Параграф 1.1 (Цифрлық сауттылық. 4-сынып)

Кіріспе

Алғы сөз

Біз сені «Цифрлық сауаттылық» пәні   әлеміне саяхатқа шақырамыз. Сенің «Цифрлық сауаттылық» әлеміне саяхаттан меңгеретін білім, білік және дағдыларың:
• Scratch ортасында программалау және айнымалыны қолдануды;
• кіріктірілген циклді жүзеге асыруды;
• логикалық және салыстыру операторын қолдануды;
• мәтінде қарапайым кесте құруды;
​• өз сценарийің бойынша ойын құруды;
• LEGO Mindstorms EV3 программасымен датчикті қолданып, робот құруды;
• презентациядағы объектілерді анимациялауды;
​• видеоны жазуға және көруге арналған ішкі және сыртқы құрылғыларды, видеоредактор көмегімен видео құруды және монтаждауды, видеоны көшіруді, орын ауыстыруды және видеоүзіндіні қиып алуды;
​• ақпаратты іздеуді, браузерді баптауды;
​• ақпаратпен алмасуды: электрондық поштамен хабарламаны қабылдау және жіберуді; 
​• интернет желісіндегі қауіпсіздікті: құпиясөз, сенімді құпиясөз құруды; 
• компьютерлік және мобильдік техниканың ескіруі ғылыми- техникалық прогреспен байланысты екенін;
​•  компьютердің сыртқы және ішкі құрылғыларын ажырата алатын боласың.

Сені ғажайып әлемде берілетін қызықты дамытушы тапсырмалар (жеке, жұптық, топтық, шығармашылық) күтуде.

Берілген ақпараттар «Цифрлық сауаттылық» әлемі туралы дүниетанымыңды кеңейтіп, танымдық қабілетіңді шыңдайды деп сенеміз.

Іске сәт!

Шартты белгілер:

Маңызды!

Ойлан!

Бірге орындаймыз

Бұл қызық!

Білу және түсіну

Талдау. Қолдану

Жинақтау. Бағалау