – Әуелі Алла тағала, екінші әулие-әнбиелерге аманат...
          • Базарбайдың Сансызбайға ақ бата беруі
          • Базарбайдың Төлегенге теріс бата беруі
          • 1. Дүрі – гауһар сырғасын – Көтере алмай тұр құлағы.
          • 2. Өзі он төрт жасында-ай.
          • 3. Қыз Жібектің шаштары – Қоғалы көлдің құрағы.

          Бекежанның Жібекке Төлегенді өлтіргенін естіртуі

          Сансызбай мен Хореннің айқасы

          • – Айтамын айт дегеннен арма, Жібек, Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек. Кеткелі жаман жарың көп жыл болды. Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?
          • Зырқырап оғы кетеді, Қалмаққа таман жетеді, Көкірек қысқан көбеден, Қармаулы қабыл жебеден, Зырлауменен өтеді…
          • – Айтамын айт дегеннен арма, Жібек, Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек. Кеткелі жаман жарың көп жыл болды. Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?
          • Зырқырап оғы кетеді, Қалмаққа таман жетеді, Көкірек қысқан көбеден, Қармаулы қабыл жебеден, Зырлауменен өтеді…

          4-сабақ 

          Сенің меңгеретінің:

          – жырдағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсың.

          • Жібекжан ерте кеткен деп, Болжалды жерге жеткен деп.
          • Қу бауыры қия алмай, Қайырылып келді қасына.
          • Сансызбай болса жас еді, Жүреміз кімге алданып?
          • Ақ бетінің қызылы – Ақ тауықтың қанындай.
          • Мен бүгін бір түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім.
          • Атасының аты кім болар, Анасының аты кім болар...

          Жырдан үзінді

          Көркемдегіш құралдар

          • Сымға тартқан күмістей, Сүмбідей болып жарады.
          • Ат байлаған ақыр тас, Арқама біткен қолаң шаш.
          • Я болмаса, құда-ай, Қаңғырып өскен қу ма екен?
          • Аллитерация
          • Ассонанс
          • Риторикалық сұрақ

          Оймақ ауыз, құмай көз,
          Іздеген ерге табылды-ай.

          • көз, ауыз
          • іздеген, табылды-ай
          • оймақ, құмай
          «Қыз Жібек» фильмінен үзінді (реж. С. Қожықов, 1970 ж.)

          Көзі оттай жанады.
          Сымға тартқан күмістей,
          Сүмбідей болып жарады.

          • көзі, сымға тартқан
          • оттай, күмістей, сүмбідей
          • болып жарады, жанады.

          Жырдан үзінді

          Бейнелеу, суреттеу құралдары

          1. Асылдай болып есіліп,
          Нұрдай болып шешіліп,

            

          2. Көзінен ағып қанды жас

            

          Өзіңді-өзің бағала

          «Деңгейлік бағалау» әдісімен өзіңді-өзің бағала.

          Бастапқы деңгей: Мен тапсырманың негізін түсінемін.

          Орташа деңгей: Мен тапсырманы өз бетіммен орындай аламын.

          Жоғары деңгей: Мен тапсырманы толық әрі сапалы орындадым және оны түсіндіре аламын.