Батыр Баян

Бірінші тарау
1қалша – жас бала
2көбе – тор сауыт
3кебе – ерте туған қозы
Жүрегім, мен
зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл,
қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп, жанады да.
Қу
өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол
баяғыға.
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
Әдемі ертегідей
баяғыда.
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын
аяды ма?..
Ол күнде аз
қазақ пен қалың қалмақ,
Қыран мен қара құстай алысқан
шақ.
Баласы алты алаштың Абылайдың
Астында ақ туының
табысқан шақ.
Қазақтың батырлары бәрі қыран,
Сонда да бір
батыр жоқ Баяндай тап.
Жауының бір жорықта бір сұлуын
Ер
Баян алып қайтқан артына сап.
Баянның алып қайтқан сол сұлуы
–
Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ.
Сол сұлу сұлу
екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын
ет, шапақтай бет, тісі – меруерт,
Сөздері – су сылдырлап
құйылғандай.
Бір улап көзқарасы, бір айнытқан,
Жұлдыздай
еркелеген сөнбей-жанбай.
Лебізі – жібек лебі, жұмақ
желі,
Кәусардай татқан адам қалар қанбай.
Шын ер ғой батыр
Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай...
Осылай іштен
күйген батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның
інісі бар он бес жаста,
Бөрінің бөлтірігі – бала
Ноян.
Ноянның бар ақылы білегінде,
Билеген асау жүрек,
қайнаған қан.
Келгенде-ақ сұлудың бір қарауынан
Ноянның
жүрегінде ұшқын туған.
Сол ұшқын өртке айналып жап-жас
Ноян
Алысып жүрегімен аласұрған...
Ноян да сол
сұлуға – тәтті балдай,
Мөлдіреп қараушы еді көзі
талмай.
Жұтқандай сол сәулені демін алмай.
Алайда бұзық
ойдан аулақ еді,
Сұлуға тәңірі көріп табынғандай.
Жанса да
жап-жас Ноян, сұм сұлу қыз
Көп заман жүрді бірақ көз де
салмай.
Сонда кейбір кезде ақ бетіне
Бір нәрсе жүгіруші еді
ыстық қандай...
Қыз сонда:
«Ноян бауырым – кебем!1» –
деді,
«Мен сенің сүйгеніңе сенем», – деді.
«Сүйемін мен де
сені, тәңірі куә,
Тән түгіл жаным саған берем?» –
деді.
«Нояным, бірақ сенен қалауым бар», –
Деді де сұлу ойға
тереңдеді.
Сұлудың сырға толы торғын беті-ай,
Бетінде ешбір
толқын көрінбеді.
Біраздан көздеріне жас мөлдіреп,
Жас сұлу
жылап тұрып күлімдеді...
«Ер Баян
біздің елге барған еді,
Көп қойға көкжал ойран салған
еді.
Бөбегін шырылдатып ап кеткенде,
Ата-анам жылап-зарлап
қалған еді.
Сорлы анам көкірегін көкке сауып,
Қан жылап ме
нен бір ант алған еді.
Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін
Бір
көрмей, қозым, ерге барма!» – деді.
Анама сөзім – анау, өзім –
мынау,
Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені.
Көр болсақ, көрді
көрмей, тәңірі оңдай ма,
Ер Баян неге батқан терең ойға?
Мен
сорды көргеннен-ақ сүйген Баян,
Қосылсақ, Баянға ауыр дерт
болмай ма?
Биікке кетпей киік ойда ойнаса,
Ашулы арыстанға
мерт болмай ма?
Екеуіміз Сарыарқадан сапар қылсақ,
Қатерсіз
қосылуымыз берік болмай ма?
Қаны бір ел еді ғой қазақ,
қалмақ,
О да бір саған туған жұрт болмай ма?!» – ...
...Сол уақыт
мезгіл екен дәл таң алды,
Төзім қып албырт Ноян күтпей
таңды,
Жүгіріп жан ұшырып, жаяу барып,
Жылқыдан екі жүйрік
таңдап алды.
Азырақ азық алып, қару-жарақ,
Жүйрікке әсем
әбзел-тұрман салды.
Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп,
Екеуі
ескен желдей кетіп қалды.
Кетті олар. Сәске болды, ауыл
тұрды,
Алдымен Ер Баянға хабар барды...
Ер Баян сол
кеткеннен кете барды,
Мініп ап белдеудегі көк
тұлпарды.
Дулыға, қалқан, көбе1 қалған
ұмыт,
Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды.
Бауырынан
Обағанның сырғып өтіп,
Арыста н айдалада дүбір
салды.
Дауылдай талмай есіп, желдей ұшып,
Түс ауа
Жолдыөзектің даласында
Алыстан екі қараны көзі шалды...
Жас Ноян
жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян Ер Баянға қарсы
жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына
Түсінен шошыды да,
тоқтап тұрды.
Жапанда аға-іні: Баян, Ноян,
– Алып кел көз
алдыңа Ай мен Күнді.
Дұрысы – күміс күлген
күндізбенен
Түнерген қара бұлттай қара түнді.
Алайда ерке
бұлан Ноян-ұлан
Ашулы ағасына қарап күлді...
Дегенше, қалды
тартып батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Оқ тиіп
жүрегінен құлап түсті,
Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.
Жын шуы
басқандай боп естімеді
«Жан көке, аға!» – деген сөзді
Баян.
Садағын сол секундта тартты тағы
Бір ашып, бір жұмбай
да көзді Баян.
Үстіне
інісінің денесінің
Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.
Екі жас
аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып
түсті.
Жүректен атып ыршып шыққан қанмен
Жалғыз-ақ «Аһ»
десті де, «Жаным» десті.
Қомағай қара топырақ бүлкіл
қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті.
Күлдей қу, тұнжыраған
түндей болып,
Жия алмай, құр теңселіп, ақыл есті,
Тұрды да
біраздан соң батыр Баян,
Атынан есі ауғандай құлап түсті...
«Жорыққа қу
қалмаққа жүрдім неге?
Тобына көк бөрідей кірдім неге?
Тәтті
бал, балауса тал жас сұлуды
Көр болғыр, екі көзім, көрдің
неге?
Садақпен жүрегінен тартып кетпей,
Жыландай бауырыма
сап келдім неге?
Әйелдей баса алмайтын жүрек жынын
Есалаң
жүрекке ерік бердім неге?
Буынып сол боз үйден шықпай
өлмей,
Атылып оқ жыландай тұрдым неге?!
Ойламай, белді бекем
будым неге?..
Сұм садақ
кетсе де үзіп жас жүрегін,
Жойған жоқ құлыншағым ерке
түсін.
Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап
аппақ төсін.
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым!
Қайтейін,
арымадың, арда күшім!
Жоқ, әлде, жоқ... жоқ... Әлде... Өлтірдім
бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?!
Арқамдай жержүзінде
жер бола ма?
Айбынды алашымдай ел бола ма?
Алашта
ертеде өткен екі арыстан:
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола
ма?
Солардың нәсілінен Сары, Баян,
Барыстай ойын салған сар
далада.
Інісі Ер Баянның жасық Ноян
Атадан азып туған дер
бола ма?
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны
Алашқа бұдан да
ауыр шер бола ма?!
Дариға,
жұбанамын, жел ойменен,
Тартпадым сұм садақты бұл
ойменен.
Тандырған мені есімнен ғашықтық қой,
Бір тынбай сұр
жыландай жаным жеген.
Өз бауыры, өз сүйгенін өзі
өлтірген
Болар ма, сірә, сорлы адам менен?!
Алдымда
«Көкежан!» – деп күліп тұрған
Садаға кетпедім ғой, қозым,
сенен.
Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым, аттанамын,
жауыңда өлем!..»
Екінші тарау
...Түн өтті. Жер
шетінде алтын таңды
Жорғалап, жүз бұралып, жел қарсы
алды.
Сарғайып сары белден таң атқан соң,
Абылай қолға:
«Аттан !» – деп хабар салды.
Бәрі де болат тұяқ бедеу
мініп,
Батырлар қатар түзеп келіп қалды.
Жөңкіліп күзді күні
көшкен бұлттай
Қап-қара, ортасы ой боп, қол қозғалды.
Асырып
ертегіше айтқан жанға
Қара нар қайыспайтын жер шайқалды...
Қазақтан
қулықпенен құтылмаққа
Кеңесті қос қонтайшы: Ұса,
Серен.
Жіберді, кеңесті де, жеті қалмақ,
Сөздері: «Абылайдан
бар да тілен!
Ағаттық бізден болды, кешсін Абылай.
Ақ отау,
айдаған мал – бәрін берем.
Тағы да ер басына бір ару
мен
Қара нар – айыбымыз, қалы кілем».
Жеті елші осы
сөзбен келген ханға,
Қаратып өз жауабын ертең таңға,
Салады
мынау сөзді хан Абылай
Бибатыр, қасындағы көп қыранға.
Салса
да, алдыменен өзі айтады:
«Түспеспіз, тірі болсақ,
алдағанға!
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын
алсақ қолдан арғы таңда.
Ерлерім, ойым осы! – деді Абылай,
–
Бұл ойды теріс дейтін адам бар ма?»
Абылай айта қалса
істің жайын,
Би-батыр теріс дей ме Абылайын.
Қалың топ
тым-тырыс боп тұрған шақта
Дегендей: «Ерік иеде, біздер
дайын!»
– Ерлігі алашқа аян батыр Баян
Тұрды да деді:
«Алдияр, Абылайым,
Мергеннің мылтығына қарсы жүрмес,
Қырдағы
адам түгіл құландайын.
Сөзімді не кектерсің, не құп
дерсің,
Ойыңды теріс дейді Баян-айың!
Талқыға салмай
шындық табылмайды,
Құл ғана қожаны ылғи қабылдайды.
Қу
қалмақ күні ке ше алдамап па ед,
Шоңқитып Ой қытай мен Өр
қытайды?
Қытаймен күні бүгін жалғаспаса,
Қытайға қалмақ неге
қанат жайды?
Абылай артық туған неге ұмытсын,
Қазаққа қалмақ
сыры аяндай-ды.
Қалмақтың қарты түгіл, қалшасы1 да,
Алдатпас,
алдап кетер Абылайды!» – ...
...Ерлерін жиып
Абылай, ел ағасы
Сұрайды: «Мынау істің не шарасы?»
Қырандар
әрі-бері толқысқан соң,
Қанайы Қарауылдың, топтың
басы,
Саңқылдап суырылып сөйлей берді:
«Қытайдың қол ұсыным
шегарасы.
Қалмақты Қытай кірген зерттер болсақ,
Қазақтың
бірі қалмай мерт боласың!..»
Тұнжырай қалса дағы хан
Абылай:
«Қайту!» – деп, сөздің болды бітуанасы.
Таң ата қол
қозғалмақ кейін қарай,
Ұрылған көңілі қаяу хан Абылай.
Қол
жатқан, жым-жырт басқан, таң да таяу,
Жалғыз-ақ жатқан ояу Баян
бала-ай:
«Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан
Жөңкіліп бұл
қайтудың мәні қалай?» –
Деді де атып тұрып топ
ішінен,
Ерлерден от екпінді, жолбарыстай
Жүз жасты жолдас
қылып тарта берді,
Таң ата: «Қайдасың, – деп, – қалың
Қытай?»
Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап,
Тартады
шабуылмен Іле бойлап.
Алдында ақ
сұңқардай батыр Баян,
Екпіні қауға тиген өрттей
ойнап.
Бедеулер болат тұяқ желден ұшқыр
Алысып, ауыздықты
қарш-қарш шайнап.
Сәскеде сағымменен көрді Баян
Көп қалмақ
Іле бойын жатқан жайлап.
Жүз бөрі аз дамылдап алысты да,
Ат
қойды қалың жауға «Абылайлап»...
Аз қазақ көп қалмаққа салды
тойды,
Көк аспан қара түтін шаңға тойды.
Алдаспан ажалменен
бәсеке боп,
Қанішер, қайқы қара қанға тойды.
Жып-жылы адам
қаны бүлкіл қағып,
Қуалап жылжи берді ойдан-ойды.
Көк көбе
шүберектей шұрқ-шұрқ болып,
Жыртқызды ерлер дал-дұл тұла
бойды.
Анадай дөң басында Ұса, Серен
Қуыршақ құдайына қасқа
сойды...
Жер мен көк шыр
айналып араласты,
Көз алдын қара түтін тұман басты.
Тәтті
бір жазғы таңда қалғығандай,
Ер көзін оқтын-оқтын жұмып
ашты.
...Көргендей болды ашулы Абылайды,
Қалың қол: «Әне,
Абылай!» – деп шуласты.
Тағы ашты жұмған көзін, тағы
көрді
Алдында жас ұлан мен толқын шашты,
Екеуі құшақтасып
жап-жақын тұр,
Басымен ишара етіп амандасты.
Алдында Ноянменен
Ақшамаңдай,
Жұлдыздай жымыңдаған сөнбей-жанбай .
Сұлудың
сексен сырлы жұмбақ жаны-ай,
Ерніне әлде болса күлкі
алғандай.
Жоқ... Күлкі жоқ... бетінде тамшы қан
жоқ,
«Ағалап», жан ұшырып жалбарғандай.
Жоқ... өзі
Жолдыөзекте жортады-мыс,
Ұмтылды оқ жыландай садақ пен
қан,
Кезерген ердің ерні қозғалғандай...
Екі жас қайғысы мол
құп-қу жүзді,
Екеуі құр қарап тұр алмай көзді.
Көкесі жан
бергенде, бөбек Ноян
Тұрғаны мәні қалай құшып қызды?
Дариға,
беті қара сорлы Баян
Шығарған өз қолымен екі көзді:
Іс өтті.
Ажал жетті. Енді не бар?
Қоштасып айтысалық соңғы
сөзді!
«Келіңдер, қарақтарым, кешіңдер!» – деп,
Ер Баян
әлсіз ғана қолын созды...
Көңілінен Ұса,
Серен кеткен қауіп,
Қуанып, сырнай-керней қылды
сауық.
Алайда Абылайдан сескенген соң,
Жөнелді ертеңіне
Қытайға ауып.
Алаштың ардагері батыр Баян
Бір қырда қала
берді топырақ қауып.
Жаудан да мейірімді боп жылады
жел,
Күңіреніп, ер денесін құммен жауып.
Іленің толқындары
әлі күнге
Айтады ерге жоқтау ауық-ауық.
Ерлерді ұмытса да
ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін
жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл
ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,
Ерлерді
ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын
жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі,
желі, шөлі, белі,
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
4-тапсырма. Поэманың толық нұсқасын хрестоматиядан оқып, ақын жазған негізгі оқиғаның идеясына мән беріп, көркемдігіне назар аударыңдар.
Сюжеттің құрамдас бөліктері | Сюжет бөліміндегі негізгі оқиға мен кейіпкерлер |
Оқиғаның басталуы | |
Байланысуы | |
Шиеленісуі | |
Шарықтау шегі | |
Оқиғаның аяқталуы |
6-тапсырма. «Батыр Баян» поэмасындағы жер-су атауларына, қазақ батырлары туралы айтылған жолдарға назар аударыңдар. Жырдың оқиғасы қандай тарихи кезеңде, қай жерде болғанын айтып беріңдер.
Батыр Баян | Жырдан мінез ерекшелігін білдіретін жолдарды теріп жазыңдар | Батырдың портретін беретін жолдарды жазыңдар |
Жырдан үзінді | Троп түрлері | Мағынасын өз сөзіңмен түсіндір |
Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге? Тобына көк бөрідей кірдім неге? Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды Көр болғыр, екі көзім, көрдің неге? ... |
||
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай, Бір соған бар сұлулық жиылғандай. Торғын ет, шапақтай бет, тісі – меруерт, Сөздері – су сылдырлап құйылғандай. |
||
Сәскеде сағымменен көрді Баян Көп қалмақ Іле бойын жатқан жайлап. Жүз бөрі аз дамылдап алысты да, Ат қойды қалың жауға «Абылайлап». |
9-тапсырма. Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян мен оның бауыры Ноянға деген көзқарасы қандай? Авторлық баяндаулар арқылы ақын ұстанымын анықтаңдар.
10-тапсырма. Берілген мінездемелерге жырдан үзінді келтіре отырып, өз ойларыңды дәлелдеңдер.


Жырдан үзінді | Менің ойымша, ... |
Дегенше, қалды тартып батыр Баян, Баянның батырлығы алашқа аян. Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті, Атынан бүктетіліп бөбек Ноян. |
|
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым! Қайтейін, арымадың, арда күшім! Жоқ, әлде, жоқ... жоқ... Әлде... Өлтірдім бе, Інімді алты алаштың намысы үшін?! |
|
Інісі Ер Баянның жасық Ноян Атадан азып туған дер бола ма? Құл болса бір қыз үшін балдырғаны Алашқа бұдан да ауыр шер бола ма?! |
1-мәтін. Мәтінді тыңдап, поэмада аталатын жер-су атауларын жазып алыңдар. Уақыт мөлшері: 10 минут.
2-мәтін. Мәтінді тыңдап, үзіндідегі оқиғаны өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Мынадай мәселелерге назар аударыңдар. Уақыт мөлшері: 11 минут.
1. Батыр Баян көмектескен Жанатай деген адам кім?
2. Қалмақтар батыр Баянға не істеді?
3. Баянның көз алдына кімдердің бейнелері елестеді?
Мәтін бойынша есте қалған сөздер | Көріктеу құралдары |
3-мәтін. Мәтінді тыңдап, көріктеу құралдарын есте сақтап, дәптерлеріңе жазыңдар. Мәтін оқиғасын баяндап беріңдер. Уақыт мөлшері: 9 минут.
12-тапсырма.Батыр Баянның ерлік істерін ақын қандай сөздермен береді? Баянның ішкі ойы мен оның жан күйзелісін беретін жерін поэмадан тауып, өз пікірлеріңді білдіріңдер. Поэма оқиғасын өз көзқарастарың бойынша дамытып жазыңдар.

14-тапсырма. Сыныптағы ұлдар, Батыр Баянның ерлік істері мен батырлық әрекеттері туралы сызба жасап қорғаңдар.
15-тапсырма. Сыныптағы қыздар, жыр жолдарынан сұлулықты, әдемілікті білдіретін сөздерді тауып, кластер құрастырыңдар.
16-тапсырма. «Батыр Баян» поэмасының тақырыбы мен идеясын негізге алып, 150 сөзден тұратын эссе жазыңдар. Эсседе поэманың ұлттық әдебиеттегі орны мен эстетикалық құндылығына назар аударыңдар.
Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– поэма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың.
-
«Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым»
-
«Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Қорқыт»
-
«Педагогика», «Сауатты бол»
-
Бірнеше оқиға тізбектелген жыр жолдары, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы.
-
Оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түріндегі шығарма.
-
Дидактикалық сарынды, белгілі оқиғаны, оқиғаларды баяндайтын поэзиялық үлгідегі, бір мақаммен немесе музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын жанр.
-
Туған елді, жерді қорғау
-
Жастардың бас бостандығы, адал махаббат
-
Сұлулық пен мейірімділік
-
Махаббатты жырлау
-
Тәуелсіздікті насихаттау
-
Батырларды дәріптеу
-
Қалмақ қызының сұлулығын.
-
Өзінің қалмақ қызына ғашық болып қалғанын.
-
Інісі Ноянның қалмақ қызымен бірге елін, жерін тастап қашуын
2-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– поэмадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайсың;
– шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайсың.
1. Жауының бір жорықта бір
сұлуын
Ер алып қайтқан артына сап.
2.Баянның інісі бар он бес жаста
–
Бөрінің бөлтірігі – бала
-
Торғын ет, шапақтай бет, тісі – меруерт, Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.
-
Билеген асау жүрек, қайнаған қан...
-
Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай.
- Сорлы анам көкірегін көкке сауып, Қан жылап менен бір ант алған еді.
- Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге? Тобына көк бөрідей кірдім неге? Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды Көр болғыр, екі көзім, көрдің неге?
- Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға! Күні ертең не бергенін жолдан алып, Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда.
- Қалмақ қызы
- Батыр Баян
- Абылай
-
Ер Баян сол кеткеннен кете барды, Мініп ап белдеудегі көк тұлпарды.
-
Сәскеде сағымменен көрді Баян Көп қалмақ Іле бойын жатқан жайлап.
-
Қазақтың батырлары бәрі қыран, Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.
-
өз елінің намысы үшін бауырын өлтіргені
-
ел намысы үшін басын қатерге тігуі
-
қалмақтардан кек алуы
-
Мергеннің мылтығына қарсы жүрмес, Қырдағы адам түгіл құландайын. Сөзімді не кектерсің, не құп дерсің, Ойыңды теріс дейді Баян-айың!
-
Сорлы ағаң атып жығып өз інісін, Иіскейді енді зарлап аппақ төсін. Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым! Қайтейін, арымадың, арда күшім!
-
Өз бауыры, өз сүйгенін өзі өлтірген Болар ма, сірә, сорлы адам менен?! Алдымда «Көкежан!» – деп күліп тұрған Садаға кетпедім ғой, қозым, сенен.
«Батыр Баян» көркем фильмінен берілген үзіндіні көр. Кейіпкердің осы оқиғадан кейінгі іс-әрекетін поэманың сюжеттік желісіне сүйеніп анықта.
-
Жауының бір жорықта бір сұлуын Ер Баян алып қайтқан артына сап.
-
Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан Еліне сол сұлуды естен танбай...
-
Ел беті енді маған болсын арам, Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!..»
3-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– поэмадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсың.
-
Дұрысы – күміс күлген күндізбенен Түнерген қара бұлттай қара түнді.
-
Сол ұшқын өртке айналып жап-жас Ноян Алысып жүрегімен аласұрған...
-
Аз қазақ көп қалмаққа салды тойды, Көк аспан қара түтін шаңға тойды.
Керекті сөздер: садақ, дулыға,
көбе, қалқан
... , ... , ... қалған ұмыт,
Белінде
жалғыз-ақ бір ... бар-ды.
Күлдей қу, тұнжыраған түндей болып
-
эпитет
-
теңеу
-
ауыспалы мағынадағы сөз
-
Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып. Асығып екі жастың қанын ішті.
-
Ол күнде аз қазақ пен қалың қалмақ, Қыран мен қара құстай алысқан шақ.
-
Ноян да сол сұлуға – тәтті балдай, Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай.
-
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды, Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.
-
Түс ауа Жолдыөзектің даласында Алыстан екі қараны көзі шалды...
-
Осылай іштен күйген батыр Баян, Баянның батырлығы алашқа аян.
Аз қазақ көп қалмаққа салды
тойды,
Көк аспан қара түтін шаңға тойды.
-
анафора
-
риторикалық сұрақ
-
эпифора
- Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
- Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның інісі бар он бес жаста – Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.
- Ассонанс
- Аллитерация
-
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
-
Көкесі жан бергенде, бөбек Ноян Тұрғаны мәні қалай құшып қызды?
-
Қалмақты Қытай кірген зерттер болсақ, Қазақтың бірі қалмай мерт боласың!..
Өзіңді-өзің бағала
