Зарзаман

Зарзаман,
зарзаман,
Зарлап өткен бір заман...
...Жөн білмеген
жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай
билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне
қазақтың
Тым-ақ тәуір еп болды –
Заманақыр болар
деп,
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді –
жаз аз боп,
Бай таусылды – мал аз боп,
Ағайыны көре
алмай,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжалы
Келе
жатыр жақындап.
Елге егін жайылды,
Байға қоңсы
жоламас.
Алдап-арбап жүрем деп,
Өз тілегін тілемес.
Арам сулы
балаға
Атаның сөзі ұнамас.
Заманақыр боларда
Алуан-алуан
жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті
жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал
шықты...
...Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы
көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған
сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей...
Мына заман қай
заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығының
белгісі:
Жақсы – жаннан түңілген,
Жаман – малдан
түңілген,
Мұның өзі – зарзаман.
Зарлығының
белгісі:
Бір-бірлерін күндеген,
Жай-жайына
жүрмеген,
Мұның өзі – тар заман...
...Орыс –
бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық
көрген соң,
Отырып билер алқынды.
Мың-мың жылқы
айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай
сапырған,
Арқаның жазын қашырған,
Жылқының етін
жемес-ті,
Жағаласқан мына жау
Кетірер сонда
сиқыңды.
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің
ұйқыңды?
Қанар кәпір халықты
Көп жасады неліктен?
Қартайғанша
мал дейді,
Өлгеніне жан дейді, –
Бұ дүниенің
қызығын
Көңіл шіркін қоймайды...
Зарзаманның
аяғы –
Заманың кетті баяғы,
Ықылас-ниет қалмады,
Үлкенге
билік салмады,
Жарлының жалғыз сүйеніші
Мал болыпты
таяғы.
Айырылмай дерт болды
Кедейге қылған
қорлығың...
...Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!..
1-тапсырма. Берілген жыр жолдарын жатқа оқыңдар.
Зарзаман,
зарзаман,
Зарлап өткен бір заман...
...Жөн білмеген
жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай
билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне
қазақтың
Тым-ақ тәуір еп болды –
Заманақыр болар
деп,
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді – жаз аз
боп,
Бай таусылды – мал аз боп,
Ағайыны көре
алмай,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжалы
Келе
жатыр жақындап.
Елге егін жайылды,
Байға қоңсы
жоламас.
Алдап-арбап жүрем деп,
Өз тілегін тілемес.
Арам
сулы балаға
Атаның сөзі ұнамас.
Заманақыр
боларда
Алуан-алуан жан шықты,
Қайыры жоқ бай
шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша
деген мал шықты...
2-тапсырма. Шығарманың мазмұнын баяндап беріңдер.
3-тапсырма. Жырда көрсетілген тарих кезеңін ғаламтор, ақпарат көздерінен қарастырып, сол замандағы қазақ жерінің ахуалына сипаттама беріңдер.
4-тапсырма. Жырдан көріктеу құралдарын (метафора, эпитет, теңеу) тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
5-тапсырма. Шығармадан байлар мен билер бейнесі суреттелетін эпизодтарды анықтаңдар. Эпизодтар мен бейнелерді салғастырып, өзіндік тұжырым жасаңдар.
Шығармадан эпизод | Эпизодтағы бейнелер | Тұжырым |
---|---|---|
6-тапсырма. Шортанбайдың «Мына заман қай заман?» деген сұрағының мәнін ашып, жырдан көрінетін автор бейнесін анықтаңдар. Ақынның заман бейнесін суреттеуі туралы ойларыңды тұжырымдап жазыңдар.
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар
заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы – жаннан түңілген,
Жаман – малдан
түңілген,
Мұның өзі – зарзаман.
Зарлығының белгісі:
Бір-бірлерін
күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі – тар заман...
7-тапсырма.
Жоғарыда көрсетілген жыр жолдары мен хрестоматияда берілген Шортанбай толғауындағы оқиғаларға ғалымдардың ғылыми ақпараттар жинап, деректер қорын құрастырыңдар.
Энциклопедиялар | Кітап, ғылыми басылым | Газет, журнал | Баспасөз материалдары | Ғалымдар дереккөздері |
---|---|---|---|---|
8-тапсырма. Шығарманың жанры, идеясы, тақырыбына талдау жасаңдар.
9-тапсырма. «Зарзаман және Шортанбай» тақырыбына тарихи шолу жасап, мәліметтерге сүйене отырып, эссе жазыңдар. Эсседе Шортанбай толғауларының көркемдігі мен жанрлық ерекшелігіне мән беріп, тақырыбын ашу маңызды.
1. Мәтінді тыңдап, эпитеттерді, ассонанс, аллитерацияларды дәптерлеріңе жазыңдар.
1-мәтін. Уақыт мөлшері: 12 минут.
Мәтінді тыңдап, дәптерлеріңе жазыңдар.
2-мәтін. Уақыт мөлшері: 12 минут.
: Мәтінді тыңдап, кестені дәптерлеріңе толтырыңдар.
3-мәтін. Уақыт мөлшері: 12 минут.
Мәтінді тыңдай отырып, кестені дәптерлеріңе толтырыңдар.
Зарзаман |
Оқиғалар / өлең жолдарынан зарзаман көріністеріне дәлелдеме / |
Өз пікірің |
1 2 |
|
|
|
|
|
1 2 |
|
|
|
|
Қосымша тапсырмалар. 1-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайсың.
-
Шортанбай Қанайұлы
-
Қарға бойлы Қазтуған
-
Мұхтар Әуезов
2. «Зарзаман ақындары» шоғырының өкілдері кімдер?
-
Д. Бабатайұлы, Ш. Қанайұлы, М. Мөңкеұлы
-
Қазтуған жырау, Жиембет жырау
-
М. Әуезов, А. Құнанбайұлы
3. Шортанбай шығармаларының басты идеясы.
-
Ел тұрмысы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, қоныс қысымы, т.б
-
Білім-ғылым, өнер
-
Еңбекқорлық, талап
- Тарлығының белгісі
- Зарлығының белгісі
- Жақсы – жаннан түңілген, Жаман – малдан түңілген...
- Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген...
-
Зарзаман, зарзаман, Зарлап өткен бір заман...
-
Азулыға бар заман, Азусызға тар заман.
-
Зарзаманның аяғы – Заманың кетті баяғы.
2. Ақын өзі өмір сүрген кезеңдегі парақорлықты суреттеген жыр жолдарын анықта.
-
Алуан-алуан жан шықты, Қайыры жоқ бай шықты.
-
...Байлар ұрлық қылады, Көзіне малы көрінбей,
-
Билер жейді параны Сақтап қойған сүріндей.
3. «Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ» деп ақын нені суреттеген?
-
жылқы
-
ақша
-
егін
2-сабақ
Сенің меңгеретінің:
– шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсың.
|
Өлеңнің әр жолының (тармағының) немесе әрбір ой ағымының бірдей сөзден қайталанып басталуы. |
|
Өлеңнің әр жолының (тармағының) немесе ой ағымының соңындағы сөздің қайталанып аяқталуы. |
Азулыға бар заман, Азусызға тар заман. |
|
Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ... |
|
-
Қанар кәпір халықты Көп жасады неліктен?
-
Ықылас-ниет қалмады, Үлкенге билік салмады.
-
Жақсы – жаннан түңілген, Жаман – малдан түңілген
ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей,
жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Қыс көбейді – жаз аз боп,
Бай таусылды – мал аз боп.
-
анафора
-
эпифора
Үзіндідегі теңеуді анықта.
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған...
-
сары қазы
-
қымызын
-
судай сапырған
Берілген жыр жолдарындағы аллитерацияны анықта.
-
Жылқының етін жемес-ті, Жағаласқан мына жау...
-
Орыстан қорлық көрген соң, Отырып билер алқынды.
-
Заманың сенің құбылды Текеметтің түріндей...
Өзіңді-өзің бағала
«Рефлексиялық сұрақтар» әдісімен өзіңді-өзің бағала.
1. Мен тапсырманы қалай орындадым?
2. Не жақсы шықты?
3. Қай жерде жақсартуға болар еді?
4. Келесі жолы қандай әдісті қолданамын?