Көксеректің ауылға келуі
(Әңгімеден үзінді)
...Ұзын кең өлкенi
қаптай басқан қарағанның ортасында да терең құз жар бар. Соның бас
жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр iнi бар. Жақын
елге мәлiм ескi iн. Жазға салымнан берi соны екi қасқыр келiп мекен
еттi...
Маңайы – қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып
қалған. Маңындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндерi көрiнедi. Қыстан
қалған түбiтi қазiр де әр жерде сөйтiп жұлынып қалып жүр. Iндердiң
орта жерiнде екi қалың сасыр шайқалып өсiптi. Қазiр де соның түбiнде
қысқы жүнi әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Бауырында кiшкене
көк күшiктерi қыбырлайды...
Ертеңiне түсте жат иiс шықты,
алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естiлiп, жақындап
келе жатты. Күшiктердi жоталарынан тiстелеп, iндерге тығып-тығып
тастап, ақ қасқыр қараған iшiне кiрдi. Жерге ат үстiнен тастаған
ағаштар сарт-сарт түсiп жатты. Iн аузында екi аяқтылар жыбырлады.
Көргiш көздер iн түбiне қадалды...
Жып-жылы мықты тұсаулар
мойнынан, жотадан ұстап бар күшiктi сыртқа алып шықты. Жетi күшiктiң
бесеуiн көздерiне қарап отырып өлтiрдi де, екi кiшкенесiн тiрi
қалдырды. Кетерде бұның бiреуiнiң тiрсегiн қиып қалдырды да, екiншi
бiреуiн – ең кенжесiн алып жүрiп кеттi. Қалған жалғыз күшiктi
тiстелеп алып, екi қасқыр жоқ болды. Iн қаңырап қалды...
Көзiн
ауылға келгесiн екi күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнедi дестi.
Кiшкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертелi-кеш асқұйғыш итаяқ
әзiр болды. Бауырын көтерiп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына
жiп тағылды...

Көксеректің мінезі
...Жаз
ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейдi. Семiрiп
жонданғандай да болды. Бұл уақытқа шейiн Көксерек ауыл итiнен
көресінi көрдi. Бiрде-бiр ит мұны дос көрмейдi, маңына
жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та
тастайды.
Бiр уақыт үлкен үйдiң қара ала төбетi оңашада бұны
алып соғып, көп езгiледi. Бұны талап жатқанын көрiп, өзге иттер де
келiп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтiруге айналып
еді.
Бiрақ Көксерек әлi күнге ешбiр уақытта «қыңқ» етiп
ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүнi
үрпиiп тұрып алады. Тiсi батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана
езуiн ыржитады.
Жетiлмей келе жатқан тiсi ғана. Көксерек арлан
едi. Сондықтан бұның бойы биiктене бередi. Әлi тұрқы шығып ұзарған
жоқ. Барлық жүнi қара көк, жотасы күдiрейiп, ауыз-омыртқа мен
құйрығына шейiн тұп-тұтас болып, күлдiреуiштей бүгiледi. Атылып келе
жатқан садақ оғындай үңiлген, сүйiрленген бiр бiтiмi бар...
Көксеректің ауылдан кетуі
...Бiрақ осы кештен екi күн өткен соң, Көксерек бiр түн iшiнде жоқ болды. Құрмаш
қашып кеттi деуге қимай, айналадағы ши-қарағанды, жар-жыраларды тегiс арылтты. Таба
алмады. Осымен жұрттың бәрi кеттiге есептеп қойып едi, үш күн өткенде бiр күнi
таңертең ойда жоқтан Көксерек өз-өзiнен сап ете түстi. Құрмаш пен әжесi қасқырдың
бұл мiнезiне сүйсiнiп, қуана қарсы алды. Бұл келгенде Көксерек екi бүйiрi суалып
ашыққан. Өзiнiң үстi-басы батпақ болып сыбағысқан собалақ жүдеу пiшiнмен келдi.
Қайта тұрып қалды. Тағы да бұрынғысынша күйленiп, нық семiрiп, ендi орасан боп өсе
бастады.
Бұл соңғы күйленуi шынымен үлкен қасқыр болып ұлғаюының белгiсi едi.
Сонысын сезген болу керек, күздiң бiр қара дауылды қара түнiнде Көксерек тағы жоқ
боп шықты. Бұл жолғысы шын болды...
Көксеректің жаралануы
....Тағы бiр ретте қалың шилi қорықта отырған
бес-алты ауылдың үстiне келдi. Күндiз болатын. Күн шаңытқан аяз
едi.
Шеткi ауыл бұларды көрiп қалды. Ши шетiнде қарда аунап
жатқанда, бiр түйе шықты. Үстiнде кiсi бар. Басына ақ оранған. Тура
қасқырларға қарай жүрдi.
Ат емес, қашпаса да болады. Түйе
бұрылып кетер деп бақылайды. Бұрылмайды. Көксерек ашығып қалып едi.
Дәмелене бастады. Аяғында ауылдан әбден ұзап шықты. Бiрақ әлi онша
жақындаған жоқ. Түйе ендi ақырын жүре бастады. Кейде тоқтап,
алды-артына қарайды. Ақбас әрлi-берлi бұрылып қозғалақтайды.
Сол
кезде түйе үстiнен бiр ұзын нәрсе шошайып созылды да, күрс еттi.
Өлгенше қатты ащы дауыс даланы сiлкiндiрiп шошытып жiбердi. Бар
қасқыр қар бората ытқып, қашып жөнелдi.
Күрс етiп жөнелген көк
түтiнмен қатар Көксеректiң артқы бiр саны шыж ете түстi. Әрi ыстық,
әрi суық бiр нәрсе қадалып шаншып қалды. Санын «арс» етiп қауып
қалып, түйенiң үстi тағы да сыртылдап қамданып жатқанда, бұл да
ытқып қашып жөнелдi.
Тоқталған жоқ, көп қашты. Бiрнеше қырқадан,
бiр-екi жазықтан құлаш ұрып шауып өттi. Өзге қасқырлар бiр бөлек,
бұл жалғыз бiр бөлек...
Көксерек пен Құрмаштың соңғы рет кездесуі
...Қойшы үлкен
емес, бала дауысы шошытпайды. Қой дүркiреп үркiп, қойшыға қарай
қашты. Қасқыр жақындап бiр қызыл қойға ауызды салғалы ентелеп келiп
қалып едi, бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп қалыпты.
Ерiксiз жалтарып, бұрыла берiп едi, қойшы бастырып қуып жөнелдi. Бой
салып қорқып қашқан жоқ. Содан ба, болмаса тегi жүйрiк пе, әйтеуiр
боз ат бастырмалатып жетiп келiп, Көксеректiң жотасына жеңiл ағаш
сарт етiп тиiп қалды.
Сол-ақ екен, қарсы бұрылып алып аттыға
қарай «арс!» етiп шапшып қалды. Арандай ашылған ауыз бiрдеменi жұлып
түспек едi. Ыңғайына бала тонының өңiрi iлiндi. Соны бөксерiп жұлып
түскенде, боз ат осқырып атқып кеттi.
Бұл бала Құрмаш едi. Қойшы
ауырып қалып, әкесi бiр күнге қойға жiберген едi. Астына мiнгенi
өзiнiң жүйрiк боз дөненi болатын. Үстiне гүрiлдеген қасқыр төнiп
келгенде, көзi бiр ашылып, бiр жұмылды. Басына таман арандай ашылып
келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзiне таныс құлақ көрiндi. Сол
жақтағы тiлiк құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген-бiлгенi
– сол...
Содан әрi баланың үнi өштi. Қасқырдың аузы тиместен
бұрын өлiп кеттi. Көксерек ырылдап тұрып: тiсiнiң ұшымен қағып жұлып
алып, басын шайқап өткенде, баланың бiр жақ көзiн қопарып алып
кеттi. Жүрiп бара жатып, қылғып салды...
Түнде баланың өлiгiн
тауып алысты. Жанында тайдың iзiндей болып, үлкен қасқырдың iзi
жатыр екен.

Аққасқа мен Көксеректің шайқасы
...Аққасқаның бойы
қасқырдан кiшi емес. Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес.
Өзiнiң барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бiтiмi бар. Түсi тазылар
түсiндей емес, қасқыр түстес. Дене жүнi ақ сарылау келгенде, маңдайы
шаңқиған ақ маңғал қасқа болатын. Екi көзi шатынап шарасынан шығып
тұрғандай үлкен. Үнемi от шашып тұратын қып-қызыл көз. Ашу да, ерлiк
те бiр өзiнде.
Отқа қарсы қараған көздерi ашумен қанталап
шатынап кетедi. Қараңғы ала көлеңкеде жатқанда, екi көзi қып-қызыл
шамша жанады. Аққасқа ырылдағанда алдында отырған Бейсембай жотасы
мұздап, етi тiтiреп кетедi, ентелеп iлгерi жылжып, отқа қарай
мiнбелей бередi...
Таң қылаңдап келе жатқанда барлық аңшы мен
көп жылқышы атқа мiндi. Жарап жүрген бедеу биелер мен жүйрiк
айғырлар түн ортасында ұсталып, тоғын қашырып алып едi. Жұрттың
бәрiнiң қолында сойыл, шоқпар. Сатыр-сұтыр етiсiп, қостан желпiне
шығысты.
Қасен бұны баулыған иесiне iшiнен бас иiп, алғыс
айтады. Құрметпен еске алады. Өйткенi Аққасқа тау басында қазiргi
отырыстың мәнi барын әбден түсiнiп, ұғынып отырған сияқты.
Тыныштыққа бой ұрып жатуды ойлап тұрған жоқ, күтiп отыр. Биiктен
томағасын тартқан қырандай iзденiп, бағып отыр. Жан-жақтағы
қағушылардың бәрiнiң де алдынан қарап өтедi. Кейде түрегелiп те
жан-жаққа көз жiбередi.
Кешегi жабағыны жеген Көксерек екенi рас
едi. Оянып, жүресiнен жатып қар қапты. Сөйткенше сатыр-сұтыр еткен
ағаш дауысы мен тастақ жердi тасырлатып басқан ат дүрсiлi
естiлдi.
Көксерек жалт берiп, жотаның тасасына түсе сала сайды
өрлеп, жоғары қарай салды. Қолында шошайған сойылы бар, астында
қатып қалған ақ бедеуi бар Бейсембай ағызып жотаға шығып, тағы айғай
салып, өрге қарай тасырлатып шапты. Бұл уақытта Көксерек сонша
саспаса да, кейде көсiле шауып, кейде құлағы жалбырап сөлектей
түсiп, Ақсораңның жонына қарай асып едi.
Айғай жақын жерден
шығып қалғанда, Аққасқа атып тұрды. Қасен бұны кендiрiнен сүйрете
барып, атына шапшаң мiне сала айғай шыққан бетке қарай ағызып, сол
жақтағы жотаға шықты.
Қарсы алдында, оқ бойындай жерде, сары
жотаның дәл үстiнде артына бұрылып қарап, тоқ тайыншадай бiр көк
шолақ тұр екен.
Жотасы күдiрейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау
басында тайдай көрiндi. Ертегiнiң көкжалы. Жотаға шыға бере Аққасқа
да көрiп, атылып, секiрiп кеп кеттi.
Қашып келе жатып артына
қарай алмады. Сол-ақ екен, жаралы санынан бiр мықты ауыз қауып
түсiп, ойға қарай қатты жұлқып көтерiп тастады. Сол сәтте бұның жауы
қасынан ағып өтiп кеп, алдыңғы омбыға екпiндеп барып соқтығып, өзi
де құлап түстi.
Аққасқа өзiнен бұрын тұрып, күрiлдеп ырғып келе
жатқан көкжалды көрдi. Бұл да қарсы тап бердi. Сол уақытта құлақ
шекесiнен тиiп қалған қышқаштай қатты темiр ауыз жұлқып кеп
жiбергенде, ой жаққа қарай ытқып барып түстi. Бiрақ Аққасқа жығылған
жоқ: тiк етiп барып төрт тағандап тұра қалды.
Ағындап келiп, әр
жаққа шығып алып, көлденеңдеп шапшып-секiрiп келiп, Көксеректi құлақ
шекеден ала түстi.
Көксерек те бағанадан қалыспаған итке ендi
шын ойынды бастаған. Екеуi шапшысып тұрған бетте бiрiнен-бiрi құлақ
шекеден де, алқымнан да алғызбайтын болды.
Өр жақта
Аққасқа: шайнасып тұрған ауыздардан сiлекей мен қан аралас ағып,
сырылдап тұр.
Аққасқа Қасен дауысын ести сала, ойға қарай жұлқи
бұрап қалғанда, көк шолақтың белi бұраң етiп барып, дүрс етiп құлап
түстi. Ауыздары бiр- бiрiнен айырылған жоқ. Екеуiнде де үн жоқ.
Шайнасу үстiнде желiмдей қайнасып қатып қалған сияқты. Ең аяғы,
болымсыз болса да, тыныс алған дыбыс та бiлiнбейдi.
– А,
құдай!.. А, құдай!.. Я, сәт! Я, аруақ! Я, ақсарбас!.. – дей бере екi
атты үстерiне жығыла-жығыла үйiле түстi. Аттар босанып шықты.
–
Ойпыр-ай! Ойпыр-ай!.. Аузын! – деп келiп, Қасен жуан қамшының сабын
Көксеректiң көмекейiне тығып жiберiп, мықтап басып тұрып, жауының
тұмсығын жоғары қарай қайырып жiбердi. Аққасқаның қан басқан
тұмсығынан көк шолақтың тiстерi бiр-бiрлеп шығып кеттi. Аққасқа
сонда ғана бүйiрiн тартып тыныс алды.
Бiрақ әлi де жанын
шығарғанша қасқырдың төменгi жағын күрт- күрт шайнап жатыр. Бұл
кезде Бейсембай да қара пышақты Көксеректiң өкпесiне салып-салып
жiберiп едi.
– Осы... осы... осы ит! – дестi. Көксеректiң жаны
әбден шыққан соң, Аққасқаны Қасен, Бейсембай – екеулеп отырып, зорға
дегенде айырып алды. Құйрықтан қысып алып, алысқа сүйреп апарған
соң, Аққасқа есiн жиды. Бiрақ әбден әлсiрегендiктен, сол апарған
жерде сiлейiп жата кеттi. Барынша шаршап талған екен.
Ес жиған
соң, жұрт Көксеректiң құлағына қарап отырып, бұрынғы кеткен Көксерек
атты күшiктi таныды. Құрмашты ойлап, кейбiреулердiң көздерiнен жас
та шықты. Ауылға әкелгенде, Құрмаштың әжесi боздап келiп:
–
Қураған-ай, неңдi алып ем?! Не жазып ем?.. Бауырына салып өсiргеннен
басқа не қып едi менiң құлыным? – деп елдi тегiс еңiретiп,
Көксеректi басқа тептi.

4-тапсырма. «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.
А) Әңгіме тақырыбын ашу үшін автор қандай сөздерді пайдаланғанына назар аударыңдар.
Ә) Шығарма идеясын ашатын оқиғаларды тауып, баяндап беріңдер.
5-тапсырма. Әңгімедегі кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтаңдар.
Әңгіме кейіпкерлері | Тегіне қарай | Жасалу тәсілі |

7-тапсырма.
Әңгіменің композициялық желісін сақтай отырып, кестені толтырыңдар.
Әңгіме бөлімдері | Осы бөлімде баяндалатын оқиға | Әңгімеден үзінді (Көксерек сипатына) | Мінездеме |
---|---|---|---|
-
Қасен бұны баулыған иесiне iшiнен бас иiп, алғыс айтады. Құрметпен еске алады. Өйткенi Аққасқа тау басында қазiргi отырыстың мәнi барын әбден түсiнiп, ұғынып отырған сияқты. Тыныштыққа бой ұрып жатуды ойлап тұрған жоқ, күтiп отыр.
-
Ес жиған соң, жұрт Көксеректiң құлағына қарап отырып, бұрынғы кеткен Көксерек атты күшiктi таныды. Құрмашты ойлап, кейбiреулердiң көздерiнен жас та шықты.
-
Бұл соңғы күйленуi, шынымен, үлкен қасқыр болып ұлығанының белгiсi едi. Сонысын сезген болу керек, күздiң бiр қара дауылды қара түнiнде Көксерек тағы жоқ боп шықты. Бұл жолғысы шын болды.
-
Бiрақ Көксерек әлi күнге ешбiр уақытта «қыңқ» етiп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүнi үрпиiп тұрып алады. Тiсi батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуiн ыржитады.
-
Сондықтан бұның бойы биiктене бередi. Әлi тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүнi қара көк, жотасы күдiрейiп, ауыз-омыртқа мен құйрығына шейiн тұп-тұтас болып, күлдiреуiштей бүгiледi. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңiлген, сүйiрленген бiр бiтiмi бар.
9-тапсырма. Әңгімеде Көксерекке автордың көзқарасы қалай берілген? Көксеректің ашқарақ, тойымсыз екені қандай сөздерден көрінеді? Не себепті автор Көксеректің осы мінезіне назар аудартады? «Көксерек» әңгімесін қасқыр туралы әдеби туындылармен байланыстыра талдаңдар.
Көксерек | Аққасқа |
Ұқсастығы | |
Айырмашылығы | |
11-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Көксеректі адамдар ауылға қайдан алып келді? Екі қасқырдың ініндегі күшіктерді адамдар қалай алды? Неге ауыл иттері оған өш болды?
2. Ауыл адамдары Көксерек туралы қандай сөздер айтты? Ол сөздерді не себепті айтты?
3. Көксерек ауылдан неше рет кетіп қалды? Соңғы кеткен кезіндегі табиғатты автор қалай суреттейді? Не себепті Көксерек ауылға тыныштық бермей, малдарын жеп кете береді?
4. Құрмашты Көксерек таныды ма? Көксеректің Құрмашты өлтіруіне қандай оқиғалар себеп болды?
12-тапсырма. «Көксерек» әңгімесіндегі оқиға желісін дамытып жазыңдар. Адам мен қасқыр арасындағы қарым-қатынасты өз ойларыңмен толықтырып, оқиғаның шиеленісу себебін анықтаңдар.
13-тапсырма. «Көксерек» әңгімесінің эстетикалық-көркемдік құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңдар.
Қараадырдың ... сайы елсiз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердiң барлығын аласа боз ... , тобылғы басқан.
Сай бойында май айының салқын лебi еседi. Бастары көгерiп, бүрленiп қалған ... жел лебiмен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселiп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердiң иiсi келедi.
Ұзын кең өлкенi қаптай басқан ... ортасында да терең құз жар бар. Соның бас жағында, ... қалың жыныстың арасында қасқыр iнi бар. Жақын елге мәлiм ескi iн. Жазға салымнан берi соны екi қасқыр келiп мекен еттi. Бұрын ... жанындағы кiшкентай алаңда кеңдiгi кiсi сыйғандай үш үлкен iн болатын. Биыл жас топырағы жағасында ... , тағы бiр жаңа iн шыққан. Бәрiнiң ауданы бiр, жер астынан қатынасы бiр.
2-мәтін. Мәтінді тыңдап, ауыл адамдарының Көксерекке қандай мінездеме бергенін есте сақтаңдар. Көксерекке берілген тура және жанама мінездеуді өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Уақыт мөлшері: 11 минут.
3-мәтін. Мәтінді тыңдап, оқиғасын өз сөздеріңмен көркемдеп баяндаңдар. Өз сөздеріңде мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: Ит пен қасқырдың айқасы қалай аяқталды? Құрмаштың әжесі не істеді? Неліктен олай істеді? Уақыт мөлшері: 5 минут.
Пікір | Сыни шолу |
---|---|
«Көксерек» — реалистік әдебиет дәстүрі тұрғысынан мотиптері тереңдетіп қарастырылған сан алуан бояулы шығармалардың өз ерекшелігі орнын еркіндікпен жаңғырту арқылы мазмұн жада техникасын игерген. Автор нағыз қазақтың сөз магиясын сақтай білген... |
Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– әңгіме сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың.
-
«Жетім» көркем фильмі
-
«Көксерек» көркем фильмі
-
«Қарагөз» трагедиясы
-
Оқиғаны баяндап айтуға негiзделетiн, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
-
Бірнеше оқиға тізбектелген жыр жолдары, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы.
-
Оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түріндегі шығарма.
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша бейнематериалды көріп, жазушы әңгімеге қандай мәселені арқау еткенін анықта.
-
табиғат пен адам арасындағы байланыс, қарым-қатынас
-
адамдарға сену, жақындарың үшін жауапты болу
-
қасқыр мінезі, тіршілігі
- ...Бiрақ осы кештен екi күн өткен соң, Көксерек бiр түн iшiнде жоқ болды.
- Сонысын сезген болу керек, күздiң бiр қара дауылды қара түнiнде Көксерек тағы жоқ боп шықты.
- Бірінші рет кетуі
- Екінші рет кетуі
1-сұрақ:
2-сұрақ:
3-сұрақ:
4-сұрақ:
5-сұрақ:
2-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайсың;
– шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырасың.
-
Құрмаш
-
Бейсембай мен Қасен
-
ауыл адамдары
«Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшiктi сыртқа алып шықты. Жетi күшiктiң бесеуiн көздерiне қарап отырып өлтiрдi де, екi кiшкенесiн тiрi қалдырды. Кетерде бұның бiреуiнiң тiрсегiн қиып қалдырды да, екiншi бiреуiн – ең кенжесiн алып жүрiп кеттi», – деген үзіндіден адамдардың қандай іс-әрекеттері байқалады?
-
адамдардың қасқырдың күшіктерін аяусыз өлтіруі
-
бөлтірікті баулуы
-
адамдардың қасқырларды жазалауы
«Әлi тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүнi қара көк, жотасы күдiрейiп, ауыз-омыртқа мен құйрығына шейiн тұп-тұтас болып, күлдiреуiштей бүгiледi. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңiлген, сүйiрленген бiр бiтiмi бар», – деген үзіндіде не суреттелген?
-
Көксеректің ашқарақтығы мен тойымсыздығы
-
Көксеректің портреті
-
Көксеректің мінезі
« – Қураған-ай, неңдi алып ем?! Не жазып ем?.. Бауырына салып өсiргеннен басқа не қып едi менiң құлыным? – деп елдi тегiс еңiретiп, Көксеректi басқа тептi», - деген кім?
-
Бейсембай
-
Қасен
-
Құрмаштың әжесі
-
Түсi тазылар түсiндей емес, қасқыр түстес. Дене жүнi ақ сарылау келгенде, маңдайы шаңқиған ақ маңғал қасқа болатын. Екi көзi шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемi от шашып тұратын қып-қызыл көз.
-
Өзiнiң үстi-басы батпақ болып сыбағысқан собалақ жүдеу пiшiнмен келдi. Қайта тұрып қалды. Тағы да бұрынғысынша күйленiп, нық семiрiп, ендi орасан боп өсе бастады.
-
Жотасы күдiрейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрiндi.
- ...оңашада бұны алып соғып, көп езгiледi. Бұны талап жатқанын көрiп, өзге иттер де келiп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтiруге айналып едi.
- ...Бұл да қарсы тап бердi. Сол уақытта құлақ шекесiнен тиiп қалған қышқаштай қатты темiр ауыз жұлқып кеп жiбергенде, ой жаққа қарай ытқып барып түстi... Ағындап келiп, әр жаққа шығып алып, көлденеңдеп шапшып-секiрiп келiп, Көксеректi құлақ шекеден ала түстi.
- Қара ала төбет
- Аққасқа
Көксерек | Аққасқа |
---|---|
Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талайым деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп тұрды алады. Тісі батса, қинала бара жатып, дыбыссыз ғана өзің қыржитқан... | Отқа қарсы қараған көздері ашумен қанқалал шатынап кетеді. Қараңғы ала көлеңкеде жатқанда, екі көзі қып-қызыл шамша жанады. Аққасқа ырықжандан алдында отырған Бейсембай жотасы мұздң, ет тітіреп кетеді, ентелеп ілгері жылжып, отқа қарай мінбелей береді... |
Мінездеме | |
3-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығармадағы автор бейнесін анықтайсың;
– шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазасың.
-
Күндiз болатын. Күн шаңытқан аяз едi.
-
Сонысын сезген болу керек, күздiң бiр қара дауылды қара түнiнде...
-
...Ұзын кең өлкенi қаптай басқан қарағанның ортасында да терең құз жар бар.
-
Құрмаш пен әжесі
-
Көксерек пен қара ала төбет
-
Құрмаш пен Көксерек
«Бiрақ Көксерек әлi күнге ешбiр уақытта «қыңқ» етiп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүнi үрпиiп тұрып алады. Тiсi батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуiн ыржитады», – деген үзіндіден жазушының қандай қыры байқалады?
-
қасқыр тіршілігін суреттеудегі жазушы ерекшелігі
-
қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі
-
жазушының қасқырдың әрекетін бағалауы
-
Адамдардың табиғат заңдылығын бұзуы трагедияға әкеледі.
-
Қасқырлар тіршілігінің мәні.
-
Дала табиғатын суреттеу.
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенiн ұға алмады. Бiресе өздерi берiп тұрып: «Же», – дейдi. Бiресе сондай тамақты өзi тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себептi кей кездер алдына дайындап қойған тамақты да жемей, көзiнiң астымен жалт-жалт қарап жатушы едi. Қалай да болса үзiп-жұла жүрiп, Көксерек аш болмайтын. Күнiне екi мезгiл тамақ iшу мұның шарты болып алды. Екi рет қолдан ас құйылмаса, ол күнi Көксерек өз бетiмен барып, бiрдеменi жеп жататын. |
|
Өзіңді-өзің бағала
«Рефлексиялық сұрақтар» әдісімен өзіңді-өзің бағала.
1. Мен тапсырманы қалай орындадым?
2. Не жақсы шықты?
3. Қай жерде жақсартуға болар еді?
4. Келесі жолы қандай әдісті қолданамын?