• логикалық операторлар дегеніміз не екенін білесің;
• Scratch (скретч) программалау ойын ортасында логикалық операторларды қолдануды үйренесің.
Логикалық операторлар
Логические операторы
Logical operators
Өрнек дегеніміз не? Логикалық оператор дегеніміз не?
(x > 5) және (x < 10), (x > 5) немесе (x < 10) логикалық өрнектері және (and), немесе логикалық операторлардың көмегімен қосылған екі өрнектен тұрады. Қандай жағдайларда нәтиже дұрыс болады?
Scratch-тегі логикалық операторлар қарапайым шарттарды қолдана отырып, программалардың әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін программалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Олар құндылықтарды салыстыруға және белгілі бір шарттар орындалуына негізделген шешім қабылдауға көмектеседі. Логикалық операторлар дегеніміз не екенін қарастырайық. Scratch программасында логикалық операторларды Операторлар блогынан табуға және оларды өз сценарийлеріңе қосуға болады. Олар програмамаларды қызықты және әртүрлі, әсерлі етеді.
Логикалық операторларды пайдалану арқылы пікірлердің ақиқат/жалған нәтижесін алу үшін екі немесе одан да көп өрнектерді біріктіруге болады.
Scratch программасындағы Операторлар блогы сенсорлармен, шарт блоктарымен және айнымалылармен бірге қолданылады. 5-кестеде логикалық операторлар көрсетілген.
5-кесте. Логикалық операторлар

Кейбір командалар келесі түрде біріктіріледі (1-сурет).

1-сурет. Командалар бірігуі
Scratch-те НЕМЕСЕ (or), ЖӘНЕ (and), ЕМЕС (not) логикалық операторларын пайдаланып айнымалылар құрайық.
1.
Scratch программалау ортасын іске қосамыз.
2. Cat
(Кот) спрайтын жоямыз (2-сурет)
және Бала спрайтын қосамыз (3-сурет).


3. Фондарды жүктеп аламыз (Ақмола/Астана және Бәйтерек) (4, 5-сурет).
Scratch программасын ашамыз, Спрайт 1 кейіпкерді жоямыз, Көрініс аймағынан Фондар тіркемесіне өтеміз сақталған Фонды жүктейміз.
4. Айнымалыларды құрамыз: 1-күн, 2-күн (6-сурет).

5. Осы айнымалылардың бастапқы мәндерін нөлге келтіреміз (7-сурет).

6. Келбет блогынан ... секунд бойы айту және Басқару блогынан ... секунд бойы күту командаларын пайдаланып, астананың Алматыдан ауысуы және атын өзгерту тарихын еске түсірейік (8-сурет).

7. Келбет блогынан көріністің фонын... ауыстыру командасын пайдаланып, сахнаның фонын ауыстырамыз және Сенсорлар блогының командасымен Астананың атын өзгерту күнін енгіземіз. Ақмола қаласының атауын Астана деп өзгерту күнін енгізейік (9-сурет).

8. Астананың Ақмолаға ауыстырылған күні мен енгізілген күнді белгіленген мәні мен шартын тексеру үшін логикалық операторды қолданамыз (10-сурет).

9. Бәйтерек монументінің салынған мерзімін тексеру үшін осыған ұқсас әрекеттерді орындаймыз (11-сурет).

10. Енгізілген күндер бойынша біз салыстыру жасап, жауап береміз (12-сурет).

11. Программаның дұрыс жұмыс істейтініне және дұрыс ақпарат беретініне көз жеткізу үшін біз оны тексереміз (күндерді өзгертіп енгіземіз).
Эксперимент жаса.
Салыстыру операторының көмегімен сценарийді өзгерт (13-сурет ).

1-тапсырма
немесе одан да өрнектерді біріктіру арқылы берілген пікірдің ақиқат/жалған екенін логикалық пайдаланып анықтауға болады.
2-тапсырма
- Екі пікір де ақиқат болса, онда нәтиже де ақиқат болады
- Екі пікірдің біреуі ақиқат болса, онда нәтиже де ақиқат болады
- Пікір жалған болса, нәтиже ақиқат болады
3-тапсырма
4-тапсырма

5-тапсырма
-
Логикалық операторлар
-
Ақиқат
-
Жалған
-
Салыстырмалы операторлар
-
Дыбыстық операторлар
Рефлексия
