Жамбыл Жабаев (1846–1945)
Жамбыл Жабаев – қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, жыр алыбы, ақын, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі.Ол бозбала кезінде өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылды. Он бес жасында Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, батасын алады.
Сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаяқ Құлманбет сияқты белгілі ақындармен айтысқа түскен Жамбыл үнемі жеңіске жетіп отырған. Қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен де өнер таластырған. Тек ақын ғана емес, жыр-дастандарды апталап, айлап жырлайтын жыршы да болған. Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік-саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен көрсеткен.
Ол 1945 жылы 22 маусымда 100 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

1. Жамбыл Жабаев Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген бе? | |
2. Жамбыл он бес жасында Шөже мен Шашубайдан бата алған ба? | |
3. Жамбыл 100 жасқа қараған шағында дүниеден өткен бе? |
- Жамбыл Сарыарқа әндері мен жырларын үйренген ақын
- Жамбыл он бес жасында батасын алған ақын
- Жамбыл өнер таластырған қырғыз ақыны
- Шашубай
- Сүйінбай
- Қатаған
- Шашубай, Құлманбет, т.б. белгілі ақындармен айтысқа түсу
- Шөже, Шашубай сынды ақындармен кездесу
- Қырғыздың манасшыларымен өнер таластыруы
Өзіңді-өзің бағала
