Параграф 3.7 (Қазақ әдебиеті. 7-сынып)

ЗІЛДІ БҰЙРЫҚ

Зілді бұйрық

1Верный – Алматы қаласының аты, екі мың жылдық тарихы бар Алматының ескі орнына Ресей империясы Ұлы жүздің бағынған аудандарын басқару үшін 1854 жылы Верный әскери-соғыс бекінісін орнатты, ал 1856 жылы Алатау округі құрылды. Үлкен Орда приставы Қапал бекінісінен Верныйға көшірілді. 1867 жылы Верный бекінісі қала статусын алды.

1918 жылы наурыз айында Верныйда Кеңес өкіметі орнады, соған орай 1921 жылы 5 ақпанда Верный қаласы өзінің ежелгі атымен Алматы қаласы деп аталды.

1 Шиен – Алматы облысы Жамбыл ауданы Суықтөбе тауының солтүстігіндегі елді мекеннің атауы

Зілді бұйрық

Верныйдан1 жандаралдар бұйрық қылды,
​Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
​«Отыз бір – он тоғызды алады» деген
​Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық малын айтып,
​«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», –
​Дейді де еңірейді, егіледі,
​Қайғының күні-түні күйін тартып.

Верныйдың қадам баспай қаласына,
​Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
​Ешбір ем табылмады іздесе де,
​Халықтың жүректегі жарасына.

Пристав келіп қалды бала сұрап,
​Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
​«Қырсаң да, баламызды бермейміз» деп,
​Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.

Пристав ашуланды «аламыз» деп,
​Жігіттер тұр: «бармаймыз, қаламыз» деп.
​«Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
​Басыңа бір ойранды саламыз» деп.

Ел-ел боп, жиылды кеп әрбір сайға,
​Ал, әлеумет, қараңдар, мына жайға.
​Сеңдей болып соғылып толқындады,
​«Бір сая бола ма деп шыбын жанға?»

Жиылды бозбалалар бір кезеңге,
​«Қарғалы» деген тасқын бір өзенге.
​Пристав кетті «еріксіз аламын» деп,
​Көресің бұл істі деп, кезегінде.

Бәрін де ол пристав жаттап алды,
​Басшыларын қағазға хаттап алды.
​Аттандырып бұл елге солдаттарын,
​Басты-басты кісіні саптап алды.

Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
​Жанында қан, малында қалмай маңыз.
​Оразаның күні еді сол уақытта,
​Бұл күнде оразаны не қыламыз!

Суында Қарғалының ауыз ашты,
​Бір пәлекет халыққа душарласты.
​Басшылары кеткен соң тағат алмай,
​Жиылған жұрт дағдарып жанталасты.

Келді де, алып кетті жақсыны айдап,
​Барады боздақтардың көзі жайнап.
​Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
​Жөнелді абақтыға соры қайнап.

Жақсыдан жақсы қоймай алды санап,
​Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ.
​Білмеді не болғанын сырттағы ел,
​Қамалғандар тірідей тартты азап.

Шулайды абақтыға қамалған көп,
​Сырттағы жүр: «біз енді қайтеміз?» деп,
​Губернатор жандарал жауапқа алды:
​«Жайлауда ту көтеріп, шапқан кім?» деп.

Ешқайсысы айтпаған соң айғай сап кеп,
​Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.
​Бекболат бола қалса ту көтерген,
​Бұйрық қылды: «Дарға асып, тарт!» деп.

Қалиқұлды бірге жазды дарасына,
​Байбосын қоса кетті арасында.
​Абақтыда қалғандар естен танды,
​Көзінің қамшы тиіп қарасына.

Әкетті байғұстарды арбаға сап:
​«Иманыңды айтатын молдаңды тап.
​Үндеріңді шығарма, өңкей надан.
​Мұнан былай сөйлеме, аузыңды жап!»

Самсыны1 алған екен Ботпай2 қамап,
​Оларды жігітімен кетті сабап.
​Тұтқындарды босатып ала алмады,
​Бір пәлеге екінші пәле жамап.

Пристав та Самсыға барған екен,
​Жәнібектің мешітін қамап алған екен.
​Жәнібек қажы жанына ара тұрды,
​Бір болыс ел жиналып барған екен.

Ала алмай күні бойы әлек болды,
​Жәнібек приставқа себеп болды.
​Ертеңінде құтылып Ұзынағашқа,
​Шаңдатып келе жатты қара жолды.

Бөлек-бөлек топтанып, шоқтай болып,
​Бай көпесті өлтірді Ботпай болып.
​Қолына онан басқа түк түспеді,
​Кезсе де бұл маңайды әбден шолып.

Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,
​Не боларын бұл істің біле алмастан.
​Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
​Бозбаланы бітірді кек алмастан.

Шиендеде әскерлермен ұрыс болды,
​Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.
​«Саттар өлді, ел қашты» деген хабар,
​Ел-елдерге жайылды оң мен солды.

Шұбырып, тауға қарап ел жөнелді,
Не боларын соңының кім біледі?
​Тауға шығып, өрмелеп тасқа бұғып,
​Елдің бәрі жанынан түңілді енді.

Ертеңінде ел-елге әскер барды,
​«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
​«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
​Таудағылар кірер жер таба алмады.

Аттандық ұлығының қонысына,
​Елді сорған борсықтай болысына,
​Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып,
​Көксеген азаттықтың соғысында.

1-тапсырма. Өлең не туралы? Тарихи деректемелерді негізге ала отырып, өз ойларыңды ортаға салыңдар.

2-тапсырма. Шығарманың мазмұнын баяндап беріңдер.

3-тапсырма. Бұйрық сөзіне кластер-сызба құрастырыңдар.

4-тапсырма. Шығармада баяндалған кезеңдегі қазақ жерінің ахуалына тарихи сипаттама беріңдер.

 5-тапсырма. Шығарманың кез келген жерінен үзінді алып, ұйқасқа талдаңдар.

6-тапсырма. Жамбыл бейнесіне портреттік сипаттама беріңдер.

Үзінді

Метафора

Теңеу

Метонимия

Синекдоха

Эпитет

Верныйдан жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Отыз бір – он тоғызды алады» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.

Верныйдың қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де,
Халықтың жүректегі жарасына.

Келді де, алып кетті жақсыны айдап,
Барады боздақтардың көзі жайнап.
Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
Жөнелді абақтыға соры қайнап.

Шулайды абақтыға қамалған көп,
Сырттағы жүр: «біз енді қайтеміз?» деп,
Губернатор жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту көтеріп, шапқан кім?» деп.

Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына,
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып,
Көксеген азаттықтың соғысында.

8-тапсырма. Сыныптасыңмен бірге Ж. Жабаевтың шығармашылығына арналған ғылыми жоба құрастырыңдар.

 9-тапсырма.  Ж. Жабаев туралы мәліметтерге сүйене отырып, «Даланың дарқан көңіл ақыны» тақырыбына эссе жазыңдар.

10-тапсырма. Өлең не себепті «Зілді бұйрық» деп аталған? Өлең тақырыбы ішкі мазмұнын ашып тұр ма? Егер өздерің өлеңге тақырып қойсаңдар, қалай атар едіңдер?

11-тапсырма. «Зілді бұйрық» өлеңін ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, «Еркіндікті көксеген халық үні» тақырыбында әдеби эссе жазыңдар.

Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.

1-мәтін. Уақыт мөлшері: 7 минут.

Мәтінді тыңдап, берілген оқиғаны қара сөзбен суреттеп беріңдер.

1-мәтін (бейнежазба ЖИ арқылы жасалған)
2-мәтін

2-мәтін. Уақыт мөлшері: 11 минут.

Мәтінді тыңдап, оқиға кейіпкерлеріне сипаттама беріңдер.

3-мәтін

3-мәтін. Уақыт мөлшері: 12 минут.

Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

Бөлек-бөлек топтанып, ... болып,
Бай көпесті өлтірді Ботпай болып.
Қолына ... ... түк түспеді,
Кезсе де бұл маңайды ... ... .

... ұлыққа түк қыла алмастан,
Не боларын ... ...біле алмастан.
 ... жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы бітірді ... ... .

Шиенде де әскерлермен ұрыс болды,
Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.
«Саттар өлді, ... ...» деген хабар,
Ел-елдерге жайылды оң мен солды.

4-мәтін. Уақыт мөлшері: 12 минут.

4-мәтін

Мәтінді тыңдап, оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңдар.

Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ

Сенің меңгеретінің:

– көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтауды меңгересің.

  • Сүйінбай Аронұлы
  • Абай Құнанбайұлы
  • Шашубай ақын

Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңінің көтерген тақырыбы қандай?

  • 1916 жылғы патша жарлығына қарсылық көрсеткен халық туралы
  • 1917 жылғы Қазан төңкерісіне қатысуы
  • 1916 жылы халықтың патшаны қолдағаны туралы
  • жандаралдар
  • бұйрығының
  • Суық хабар
  • сорлы халық
  • Қайғының

1.«Верныйдан» бұйрық қылды, 

Құйрығы тіпті зілді. 

«Отыз бір – он тоғызды алады» деген.

халықты бұлқындырды.

2.Жылады малын айтып, 

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», –

Дейді де еңірейді, егіледі,

күні-түні күйін тартып.

Зілді

Суық хабар

Сорлы халық

Қайғының күйін тарту

  • Халық бірлігі
  • Халықтың қорқуы
  • Халықтың патша саясатына қарсылық көрсетуі

1.«Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды,

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.

«Отыз бір – он тоғызды алады» деген.

Суық хабар халықты бұлқындырды.     

2.Пристав келіп қалды бала сұрап,

Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.

«Қырсаң да, баламызды бермейміз» деп,

Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.

Пристав ашуланды «аламыз» деп,

Жігіттер тұр: «бармаймыз, қаламыз» деп.

«Егер де бұл түріңді өзгертпесең,

Басыңа бір ойранды саламыз» деп.     

3. Шулайды абақтыға қамалған көп,

Сырттағы жүр: «біз енді қайтеміз?» деп,

Губернатор жандарал жауапқа алды:

«Жайлауда ту көтеріп, шапқан кім?» деп.

Ешқайсысы айтпаған соң айғай сап кеп,

Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.

Бекболат бола қалса ту көтерген,

Бұйрық қылды: «Дарға асып, тарт!» деп.  

4. Самсыны алған екен Ботпай қамап,

Оларды жігітімен кетті сабап.

Тұтқындарды босатып ала алмады,

Бір пәлеге екінші пәле жамап.                 

5. Шиенде де әскерлермен ұрыс болды,

Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.

«Саттар өлді, ел қашты» деген хабар,

Ел-елдерге жайылды оң мен солды.     

  • Ертеңінде ел-елге әскер барды, «Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды. «Қашқандарды атады» дегеннен соң, Таудағылар кірер жер таба алмады.
  • Шұбырып, тауға қарап ел жөнелді, Не боларын соңының кім біледі? Тауға шығып, өрмелеп тасқа бұғып, Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
  • Аттандық ұлығының қонысына, Елді сорған борсықтай болысына, Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып, Көксеген азаттықтың соғысында.

Өзіңді-өзің бағала