• салыстыру операторы туралы;
• Scratch (скретч) программалау ойын ортасында салыстыру операторларын қолдануды үйренесің.
Салыстыру
Оператор
Сравнение
Оператор
Compare
Operator
Өрнек дегеніміз не? Салыстырулар дегеніміз не?
Сенде 2000 теңге, ал сыныптасыңда 1000 теңге бар. Кімде көп ақша бар? Егер математика оқулығы 2000 теңге немесе одан арзан болса, онда оны сатып ала аласың, әйтпесе сатып ала алмайсың.

Екі айнымалы немесе өрнектің мәндерін салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықты анықтау үшін салыстыру операторларын пайдалануға болады. Scratch программасындағы Операторлар блогы сенсорлармен, шарт блоктарымен және айнымалылармен бірге қолданылады. 3-кестеде Scratch-тегі үш салыстыру операторы көрсетілген.
3-кесте. Scratch-тегі салыстыру операторлары

Шарттың орындалуына қарай не бірінші, не екінші команда орындалатын алгоритм тармақталған деп аталады (1-сурет). Тармақталған алгоритм Егер, Онда және Әйтпесе сөздері арқылы орындалады.

1-сурет. Тармақталған алгоритм мысалдары
Scratch программасында Тармақталған алгоритмді жүзеге асыру үшін Басқару блогындағы екі команданы қолдануға болады (2-сурет, а, б).


Оқушы кейіпкері екі санды салыстырып, нәтижені көрсететін анимация жасайық. Егер бірінші сан екіншісінен үлкен болса, онда кейіпкер сол қолын көтереді (1-костюм), әйтпесе оң қолын көтереді (2-костюм).
1.
Scratch программалау ортасын іске қосайық.
2. Cat (Кот) спрайтын
жоямыз және Оқушы спрайтын қосамыз. Спрайт үшін 2 костюм қосамыз:
Оқушы 1 және Оқушы 2 (3-сурет).

3. Жасыл жалауша басылғанда командасымен программа құруды бастаймыз (4-сурет).

4. Айнымалылар блогынан 1-сан және 2-сан айнымалыларды (Сан 1 және Сан 2) құрайық (5-сурет).

5. Екі айнымалы үшін де Сенсорлар блогынан сұра да күт командаларын қосамыз және Айнымалылар блогынан жауап ... орнату орнатамыз (6-сурет).

6. Басқару блогынан егер ... , онда, әйтпесе командасын қосып, шарт құрамыз. Программа сандарды салыстырып, шешім қабылдауы керек:
егер 1 > 2 болса, онда костюмін Оқушы 1-ге ауыстырады (сол қолын көтереді), әйтпесе костюмді Оқушы 2 ауыстырады (оң қолын көтереді) (7-сурет).

5. Программаның орындалуын тексереміз.
Эксперимент жаса.
Егер..., онда командасын пайдаланып скрипті өзгерт.
1-тапсырма

2-тапсырма
1. Мәндердің теңдігін тексеру үшін қандай оператор қолданылады?
2. Програмамада «егер x < y» блогы бар. х = у болса не болады?
-
«Егер» блогы орындалмайды.
-
«Егер» блогы орындалады.
-
Программа қатемен аяқталады.
3. «Егер x < 5 және у > 10 болса» блогы қандай жағдайда орындалады?
-
x мәні 5-тен кіші және у мәні 10-нан үлкен болғанда.
-
x мәні 5-тен үлкен және у мәні 10-нан кіші болғанда.
-
x мәні 5-тен кіші немесе тең болғанда және у мәні 10-нан үлкен немесе тең болғанда.
4. Scratch-те «a < c» операторы қандай қызмет атқарады?
-
а саны с санынан үлкен екенін тексереді.
-
a саны c-дан кіші екенін тексереді.
-
a және c сандарының тең екендігін тексереді.
3-тапсырма
Үлгі: Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан артылса досыңа қыл.
– Жақсылықты өзіңе жаса, артылса, онда досыңа жаса.
1. Достың ескісі, тонның жаңасы жақсы.
– ...
2. Ұстаздан шәкірт озар.
– ...
4-тапсырма

Рефлексия





