«Менің туған өлкем» электронды энциклопедиясы
Туған өлке, оның тарихы, жер-су атаулары туралы зерттеулер жасау арқылы біз тарихымызды танимыз.
Белгілі аймақтарға, өлкетануға арналған энциклопедиялар бар. Энциклопедия жазу ізденіс пен білімді қажет етеді. Қазір электронды энциклопедиялар жасауға болады.
Электронды энциклопедия жасау үшін өзіңнің туған өлкең туралы мәліметтерді білуің керек.
Электронды энциклопедия – бұл компьютердің немесе компьютерлік бағдарламаның көмегімен электронды түрде ұсынылатын энциклопедия.
1-тапсырма. «Менің туған өлкем» электронды энциклопедиясын жасау үшін мыналарды орындаңдар.
1.
Өздеріңнің туған қалаларың, ауылдарыңның тарихы, атауы туралы
мәліметтер жинаңдар (зерттеу материалдары, өлеңдер, публицистикалық
мақалалар және т.б.)
2. Жинаған мәліметтеріңді жанрына қарай топтаңдар.
3. Мұғалімнің көмегімен сайтқа мақала жазыңдар.
4. Электронды энциклопедия құрастырыңдар.
А. Энциклопедияға материалдар жинау.
Ә. Энциклопедияны білім бөлімдеріне бөлу.
Б. Материалдарды топтастыру.
В. Оны тарату туралы ақпараттары бар беттерді дайындау.
Г. Энциклопедия сайтының басты бетіне орналастыру үшін ақпаратқа
сілтемелер әзірлеу.
2-тапсырма. Мұғалімнің көмегімен электронды энциклопедияның хостинг шоты, домен, браузерлерін анықтап, сайтқа орналастырыңдар.
3-тапсырма. Электронды энциклопедияны насихаттаңдар. Қолданушыларға таратудың жоспарын құрыңдар.
Өзіңді-өзің бағала
