Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы

Қырғыз ханы Орман үлкен ас береді деген хабар көршілес қазақ еліне алты ай бұрын тарайды. Атақты ас қырғыз жерінде Ыстықкөл жайлауында ХІХ ғасырдың орта шенінде өтеді. Қырғыздың шоң манабы Бәйтік қазақтан келген қалың топқа: «Тезек төре! Мына бадана көз, сұлу жігіт Сүйінбай ақын емес пе?!» – деді. Өзінің аты бірінші аталғанда Сүйінбайдың айтқаны:
–
Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа
көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі,
саған келдік.
Жүйріктер
қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт қашқан аңға.
Хан
Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орман ханға.
Қол жайып,
құран оқып өткендерге,
Аруағын атаң, қырғыз, келдім
жоқтай.
Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,
Жарай ма қайтып
кету көңіл айтпай?!
Қырағы
аспандағы ақиықпын,
Құмары басылмайтын борандатпай!
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы
Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің тасасында отырған қағілез, қайыстай қара жігіт қарғып тұрып, қолына домбырасын ала айғайды салып, Сүйінбайға тиіседі.
Қатаған ақын:
– Ау, Сүйінбай, тоқтат
сөзіңді...
Ақынмын деп ойлайсың,
Мен тұрғанда өзіңді!
Қисық
ағаш кездесті,
Басыңнан өлең жаудырып,
Бір құрайын тезімді1!
Барың
болса қарышта,
Барар жерің сезілді!
Менің атым –
Қатаған,
Қоңырбөрік асында,
Бес жүз жылқы матағам!
Сүйінбай
тәуір ақын деп,
Мұның несін атаған!
Құс мойынды, қоян
жон,
Тұлпардан туған жатаған!
Сүйінбай, сенен
жеңілсем,
Қатаған болмай қатайын,
Көк шешектен
жатайын!
Қырғызға әкеп мақтанып,
Беш тиынға-ау сатайын!
Ау,
көптігімді де айтайын.
Батыр Жантай бегім
бар,
Егізек пен Тоғызақ,
Бұғы деген қырғызым,
Маңдайға
біткен жұлдызым!
Байлық десең, бізде бар,
Батырлық десең, бізде
бар!
Ел шетінен айтайын,
Сарыбақ үш мың дұлым1,
Жағамдағы
құндызым!
Маңдайдағы жұлдызым,
Бұғы деген жұртым бар,
Байлық
десең, мұнда бар,
Көптік десең, мұнда бар!
Беттік десең, мұнда
бар,
Көкше қоян құмда бар,
Біздей ерчі2 қайда бар!
Сүйінбай!
Зар
жылатқанмын талайын!
Қимылдашы, кәнеки,
Қай жақсың бар, ей,
Қазақ,
Сыртыңнан бағып тұрайын!
Алатаудан
төтелеп,
Тауешкідей тік басып,
Саяғыма шығайын!
Сүйінбай
ақын байқадым...
Сыртыңнан бағып қарайын! –
деп демін алғанда, Қатағанның екпінінен жасқанған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді.
А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік батыр Тезек төреге: «Ей, төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма. Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан, шығар дауысыңды», – дегенде, Тезек төреден бастап сөйлеп кетеді.
Сондағы Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны:
– Қашырма, төре,
қаныңды,
Кіргізейін жаныңды,
Қатағаннан жеңілсем,
Талап
алғын малымды!
Іздегенім осы еді,
Іздегенім
табылды.
Қатаған сөзден жаңылып,
Өз-өзінен
жаңылды.
Қызып тұрған темірге,
Өзі келіп қарылды!
Қабағын шытса
Сүйінбай,
Айдап келіп берерсің,
Алдыңдағы малыңды,
Малың
түгіл барыңды!
Жүйрік аттай көсілсем,
Көре алмассың
шаңымды...
...Сүйінбай сынды ақынды,
Жеңемін деп
ойлайсың...
...Аттары кетпес кермеден,
Қазақ деген батыр ел,
Ешкімге намыс бермеген!..
Одан әрі келейін,
Қазақты тере берейін.
Айта берсем таусылмас,
Жалпақ жатқан Ұлы жүз!
Орта жүзге келейін,
...Орта жүздің ішінде,
Жалпақ жатқан Найманым!
Құлашын кең жайғаным,
Құдайындай сыйлайтын
Үйіне келген мейманын!..
Сол Арқаның жерінде
Арғын деген жұртым бар.
Былай барсаң Арғыным,
Арғыным атқа қонғанда,
Басыңнан сенің қарғыдым!
Ешкім басып көрген жоқ,
Олардың екпін арынын!
Арғын деген сансыз ел,
Қоныс қылған мекен ғып,
Дүниенің жарымын...
Сүйінбай пірің мен болам,
Енді «батыр» таныдың!..
Сол Арғынның ішінде,
Қаракесек елім бар.
Айта берсем Қазақта,
Талай, талай көрім бар,
Қатаған ақын, қозғадың,
Менің де айтар жөнім бар!
Қырғыз, Қазақ
елдесіп,
Тыныштықта тұрғанда,
Анау-мынау демегін!..
Топ
бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан
сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлдүлмін... –
1нар келде – нар тұлғалы алып
1дұлым – қырғызша көппін деген мағынада 2ерчі – батыр, ердеп тоқтайды Сүйінбай.
– Ботам, Сүйінбай! Сен жеңдің, Қатаған жеңілді. Қатаған көппін деп мақтанды, аттың түгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді?! Бірақ қазақ ала ауыз ел, әттең, сен осыны айтпадың, Қатаған! – деп ашуланады батыр Жантай.
– Өзіңдей қазақтың жүйрік, алғыр ақынынан қалың қырғыз ешбір сыйын аямайды. Бір еркелігіңді көтереміз. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен айтшы, Сүйінжан! – дейді екі елдің айтысын басқарып отырған төрағасы Қара Бәйтік.
Сүйінбай:
– Ер-тоқымы
алтыннан
Бір ат бергін астыма,
Әсемдетіп мінерге.
Керегесі
күмістен,
Босағасы асыл тас,
Бір ақ отау үй бергін,
Еңкейіп
оған кірерге!
Алтын қынап қылыш бер,
Білегіме ілерге...
Он
бес атан түйе бер,
Жүгімді артып жүрерге.
Тоғыз жүз жылқы
берерсің,
Еліме айдап барарға!
Тоғыз жүз жамбы
берерсің,
Сандығыма саларға!
Іздеп келген Сүйінбай –
Кем
берсең, мұнан алар ма?!
Келістіріп сөйлесе,
Жақсыдан сөз қалар
ма?!
Өз ойына сенбесе,
Суырылған жүйрік болмаса,
Жақсылар
алдына келер ме?! –
дейді ақын әзіл-шыны аралас, базыналық білдіріп.
– Сүйінбай, ботам! Екі елдің бас қосқан үлкен айтысында Қатағанды жеңгенің үшін: алты қанат ақ орда, алтын бесік, бір бүркіт, мойнында күміс қарғысы бар екі тазы сыйлаймыз. Риза бол, қарағым! – дейді Қара Бәйтік асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында.
– Қашырма, төре, қаныңды,
Кіргізейін жаныңды,
Қатағаннан жеңілсем,
Талап алғын малымды!
Іздегенім осы еді,
Іздегенім табылды.
Қатаған сөзден жаңылып,
Өз-өзінен жаңылды.
Қызып тұрған темірге,
Өзі келіп қарылды!
Қабағын шытса Сүйінбай,
Айдап келіп берерсің
Алдыңдағы малыңды,
Малың түгіл барыңды!
Жүйрік аттай көсілсем,
Көре алмассың шаңымды...
Сүйінбай сынды ақынды,
Жеңемін деп ойлайсың...
4-тапсырма. Қатаған образына сипаттама беріңдер.
5-тапсырма. Айтыстағы монологті сипаттайтын жыр жолдарын тауып оқыңдар.
6-тапсырма. Айтыстағы негізгі тартыстарды тауып, оқиғаларды рет-ретімен жазыңдар.
7-тапсырма. Берілген шығармадан үзінді ала отырып, бунақ, тармақ санын ажыратып, дәптерлеріңе жазыңдар.
8-тапсырма. Оқулықтағы, хрестоматиядағы Сүйінбай толғауын оқыңдар. Осы туралы сыныптастарыңмен бірге ғылыми жоба қорғауға деректер жинаңдар.
9-тапсырма. Өзің жазған ғылыми жобаның мақсатына сай кесте құрастырып, тақырыбына сәйкес деректерді жазыңдар.
11-тапсырма. Шығарманың жанрына, идеясына, тақырыбына талдау жасаңдар.
12-тапсырма. Жинақталған деректеме кестесі негізінде жоба жұмысының жоспарын белгілеп, ғылыми жобаның кіріспе, негізгі бөлімдерін әзірлеңдер.
13-тапсырма. Жоба жұмысының негізгі бөліміндегі ақпараттарды сыныптастарыңа айтып беріңдер.
14-тапсырма. Жоба жұмысын қорытындылап, қорғаңдар.
15-тапсырма. Жоба жұмысы нәтижесінде алған ақпараттардың негізінде тарихи мәліметтерге сүйене отырып, «Айтыс – халық қазынасы» тақырыбына эссе жазыңдар.
16-тапсырма. Өздеріңе ұнаған айтыс түрін таңдап алып, сыныпта айтыс ұйымдастырыңдар.
Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.
1-мәтін. Мәтінді тыңдай отырып, Сүйінбай мен Қатаған образын салыстырыңдар.
Уақыт мөлшері: 9 минут.

2-мәтін. Мәтінді тыңдай отырып, Қатағанның сөзіне Сүйінбайдың атынан жауап жазыңдар.
Уақыт мөлшері: 7 минут.
3-мәтін. Мәтінді тыңдай отырып, қайталау түрлерін теріп жазыңдар.
Уақыт мөлшері: 6 минут.
4-мәтін. Мәтінді тыңдай отырып, ассонанс пен аллитерацияларды теріп жазыңдар.
Уақыт мөлшері: 5 минут.
Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың.
Батыр бегім бар,
Егізек пен Тоғызақ,
Бұғы деген ,
Маңдайға біткен жұлдызым!
десең, бізде бар,
десең, бізде бар!
сөзі
Айтыстың қандай түрлері болады?
-
жар-жар, жұмбақ айтыс, салт айтыс
-
жануарлар мен адамдардың айтысы, өлі мен тірінің айтысы
-
заттардың айтысы, аспан мен жер айтысы
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы қай жерде өтті?
-
Алматыда қазақтардың тойында
-
қырғыз манабы Орманхан ас бергенде.
-
Алатаудың бөктерінде
Сүйінбайдың қандай толғаулары бар?
-
«Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр»
-
«Батыр Баян», «Қобыланды батыр», «Өтеген батыр»
-
«Жабай батыр», «Қамбар батыр», «Хан Батыр»
Сүйінбай мен Қатағанның айтысында негізгі оқиға қай жерінен басталады?
-
Аты аталған Сүйінбайдың сөз бастаған жерінен.
-
Қатағанның сөзге кірісіп, Сүйінбайға тиіскен тұсынан негізгі тартыс басталады.
-
Сүйінбайдың Қатағанға жауап берген жерінен басталады.
«Иә» |
«Жоқ» |
|
|
|
|
Сүйінбай мен Қатағанның айтысында кім жеңді деп ойлайсың? Өз ойыңды түйіндеп шағын эссе түрде жаз.
2-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдауды үйренесің.
Өзіңді-өзің бағала
«Қызыл-сары-жасыл» әдісімен өзіңді-өзің бағала.
Қызыл: Мен түсінбедім.
Сары: Мен біраз түсіндім, бірақ әлі сұрақтарым бар.
Жасыл: Мен бәрін түсіндім және тапсырманы орындай аламын.