Нарынқұм зауалы

1. Махамбеттің соңғы сөзі
Мен түсімде зорлық
көрдім, қорлық көрдім ғаламат,
Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді
паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.
Иығымнан
ұшқан басым көкірегімнен домалап,
Бара жатты атамекен Ақжайықты
жағалап,
Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жә, бұл түсім тегін
емес, мына сойқан заманда
Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау
деймін маған да.
Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім,
еңселім,
Бостандыққа шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың
ем,
Едім әрі өлшемің.
Жанашырың, жақының ем
Және қайсар
ақының ем мен сенің.
Жұлдыздай боп жанар
алдан
Ақындықта елден ерек басқа заң.
Батырлығы жоқ
адамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.
Туған елім – арман,
мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?
Менің бассыз
қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!
Иә, шындықтың ащы
даңқы,
Шындық үшін жалғыз түстім егеске.
Ақындықтың басты
шарты –
Басты алса да, шындықты айту емес пе?
Өлімге сан
жақын бардым,
Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге.
Шындықты
айтқан ақындардың
Бірақ жолы болып еді қай кезде?
Көрде де енді сен
жайлы ойға батамын,
Бұл іңкәрлік созылады қаншаға?
Кім
қаншама шексіз сүйсе Отанын,
Оның тартар азабы да
соншама.
Мен сенемін, күні ертең
Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы
өлкем.
Күліп жайсаң күн ғажайып
Ел наласы тарқар
деп.
Ақымақтар күрт азайып,
Сұмдар қорқақ тартар деп.
Мен сенемін, күні
ертең
Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем.
Жә, қашанғы баққа
зорлық мінгеспек?
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
Тек
тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі
Есектердің мойынында жүрмес
деп.
Мен сенемін, күні ертең
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы
өлкем,
Мына дәурен бұрқан-тарқан
Ертең қайта
өзгерер.
Ақындарын сұлтандардан
Артық сыйлар кез келер.
Қадір тұтам
қиялдауды,
Ертең талғам өзгерер.
Шындап құлай сүйе
алмауды
Қылмыс санар кез келер.
Туған
елім,
Құдіретімсің аңсаған.
Алдан жарқын күн
шыққанша,
Кескініңді көрмейінші шаршаған.
Пасық ойлар
тұншыққанша,
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,
Жер астынан
қарап жатам мен саған.
2. Әке үкімі
Шомбал жігіт кіріп
келді ентелеп,
– Әке, – деді ол кірген бойда,
– Әке, – деді
еркелеп, –
Жүруші едің маған ылғи өкпелі,
Кеюші
едің,
Мал
болмайсың деп мені.
Сол сөзіңді, сірә, қайтып аласың-ау
шамасы.
Аты шулы Баймағанбет сұлтанның
Маған берген
сыйлығына қарашы!
Төрде отырған
әкесінің алдына,
Маң-маң басып барды да,
Алтын жіппен
әдіптелген жағасы
Сұр ішікті тастай салды баласы.
– Иә,
сөйле, – деді әкесі, –
Қандай ерлік көрсеттің,
Екі ай бойы,
кәне, қайда жол шектің?
Баласы айтты:
–
Топ бастадық төрт адам.
Махамбеттің жақыны
Ықыласты
үгіттеп,
Мақтап, қағып арқаға
Қосып алдық ортаға.
Бұл –
түгелдей мына ұлыңның ақылы.
Еркін жетер әңгіме ол бір
таңға.
Қапысызда қармақ салып,
Махамбетті алдап
соғып,
Басын кесіп, сыйға тарттық сұлтанға.
– Ой,
залым-ай,
Жүзіқара залым-ай,
Мұнша залым екеніңді қалай
келгем танымай!
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан
өткен зор қасірет болар ма, –
Деп әкесі жас үйірді
жанарға.
– Қабағыңды жаба қалды неге мұң,
Әке, сенің қай
сөзіңе сенемін,
Есіңде ме,
Менің бала күнімде
Махамбетті
жек көремін дегенің?
– Рас, ұлым, айтылған сөз оқпен
тең,
Бір кезде мен Махамбетті жек көргем.
Әлде, кемшін шағым
ба еді ол ақылға?!
Пенделік қой салған мені тақымға.
Оған
себеп –
Сенің анаң жасынан –
Ғашық болған сол Махамбет
ақынға.
Азаппенен атса да асау таңдарым,
Қайрағам жоқ
қызғаныштың қанжарын.
Іштен тынып жүре бердім төзген
боп,
Өзін шексіз құлай сүйген жан барын
Қайран ақын сезген
жоқ.
Анаң марқұм ол дегенде от жалындап
көзінен,
Тамсанатын
Нақ бір бақыт табардай әр
сөзінен,
Ұлы ақынға деген іңкәр сезімін
Көрге бірге ала
кетті ол өзімен.
Әттең, біздің сор маңдайлы Жайықта
Ерлер аз
ғой бара алатын байыпқа.
Тым кеш ұқтым,
Махамбеттей
батырға
Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?!
Құдіретті
шындығынан танбаған,
Парасатын ізгілікке жалғаған
Ақын деген
киелі аққу самғаған.
Ал, ендеше, аққуды атқан пендені
Қай
атаңнан көріп едің, оңбаған?
Бұл салада сен бірінші
адамсың,
Адам емес,
Ең бірінші надансың,
Ел
дәстүрін,
Ер дәстүрін қорлаған.
Нақ мынадай қасиетсіз
оқиға
Бұрын қазақ топырағында болмаған.
Қандай қиын кезеңде
де
Туған ел
Ақындарын жанын салып
қорғаған.
Түсінбедім,
Армандап ең нені, ұлым?
Ертең сені
қойып желдің өтіне,
Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе.
Сол
қорлықтан құтқарайын сені, ұлым!
Және ол зар оңайлықпен
тыйылмас,
Қанымыз бір,
Жолымыз да шиырлас.
Енді сенің
кесіріңнен
Маған да
Туған жердің топырағы бұйырмас.
Жә,
не қайыр, налы мейлі, налыма,
Сорлы балам,
Туыпсың-ау
сорыма.
Өзің түстің өзің қазған орыңа.
Кеттік,
кәне,
Ішігіңді ал қолыңа!
Ұясына күн тұр еді
батқалы.
Түксиеді меңіреу құм шатқалы.
Олар үлкен қара жолға
түсіп ап,
Бір төбенің қасына кеп тоқтады.
– Мынау төбе саған
соңғы шығар шың
Болатынын ұғарсың.
Сен, әрине, құралайды
көзге атқан,
Атқан оғын маздатқан
Менің мерген екенімді
ұмытпаған шығарсың? –
Деді әкесі құлазып нар көңілі.
Дір-дір
етіп:
– Ұмытқам жоқ, – деді ұлы.
– Балам, үміт –
қызығымның өлшемі
Өзің едің,
Қайғым болдың
еңселі.
Басына шық, кәне, мына төбенің,
Осы арада қалдырамын
мен сені.
Қараладың қасиетті мекенді,
Жараладың тұрмастай
ғып әкеңді,
Мына жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің
жырын тыңдап жат енді.
Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді.
Кім
аяққа басса заңын Даланың –
Ұмытқаны қатал тарих
сабағын.
Кешір мені,
Таусылды бар амалым.
Дала заңы –
баба заңы, қарағым, –
Деп әкесі қолына алды садағын...
Ақын монолог пен диалог арқылы екі оқиғаның бірін-бірі дамытуына ерекше назар аударған. Бірінші бөлімдегі Махамбеттің түсі туралы монологын екінші бөлімдегі әке мен бала арасындағы диалог дамиды. Оқиғаның шарықтау шегі мен шиеленісуі де осы екінші бөлімде.
Иә, Нұрасыл, дұрыс айтасың. Осы шығарманың құрылымдық ерекшелігіне тоқталсақ, бунақ саны әр тармақта өзгеріп отырады. Ақын логикалық екпін арқылы кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін жақсы ашады.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
А) Шығармадағы оқиғалардың байланысу ерекшеліктері қандай?
Ә) Балладаның бірінші бөліміндегі Махамбет монологінің ерекшелігі неде?
Б) Махамбеттің туған елі мен жерін жақсы көретіні оның қандай сөздерінен көрінеді?

4-тапсырма.


6-тапсырма. Шығарманың оқиға желісіне жоспар құрып, өз көзқарастарыңмен баяндап беріңдер.
Үлгі:
Маң-маң басып дегендегі маң-маң – жүріс ерекшелігі, кейіпкердің ішкі мақтанышын жүргені арқылы беру. Алтын жіп, сұр ішік дегендегі алтын және сұр сөздері – эпитет. Ішік – архаизм сөз, қазақтың ұлттық қыстық киімі. Әкенің сөзімен негізгі диалог басталады.

8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Сұрақтар | Жауап |
---|---|
Оқиға қай кезеңде болды? | |
Махамбетке оқ атқан жігітті ақтауға бола ма? | |
Оның қателесуі неден басталды? | |
Әке үкімі дұрыс деп ойлайсың ба? |
9-тапсырма. «Ер намысы – ел намысы» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
10-тапсырма. Шығармадағы өлең жолдарынан символды тауып, талдап беріңдер.
Өлеңнен үзінді | Символдық мағынаны білдіретін жолдар |
---|---|
11-тапсырма. «Нарынқұм зауалы» балладасынан эстетикалық құндылықты танытатын үзінділерді анықтаңдар. Шығарманың эстетикалық құндылығының маңызы туралы шағын сыни шолу жазыңдар.
Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.
1-мәтін. Шумақтарды аяқтап, теріп жазыңдар.
1. Зұлымдықтың жасырынып келетіні
жаман-ақ.
Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,
2. Туған елім – арман, мұңым,
Енді сені
жетелейді жол қалай?
3. Өлімге сан жақын бардым,
Шындықты айтқан ақындардың
4. Жә, бұл түсім тегін емес, мына
сойқан ............қоштасар сәт жетті-ау деймін
маған да.
Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,............
шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың
ем,
Едім әрі өлшемің.
Жанашырың,............ ем
Және қайсар ............
ем мен сенің.
2-мәтін. Мәтіннен естігендеріңді қара сөзбен баяндап жазыңдар. Уақыт мөлшері: 10 минут
Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың;
-
Оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түріндегі шығарма.
-
Поэзия жанры, оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең.
-
Бірнеше оқиға тізбектелген жыр жолдары, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы.
-
«Құз басындағы аңшының зары»
-
«Өркениеттің адасуы»
-
«Жазагер жады космоформуласы»
-
Исатай Тайманов
-
Амангелді Иманов
-
Махамбет Өтемісұлы
- Махамбеттің соңғы сөзі
- Әке үкімі
- Махамбеттің түсі
- Әке мен бала арасындағы диалог
-
Махамбеттiң түс көруі
-
Махамбеттің өлімі
-
Баласының әкесіне Махамбетті өлтіргенін мақтанышпен айтуы.
2-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайсың;
– шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайсың.
-
Ықылас
-
Баймағамбет сұлтан
-
Махамбет
М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» өлеңінен үзінді тыңдап, Махамбеттің туған елі мен жерін жақсы көретінін танытатын жыр жолдарын анықта.
-
Көрде де енді сен жайлы ойға батамын, Бұл іңкәрлік созылады қаншаға? Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын, Оның тартар азабы да соншама.
-
Ақындықтың басты шарты – Басты алса да, шындықты айту емес пе?
-
Менің бассыз қалғандығым Сенің бассыз қалғандығың болмағай.
-
халық қамын ойлаған ақынның мұңы
-
ақынның туған жеріне деген ыстық ықыласы
-
ақын жаугершілік заманның аяқталуына, бейбіт өмірдің келеріне сенімді
Ақын деген самғаған.
Ал, ендеше, атқан пендені
Қай атаңнан көріп едің, оңбаған?
- Мен сенемін, күні ертең Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.
- Қапысызда қармақ салып, Махамбетті алдап соғып, Басын кесіп, сыйға тарттық сұлтанға.
- Ертең сені қойып желдің өтіне, Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе.
- Махамбет
- Баласы
- Әкесі
-
Енді сенің кесіріңнен Маған да Туған жердің топырағы бұйырмас.
-
Дала заңы – баба заңы, қарағым, – Деп әкесі қолына алды садағын...
-
Сорлы балам, Туыпсың-ау сорыма. Өзің түстің өзің қазған орыңа.
-
еңбекқорлығы, терең білімділігі
-
адамгершілігі, қарапайымдылығы
-
күрескерлігі, ақындығы, ұлтжандылығы
3-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығармадағы автор бейнесін анықтайсың;
– шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсың.
-
әділдік пен шынайылық
-
адалдық пен сатқындық
-
сыйластық пен татулық
-
қызғаншақтық, көре алмаушылық
-
ыза мен күйініш
-
батырлық, әділеттілік, ақындық
-
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
-
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем...
-
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі Есектердің мойынында жүрмес деп.
-
Мына жолмен өткен жұрттың аузынан Махамбеттің жырын тыңдап жат енді. Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді.
-
Ең бірінші надансың, Ел дәстүрін, Ер дәстүрін қорлаған.
-
Сорлы балам, Туыпсың-ау сорыма.
-
Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе.
-
Жұлдыздай боп жанар алдан...
-
Кім аяққа басса заңын Даланың – Ұмытқаны қатал тарих сабағын.
«Алтын жіппен әдіптелген жағасы, Сұр ішікті тастай салды баласы», – деген үзіндідегі асты сызылған сөз қандай сөздерге жатады?
-
көнерген сөз
-
кәсіби сөз
-
термин сөз
-
Көрде де енді сен жайлы ойға батамын, Бұл іңкәрлік созылады қаншаға?
-
Аты шулы Баймағанбет сұлтанның Маған берген сыйлығына қарашы!
-
– Иә, сөйле, – деді әкесі, – Қандай ерлік көрсеттің, Екі ай бойы, кәне, қайда жол шектің?
- Бостандыққа шақырып ем, Сенің заңғар ақылың ем...
- – Әке, – деді ол кірген бойда, – Әке, – деді еркелеп...
- эпифора
- анафора
Өзіңді-өзің бағала
