Тәуелсізбін
Тәуелсiзбiн!
Тәуелсiзбiн мен бүгiн.
Келдi, мiне, азаттығым,
теңдiгiм.
Бостандықта бойлығым мен ендiгiм.
Шешiл ендi,
шемен болған шерлi үнiм!
Қарсы қарап қатал
мынау заманға,
айналдық бiз қайтпас, қайсар қамалға.
Алды
бүгiн тәуелсiздiк тау, тасым,
орман,
көлiм,
далам
менен балам да!
Жаным
менiң,
қаным менiң тәуелсiз.
Арым менiң,
жарым менiң
тәуелсiз.
Заңым
менiң,
бағым менiң тәуелсiз.
Әнiм менiң,
дәнiм менiң
тәуелсiз.

Тәуелсiзбiн!
–
танып тұрмын өзiмдi.
Ұшырамын қанат байлап
сөзiмдi.
Ешкiм ендi көкiрегiмнен итерiп,
ешкiм ендi
шұқымайды көзiмдi.
Тәуелсiз ғой ойым
менен ұғым да,
бақыт құсым қонды келiп тұғырға.
Тәуелсiздiк
алды бүгiн, қараңдар,
тойым түгiл
қайғым менен мұңым
да.
Заман өттi –
қансыратып қанаған,
заман өттi
–
қалтыратып тонаған.
Тәуелсiздiк келдi, мiне,
ақыры!
Çорға жеттiм,
зорға жеттiм мен оған.
Құтылмаған
кiнәраттан,
күнәдан,
бар шындықты iштей үнсiз құраған,
–
ағыл-тегiл көздiң жасын көл етiп,
күнi кеше былай деп мен
жылағам:
«Жаным кеттi қарайып,
қопарылды
тiрегiм,
айтыңдаршы,
халайық,
қалай өмiр сүремiн?!
Қалай
жүрем,
Темiрден
соғып шыдам,
төзiмдi...
Көрiп едiм
бәрiн мен
ойып алды көзiмдi.
Қалай жүрмiн
–
құламай! –
Қазды менiң түбiмдi.
Сөз айтып ем
–
шыдамай! –
Қырқып алды тiлiмдi.
Қай жерде мен
тайқып ем?! –
Сынап тағы бағымды –
ойымды мен айтып
ем,
отқа салды жанымды.
Төктiм үнсiз жасымды,
кеуiп
қалды таңдайым,
көтерiп ем басымды
қақ айырылды маңдайым!»
–
Күнi кеше дәл осылай жылағам!
Жылағанмын –
көздiң
жасын бұлағам.
Уhiлеген менiң өксiк демiмнен
теңiз
толқып,
тау күңiренiп құлаған.
Соны ойласам
–
у мен зәрдi iшем мен.
Соны ойласам –
қайғы, мұңға
түсем мен.
Тудық бiздер көрiнбейтiн бұғаумен.
Жүрдiк бiздер
көрiнбейтiн кiсенмен.
Өз жерiмде ала
алмастан рұқсат,
өзiмiзге жүрдiк бiздер құрық
сап...
Үндетпестен тас тықты да көмейге,
қойды сонсоң
аузымызға құлып сап.
Қапаландық,
жәбiрлендiк,
зарладық,
өзгелерге жанды
қидық,
арнадық, –
қырылдық қой қорғап бiздер
Мәскеудi,
ал Мәскеуден қорғана бiз алмадық.
Таптап,
қырқып,
жоқ еттi де нуымды,
жазирамды отқа салып
қуырды.
Жуынды еттi кәусар менен суымды,
шұлғау еттi
қасиеттi туымды.
Мұның
бәрiн,
мұның бәрiн ұғынам...
Жүрек жара –
зарзаманның
мұңынан.
Сол кезде мен азаттық деп, теңдiк деп,
бөрi болып
Айға қарап ұлығам!
Тәуелсiзбiн, ендi,
мiне, мен бүгiн.
Келдi кiрiп азаттығым,
теңдiгiм.
Бостандықта бойлығым мен ендiгiм!
Шешiл ендi,
шемен болған шерлi үнiм.
Кеуделердi
тарылтпасын кек қысып,
кетедi одан өр далама өрт
түсiп...
Құсқа айналып кеудемдегi жүрегiм
сүйiншiлеп келер
күнге кеттi ұшып.
№ | Өлеңнен мысал |
Аллитерация |
|
Ассонанс |
|
Метафора |
|
Эпитет |
|
Риторикалық сұрақ |
|
Эпифора |
|
Анафора |
|
Символ |
|
5-тапсырма. Өлеңнің негізгі идеясы мен тақырыбына сипаттама беріп, талдауларыңды жазыңдар.
Тәуелсіздік | |
Егемен |

8-тапсырма. Өлеңнен көріктеу құралдарын тауып, «Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазыңдар.Өлеңнің негізгі идеясы мен тақырыбына сипаттама беріп, талдауларыңды дәптерлеріңе жазыңдар.
9-тапсырма. «Тәуелсізбін» өлеңінің идеясын негізге алып, 2 шумақ өлең шығарыңдар.
Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.
1-мәтін. 1. Мәтінді тыңдап, эпитет, ассонанс, аллитерацияларды тауып, дәптерлеріңе жазыңдар. Уақыт мөлшері: 10 минут.
2. Мәтінді тыңдап, «қырылдық қой қорғап біздер Мәскеуді, ал Мәскеуден қорғана біз алмадық» деген өлең жолдарынан ойға түйгендеріңді дәптерлеріңе жазыңдар. Уақыт мөлшері: 15 минут.
10-тапсырма. «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына арнап, сыныптасыңмен бірге шағын видео (2–3 мин) түсіріңдер. Видеоны түсірмес бұрын, Қазақстанның тарихы, бүгіні туралы сценарий жазып алыңдар.
Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайсың;
– өлеңдегі автор бейнесін анықтайсың.
-
Шәкәрім Құдайбердіұлы
-
Темірхан Медетбек
-
Махамбет Өтемісұлы
-
«Махамбет рухының монологі»
-
«Көк түріктер сарыны»
-
«Тағдырлы жылдар жырлары»
-
Тәуелсіздіктің қадірі мен мағынасын түсіндіру
-
Тәуелсіздік алған қазақ елінің асқақ рухын жырлау
-
Өткен тарихты ұмытпау қажет
-
Жүрек жара, көрiнбейтiн бұғаумен, көрiнбейтiн кiсенмен.
-
Тәуелсiзбiн! Келдi кiрiп азаттығым... Бостандықта бойлығым мен ендiгiм!
-
Құтылмаған кiнәраттан, көздiң жасын көл етiп, көздiң жасын бұлағам.
-
Сол кезде мен азаттық деп, теңдiк деп, бөрi болып Айға қарап ұлығам!
-
Мұның бәрiн, мұның бәрiн ұғынам...
-
Соны ойласам – қайғы, мұңға түсем мен.
«...қырылдық қой қорғап бiздер Мәскеудi, ал Мәскеуден қорғана бiз алмадық», – деген үзіндіде автор нені сипаттаған?
-
Тәуелсіз Отанымыздың болашағын сипаттайды.
-
Қазақ елінің жаңа тарихын сипаттайды.
-
Автор тарихи кезеңдерді сипаттайды.
«Тудық бiздер көрiнбейтiн бұғаумен. Жүрдiк бiздер көрiнбейтiн кiсенмен»,– деп ақын қазақ халқының басынан кешкен қандай кезеңді айтып отыр?
-
Отаршылдық кезең
-
Хандық дәуір
-
Егемендік дәуірі
- Құсқа айналып кеудемдегi жүрегiм сүйiншiлеп келер күнге кеттi ұшып.
- Уhiлеген менiң өксiк демiмнен теңiз толқып, тау күңiренiп құлаған.
- Тәуелсiзбiн! – танып тұрмын өзiмдi. Ұшырамын қанат байлап сөзiмдi.
- Тәуелсіздікке шаттанып, қуанышын шынайы жеткізеді.
- Азаттықты армандап, қасірет тартады.
- Ұлтының азаттығын жан жүрегімен сезініп, өзінікіндей қабылдайды.
2-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсың.
-
Шешiл ендi, шемен болған шерлi үнiм!
-
Күнi кеше дәл осылай жылағам!
-
Қалай жүрем, Темiрден соғып шыдам, төзiмдi...
Ешкiм ендi көкiрегiмнен
итерiп,
ешкiм ендi шұқымайды көзiмдi.
-
аллитерация
-
эпифора
-
анафора
Тәуелсiздiк алды бүгiн,
қараңдар,
тойым түгiл
қайғым менен
мұңым да.
-
Омоним сөздер
-
Синоним сөздер
-
Антоним сөздер
- Өз жерiмде ала алмастан рұқсат, өзiмiзге жүрдiк бiздер құрық сап...
- Қалай жүрмiн – құламай! – Қазды менiң түбiмдi.
- ассонанс
- аллитерация
-
Уhiлеген менiң өксiк демiмнен теңiз толқып, тау күңiренiп құлаған.
-
Жылағанмын – көздiң жасын бұлағам.
-
Төктiм үнсiз жасымды, кеуiп қалды таңдайым,
-
Тәуелсiздiк келдi, мiне, ақыры!
-
Бостандықта бойлығым мен ендiгiм!
-
...Жаным кеттi қарайып, қопарылды тiрегiм, айтыңдаршы, халайық, қалай өмiр сүремiн?!
Өзіңді-өзің бағала
«Деңгейлік бағалау» әдісімен өзіңді-өзің бағала.
Бастапқы деңгей: Мен тапсырманың негізін түсінемін.
Орташа деңгей: Мен тапсырманы өз бетіммен орындай аламын.
Жоғары деңгей: Мен тапсырманы толық әрі сапалы орындадым және оны түсіндіре аламын.