СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ (1815–1898)

Сүйінбай Аронұлы 1815 Алматы маңындағы Қарақастек ауылының Бұлақ деген жерінде жылы өмірге келіп, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын баққан. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады.
Жастайынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленеді. Ол – «Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Қарасай батыр» сияқты толғаулардың авторы.
Айтыс – тартыс пен қақтығысқа, суырыпсалмалыққа құрылған ауыз әдебиеті жанры.

Ғалым пікірі:
«Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі».
Мұхтар Әуезов